Омикрон штамы: үрей мен үміт

Бифат ЕЛТАЕВА

22.12.2021, 09:34

1202

 Covid-19-дың елді дүрліктіргені аздай, енді «омикрон» деп аталатын жаңа штамм пайда болды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлаған болатын. Алайда ай сайын пайда болатын жаңа штамдар елді ендігі алаңдатпайтындай. Себебі елдегі жүйе халықты әбден шаршатып бітті.   

    Жалпы, омикрон штамы дегеніміз қандай вирус? Толығырақ тоқтала кетсек, мутацияға ұшыраған жаңа вирус түрі 24 қарашада Оңтүстік Африка мен Ботсванада анықталған. Омикрон штамының құрамында 32 мутация бар болғандықтан, дельта штамынан да қауіпті екені айтылған. Сондай-ақ мамандардың дерегінше, омикрон штамы өзге вирустарға қарағанда ғаламдық қаупі өте жоғары әрі жылдам тарайтын көрінеді.  Әзірге бұл штамм Қазақстанға келмеді. Бірақ көршілес жатқан Ресейде омикрон штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталған. Осыған байланысты жергілікті денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, оның елге келуі әбден мүмкін.

  Үкімет омикрон штамын елге кіргізбеу үшін 3 желтоқсаннан бастап Египетпен әуе қатынасын тоқтатып,Африканың оңтүстігіндегі елдердің Намибия, Мозамбик, Лесото, Ботсвана, Зимбабве, Мадагаскар, Эсватини, Малави және Танзания азаматтарының Қазақстанға келуін шектейтінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ  омикрон штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет азаматтары Қазақстанға келер болса, вакцина салдырған-салдырмағанына қарамастан, ПТР тестін тапсырады және тест нәтижесі қандай болса да, жеті күн карантинде болады.

   Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, карантиндік шектеуге дейін  қарашада осы бағытта 13 мың жолаушы қатынаған. Бұл ақпараттан соң, халықтың жаңа штамм түрі елімізге келмеді ме деген күдігі басым. Алайда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа омикрон штамы туралы жаңартылған деректерді жариялады. Оның айтуынша, бұл вирустың жұқтыру деңгейі мен қаншалықты ауыр-жеңіл өтетіні әлі белгісіз. «Әзірге омикрон белгілері COVID-19-дың басқа нұсқаларынан қалай ерекшеленетіні туралы ешқандай дәлел жоқ. Алдын ала мәлімет Оңтүстік Африкада ауруханаға жатқызу жиілігі көбейгенін көрсетеді. Бұл ауруханаға жатқызу қауіптің алдын алуға байланысты болуы мүмкін. Бірақ тұтастай алғанда, вирустың барлық штамының тактикасы бірдей. Ең бастысы, ПТР-сынамасы вирус омикрон немесе басқа штамм екенін ажырата алады. Емдеу, негізінен, бірдей. Сондықтан бұл жерде жүйе дайын», – дейді министр. Сондай-ақ министр «егер вирус жылдам тарап, науқастар саны көбейіп, ауру  қиын жағдайда өтсе, әрине, қосымша шектеулер енгізіледі» дейді. 

  Цой қанша мәлімдеме жасаса да, оның бірде-бір денсаулық саласын күшейтеміз, ауру келмесе де, қажетті аппараттар мен дәрі-дәрмектерді толықтырудамыз деген сөз еш айтылмады. Бұл кейін Covid-19 секілді халық қырылып тынғанша, күту керек деген сөз бе? Елімізде қанша вакциналау науқаны жүріп жатса да, Covid-19-ды әлі күнге ауыздықтай алмай келеміз. Мұны  немен  түсіндіруге  болады?

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 18:15
Әйелдердің қателіктеріне еркектердің де қатысы бар
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 14:00
Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 11:10
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.01.2022, 08:48
«Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
Күлтегін БЕК 18.01.2022, 08:41
Қаралы қаңтар: күдік пен үміт

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38