"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты

Сайт әкімшілігі

29.11.2021, 10:02

304

Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Күтзее коронавирустың «омкикрон» деген жаңа штамын жұқтырған науқастар туралы алғаш болып хабарлаған. Ол The Telegraph басылымына ауру симптомдары туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОАР медициналық қауымдастығының жетекшісі жаңа штамм белгілері бастапқы кезеңде коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше және жеңіл болып көрінетінін атап өтті.

Дәрігердің айтуынша, патоген қайтадан мутацияға ұшырады деген күдік COVID-19-дың ерекше белгілері бар науқастардың ауруханаға жиі түсуіне байланысты пайда болған. Сонымен, науқастардың арасында қатты шаршау сезіміне шағымданған жастар, сондай-ақ жүрек соғу жылдамдығы мен жоғары температурасы бар алты жасар балада жаңа симптомдар байқалған. Алайда пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс жоғалмапты.

«Оның белгілері (жаңа штамм симптомдары туралы айтып отыр — авт.) бұрынғы белгілерден мүлдем өзгеше және жеңіл көрінді», — дейді Кутзее.

Оның айтуынша, он шақты адамнан коронавирустың жаңа штамы тест арқылы анықталған. Бұл негізінен қатты шаршауға шағымданған сау ер адамдар. Олардың жартысына жуығы вакцина салдырмаған.

Дәрігер вакцина салдырмаған азаматтарда, сондай-ақ қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарда ауруды өткеру ауыр болатынын айтып ескертті.

Бұған дейін Ұлыбританияның бас санитария дәрігері Крис Уитти мен Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл коронавирустың жаңа штамының аса қауіпті екеніне күмән келтірген болатын.

Ал Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы доктор Шарон Эльрои-Прайс, соңғы мәліметтер бойынша, «омикрон» штамын жұқтырған адамдар, егер олар вакцина салдырған болса, ауруды жеңіл өткереді деп мәлімдеді.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"
Ермек Мұқанғалиев 25.01.2022, 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48