Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды

Сайт әкімшілігі

14.01.2021, 13:10

923

Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы Алматыда коронавирус жұқтырды. 

Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған.

«Бүгін, 14 қаңтарда арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Онда кіруге болмайды. Маргарита Владимировна Оласқа қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысып жатыр, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ, ем қалыпты жүріп жатыр», — деп жазды Ғабдуллин.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының қкілдері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус жұқтыруына байланысты ауруханаға жатқызылғанын растады.

«Олжас Сүлейменов пен жұбайы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус анықталды. Алайда ерлі-зайыпты қазір жазылды. Ертең, 15 қаңтарда олар аураханадан шығарылады», — деді басқарма өкілдері.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18.01.2021, 17:16
Қорқытып, айыппұл салмай, құқық бұзушылықтың алдын алу керек
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:57
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:11
Дәрігер коронавирустың жаңа асқыну белгілерін айтты
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:07
24 875 адам короновирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?

Аңдатпа


  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01