Өлі туған жоба: Латын әліпбиі қазаққа керек пе?

Әділ АҚЫЛБАЙ

12.11.2020, 17:26

2920

Бұлар халықтың өзінен неге сұрамайды? «Қазақ тілінің әліпбиін Латын әріптеріне өзгерту қажет пе», деген әділ референдум өтсе, халық өзі-ақ бұл мәселеге нүкте қояр еді.

Шешілуі тиіс мәселе тым көп қазақ қоғамында. Өзгеріс пен жөнге салуды шынымен-ақ неден бастарымызды білмейтіндей күйдеміз.

Билік айтқан соң, елдегі жандайшаптар жаппай, әлі бекітілмеген латын әліпбиінің ойына келген нұсқаларымен атаудың бәрін өзгертіп қойды. Сөйтіп, жоқ жерден дау туды. Кезінде президент полицияны реформалау керек дегенде, біздің полиция бас салып, киімі мен атауын өзгертіп жібергені есімізде. Бірақ болмысы, бастықтары мен тірліктері сол баяғы күйі қалмады ма? Жалған реформа, өтірік өзгерістен көз ашар күніміз болар ма екен?!

Латын әліпбиі де қазақ халқына шын жанашырлықтан туындаған, соншалықты маңызды, күйіп тұрған мәселе ме еді? «Жығылсаң, нардан жығыл, демекші», ақыры, орыстың ықпалынан арылтамыз деген емеурін рас болса, латын әліпбиі деген шала тірлікті қойып, түбі бүкіл әлем сөйлейтін ағылшын тілін қазір-ақ қабылдай салсақ, қазақ ұлты үшін шын ұтымды болар ма еді?! Қазақтың не болса соған еліктеуіш жаман әдетін осындайда өте пайдалы қасиет етіп жіберсек кәне? Бірден 100 жылға алға секіріп, орыс әлемі өзінен-ақ қазақтың артында шаң қауып қалады. Ал Ресейді тыңдамай, осынау батыл шешімге барған президент шынайы реформатор ретінде тарихта қалар еді.

Қазақтың әріптерін қазір өзгертіп жіберсең – қазақтың көпшілігі сауатсыз болып қалады. Кешегі ғұлама, батыр бабаларымыздың сөзі жойылады. Қаншама кітап, еңбек-мақала, өлең-туынды өледі ғой?! Оның бәрін латынша қайта басып шығудан тендер алған бәз-біреулер пайда көрмесе, мемлекет үшін, халық үшін бұл артық шығын.

Әлде, жыл өткен сайын қазақтың санымен, санасымен бірге күшейіп, өткірленіп, кемелденіп келе жатқан қазақтың сөзін әлсірету керек болды ма бәз-біреуге? Тіліміздің әлі өлмей, ақырын болса да дамып-өркендеп жатқаны рас, Құдайға шүкір! Мысалы, осы мақаланың өзі қазір латын әріптерімен жазылған болса, екінің бірі оқымай, өте шығатыны белгілі.

Әйтсе де, елімізде латын әліпбиін жата кеп қолдайтын қаптаған қалың күш бар. Қазақтың өз ішінде, сырттан оралған қалың қандастарымыздың арасында. Иә, латын әліпбиімен Қазақстан гүлдей жайнап сала береді дегенге сенгіміз келеді. Бірақ… күмәнді тұстар тым көп.

Ең қауіптісі, бейтаныс әріппен жазылған жаңа қазақ сөзін түсінуге басын қатырғысы келмеген қаракөздер ертең үйренген ескі әріптерін іздеп, орысша сөйлеп кетсе қайтеміз?! Бұл өзі сондай саясат боп шықпасына кім кепіл?

Тегтер: әліпби латын графикасы жоба бастама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44