Өлім мен өмір арпалысынан өтіп жүр

Мариям МАҚСАТ

26.11.2021, 16:00

1147

Ақсу қаласының іргесінде Черемушка деген шағын ауыл бар. Мұндағы тұрғындар күн сайын қаладағы мектеп пен жұмысқа, аурухана мен дүкенге бару үшін пойыздардың астынан өтуге мәжбүр. Жиырма жыл бойы өтпелі жолды сұрап келе жатса да, көпшіліктің сөзін еститін билік жоқ.

2001 жылы Ақсу қаласы мен оның шағынауданы болып есептелетін Черемушка елді мекенінің арасына теміржол салынды. Алайда екі ортаны жалғайтын жаяу жүргіншілер жолы мүлде қарастырылған жоқ. Сондықтан сол уақыттан бері жасқа да, жасамысқа да пойыздың астынан өтіп, Ақсудың өзіне жетуден басқа амал болмай тұр.

Черемушка тұрғыны Зоя Дмитриеваның сөзінше, кейде бір емес, бірнеше пойызды «еңсеріп» өтуге тура келеді. «Ақсумен арада екі бірдей теміржол бар. Мұнда кейде екі не үш пойыз тұрады. Ақсудағы аурухана жету үшін солардың астынан өтеміз. Мектепке баратын балалар да пойыз жағалап жүреді. Әкімдікке, басқа да мекемелерге талай рет бардық, бірақ нәтиже жоқ. Олар тұрғындардың пойыз астында қалып, жазатайым оқиға болғанын күтіп жүрген шығар. Себебі күн сайын үстімізден пойыз езіп өте ме деп қорқамыз. Бірақ одан басқа жол жоқ. Сөйтіп, күн сайын өлім мен өмірдің арасында күй кешеміз», – дейді тұрғын.

Черемушка тұрғындары күн сайын бастарын қатерге тігумен қатар, айыппұл да арқалап жүр. Өйткені біздің елдің заңы бойынша азаматтар тек платформалар, перрондар мен вокзалдарда ғана тұруға тиіс. Олай болмаған жағдайда алдымен ескерту жасалып, тағы қайталанса 5 АЕК айыппұл салынады. Бірақ тұрғындардың жаяу өтуіне жол, автомобиль жолымен жетуіне қоғамдық көлік қарастырылмаған. Бұл Қазақстандағы заңдардың іс жүзінде жұмыс істемейтінін тағы бір мәрте көрсетеді. Ел үкіметі тұрғындарға жол салып берсе, олар күн сайын пойыз астынан бас еңкейтіп өте ме?! Парадокс.

Ал Ақсу билігі автобус шығарудың қаншалықты тиімді болатынын ойлап, тиын санап отыр. Мына жақта адамдар өліммен арпалысып, жанын шүберекке түйіп жүргенде, «халық қалаулылары» қалтаның жайын бәрінен биік қояды.

«Черемушкада тұратын адам көп емес. Олар жаяу жүрмеуі үшін автобус ұйымдастыруға болады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болады? Соны қарау керек», – дейді қалалық мәслихаттың хатшысы Мәдениет Омарғалиев.

Шенеуніктер автобус мәселесін талқылап жатқан тұста күн сайын ондаған адам пойыз астынан өтеді. Бұл қашанға дейін жалғасады? Жергілікті тұрғындарға тағы жиырма жыл күту керек пе? «Елу жылда – ел жаңа» деуші еді. Ал бізде, керісінше, жыл өткен сайын кері кетіп бара жатқан сияқты. Күндердің күнінде теміржол машинасы адам өмірін жалмап кетпесе болғаны...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20