30.12.2021, 17:17
3112
Қызылорда облысындағы ҚАЖД аралас күзет мекемесінде қайтыс болған сотталушының туыстары қызметкерлер тарапынан жасалған озбырлық пен азаптауларға және Қызылорда қаласы Полиция басқармасы құқық қорғау органдары басшылығының әрекетсіздігіне шағымданды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға биыл 2 желтоқсанда болған. Ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми сайтында бұл өзіне қол жұмсау дерегі деп жазылған. Бірақ марқұмның туыстары бұған келіспейді.
«2021 жылдың 2 желтоқсанында туысқанымыз жазасын өтеп жатқан колониядан қоңырау шалды. Қызметкерлер оны ұрып-соққанын, барлық сотталушы естіп тұрғанын, тез арада келуіміз керек екенін айтты! Біз дереу жеттік. Бірақ алдымыздан мәйіт шығаратын көлікке салып туысымызды шығарды. БАҚ бұл оқиғаны өзіне қол жұмсады деп жазды.
Бірақ бұл суицид емес еді! Туысқанымыз өмір сүргісі келетінін жиі айтатын. Өлерінен бірнеше сағат бұрын туыстарына қоңырау шалып алаңдамауларын айтып, ол Алматыдағы ауруханаға жіберу үшін құжаттар, анықтамалар дайындап жатқанын және жақын арада бәрі жақсы болатынын айтты», — деп жазады марқұмның туыстары.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР