Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом айтылды

Сайт әкімшілігі

24.01.2022, 09:50

1001

Бангладеште омикрон штамын жұқтырғандардың төрттен үші (73 пайызы) мұрын бітелетініне шағымданды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бас басқармасының ресми өкілі профессор Назмул Ислам мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, науқастардың 68 пайызында бас ауруы байқалды. Сондай-ақ, 64 пайызы шаршау сезімі барын айтқан. Осы штаммен ауырғандардың кем дегенде 60 пайызы түшкіру немесе тамақ ауруына, ал 44 пайызы жөтелге шағымданды.

«Бұл белгілерге назар аударуымыз керек, өйткені олар маусымдық тұмаудың белгілеріне ұқсайды», — деді маман.

Омикрон штамы немесе B. 1.1.529 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталды. Мамандардың айтуынша, ол ауырғандарға да, вакцина алғандарға да жұғуы мүмкін. Жаңа нұсқа 110 елде, соның ішінде Қазақстанда да анықталды. Ол алдыңғы дельта штамына қарағанда тезірек таралады.

Пандемия кезінде әлемдегі халық саны көп Бангладеште 1,7 миллионға жуық коронавирус инфекциясы анықталды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56