Өмірі сын айтылмайтын Нұр-Сұлтанды Тоқаев сынай бастады

09.10.2019, 08:16

28

Кеше Нұр-сұлтанқаласында астананың дамуы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жиналысөткен болатын. Жиында елорданың экономикалық, саяси, әлеуметтік келбеті сөзболып, архитектурасы да сынға алынды. Байқасаңыз, Тоқаев сынай бастады. Бұл жақсылықтыңбелгісі. Себебі президент өзін еркін сезіне бастады.

«Қалада бірыңғайқала құрылысы саясаты жоқ. Бұл кейбір аудандарда бейберекетқұрылыстардың жүргізілуіне әкеп соғады. Көшелер мен ғимараттардың бірыңғайгармониялық стилі жоқ. Сіздер елорданы көруге арнайы келген туристердің пікіріноқыған боларсыздар. Жалпы пікірлер жақсы, бірақ олар қалада эклектика барынайтады. Бір ғимарат бір стильде, екіншісі мүлде басқа. Ең бастысы – жайлылықжоқ. Плиталар ұшып, асфальт жарылып жатыр, ағаштар аз, соның салдарынан қаланыкүтіп бақпайтыны көрінеді. Иесі жоқ. Алыстан зәулім ғимарат әдемі көрінеді,жақындап келсең шаршағанын байқауға болады. Қожайын керек. Қожайын ретінденегізі аудан әкімдері болуы керек. Олар кеңсесінде отыра бермей жаяу жүріп,тұрғындарын білуі керек, ғимараттардың, адамдардың өмірін білуі керек» дедіпрезидент.

Сонымен қатарТоқаев Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен ғимараттарының бірыңғай дизайн-кодынрәсімдеуді қала әкімдігіне қатаң тапсырды. Демек, осыған дейін жүргізіліп кележатқан қала құрылысы саясаты дұрыс болған жоқ. Оны, әрине, президент ретіндеТоқаевтың сынауға да, түзеуге де әбден хақы бар. Енді осыған аздаған ерік-жігерқосылса, бәрі президент айтқандай болады.

Осыған қоса Қасым-ЖомартТоқаевқа жиналыста шенеуніктердің отырған отырысын сынады. «Байқаймын,жиналыс кезінде отырыс біртүрлі. Біз мұнда отырмыз, шақырылған орындаушылар,мәслихат депутаттары бір-біріне қарап отыр. Бұл қайдан шыққан креатив?Жиналыстың өзінің классикалық отырғызу үлгісі бар емес пе? Мүлде үйлесімсізкреатив» деді. Бұл Тоқаевқа дейін қалыптасып қалғандәстүр еді. Расында жиналыс өткізгенде де басшы адамға бәрі ыңғайлы болуыкерек. Өзіне ыңғайлы атмосфера жасауды қолға алған Тоқаевтың қолынан бұл игі іскеле ме? Оны алда көреміз…

Фото: tengrinews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36