«Олжас Сүлейменов полигонды жапқан өзі болып шыға келді»

29.08.2019, 12:16

22

Семей ядролық полигон сынағы жайында «Семей қасіреті» атты көлемді де деректі кітаптың авторы, белгілі жазушы Медеу СӘРСЕКЕ ШҚО әкімі Даниал АХМЕТОВТЫҢ қалалық әкімдікте өткізген жиыны аяқтала бере ашуын ірке алмай, мінберге жетіп барды. Есікке жақындап шығуға ыңғайланған ірлі-ұсақты шенеуніктер де демін ішіне тартып тұрып қалды. Жазушы Семей медициналық университетінің 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай өткізген жиынына қатысып күйініп келген беті екен. 

«Мен бүгін таңертең (оқиға кеше 28 тамызда болған-авт) Семей медициналық университетінің ядролық сынақтың тоқтатылғанына арналған жиынына қатыстым. Университет ректоры ЖҮНІСОВТІҢ баяндамасын экрнаннан оқып отырып, қатты ашуландым. Ректор баяндамасында осы Семей полигонының жабылуын талап етіп, ең бірінші болып Мәскеуге хат жазған Кешірім БОЗТАЕВТЫҢ атын мүлдем атаған жоқ. Есесіне ол баяндамасында ядролық сынақты тоқтату үшін күрескен адам ретінде Олжас СҮЛЕЙМЕНОВТІ көрсетіпті. Шын мәнінде Кешірім Бозтаев 20 ақпанда өзі бірінші болып, 11 адамның қолын қойдырып, Горбачевке жеделхат жіберген болатын. Өкінішке қарай, Бозтаев дүниеден өткен соң, Олжас Сүлейменов («Невада-Семей антиядролық қозғалысының президенті –авт) Семей полигонын жапқан өзі болып шыға келді. Даниал Кенжетайұлы, мен сізден осы баяндамада айтылған жайларды толықтай тексеруді сұраймын»,-деп күйінген жазушы М. Сәрсеке барлық шындық өзінің «Семей қасіретінде» баяндалғанын да атап өтті.Медеу Сәрсекенің өзі куә болған жайды облыс әкімі Даниал Ахметовке қарап, ректордың баяндамасын бақылауға алуды тапсыруы бекер емес. Д. Ахметов осыдан бірер жыл бұрын ғана өзі бастамашы болып жазушының «Семей қасіреті» кітабын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) шығартып берген болатын. Қарт жазушының жанайқайын түсінуге тырысқан Даниал Ахметов осы мәселені назарға алуды «Нұр отанның» ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановқа жүктеп құтылды. Айтпақшы, Әнуарбек Мұхтарханов дәл осы жылдың басында Семей медицина университетіндегі «тышқанды» (компьютер мышкасы) алып кеткен екі студент оқудан шығып қала жаздағанда да Өскеменнен ат сабылтып жетіп ректор Жүнісовтен араша сұрап, студенттерді алып қалған болатын. Енді ректор баяндамасын тексеруді қолға алса, соңы не боларын кім білсін?..




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16