Он үшінші министрдің оқулықтары – 2

25.08.2019, 16:29

6

Түркия мен Қытай баспаханаларын асырап жатырмыз

Өткенде оқулықтағы қателерді терген министр Асхат Аймағамбетов авторлар менсарапшыларды арнайы курстан өткізіп, қолдарына сертификат ұстататынын айтқанеді. «Жүйенің өзі дұрыс емес. Өйткені сарапшы маман болуы тиіс. Оқулықпенайналысатын мұғалімдерді оқытып, сертификат беріп, сарапшылар тобын жасақтауымызқажет. Оқулықтанудың не екенін білетін дайындықтан өткен сарапшылар болса, оқулықпен сараптама сапасы да жоғары болады. Қазір сараптама бар, бірақ тиімділігі төмен».Оқулық дайындау жүйесінің дұрыс жолға қойылмағандығын министрдің өзімойындапты. Министр білер-білмес, расында да, оқулық дайындау жүйесінде оқулықсапасынан өзге де мәселелер жеткілікті.

Оқулық қайдан және қаншаға шығады?

Жүйе демекші, оқулық шығарудың айналасында қазір 30-ға тарта баспа бар. Әрбаспа авторларды өзі жасақтап, қаламақыны өзі төлейді. Мәселен, авторға әрбаспа табағына 30-40 мың теңге көлемінде қаламақы беріледі. Біздің есебімізше,  егер бір оқулық 15 баспа табақ болған жағдайда30 мың теңгемен есептесек, авторға 420 мың теңге қаламақы беріледі екен. Оқулықтардыкөбіне авторлар тобы жазады. Демек, әр автордың оқулықтағы еңбегіне қарай қаламақысыда әртүрлі болады деген сөз. Бұл автордың еңбегінің өтеуіне тати ма, жоқ па?

Өмір Шыныбекұлы, ұстаз, «Өлкетану»оқулығы авторларының бірі:


– Біз жазған оқулық бойыншакелісімшартта тираждың 5 пайызын авторларға беру қарастырылған. Сөздің ашығы, еңбегіңніңөтеуіне татымайды, көңілім толмайды. Білім саласы, соның ішінде оқулық –стратегиялық жағынан аса маңызды сала. Бұл сала мемлекеттің қатаң бақылауындаболуы керек. Қазір тендер деген шықты да, оқулық саласына да енді. Мәселен,сарапшылар комиссиясының құрамына кірген адал азамат өткір сын-ескертпелерайтса, оны келесі жолы шақырмайды. Бұл да мәселенің бір ұшы. Мұнда идеология ұмытылған,бастысы – ақша табу. Мүдделі топтар тұра ма, кім білсін?!

Оқулықтардағы қателіктердің жойылмай, керісінше, жыл сайын қайталанып кележатқаны бұл саланы мемлекет бақылауында ұстай алмай отырғанын көрсетеді. Қатаңбақылау – қатесіз оқулық болар еді. Ал үкімет болса стратегиялық маңыздылығына қарамастан,оқулық дайындауды баспаларға сеніп тапсырды. Қазір баспалардың бәрі жекеменшік.Яғни бәсекелесті орта. Нарық заңына салсаң, бәрі дұрыс. Мұндай тәжірибе өзгеелдерде де бар.

Бүбіхан Шәкиева, «Алматыкітап»баспасының өкілі:


Оқулықсаласында қазір 30-40 баспа жұмыс істейді. Сөйтіп, баспалар арасындағы бәсеке күшейді.Министрдің авторлар мен сарапшыларды оқыту, даярлықтан өткізу бастамасы дұрыс.Бәлкім, сонда оқулықта қателік болмайтын шығар. Баспалардың авторларды тұрақтыжұмыста ұстауға шамасы жетпейді. Оның үстіне оқулық жазатын авторлардың бәрі ғылымидәрежесі бар, оқу орындарында сабақ беретін кісілер. Олар өздерінің қызметінтастап, баспаға келіп, тұрақты жұмыс істеуі екіталай нәрсе. Мәселен, біздіңбаспада әдіскер маман тұрақты жұмыс істейді. Жалпы, оқулық жазуда министрліктіңбекіткен ережесі бар. Соған сәйкес, оқулық жазатын адам міндетті түрде ғалымболуы керек, ол оқулықтың ғылыми негізін салады. Екінші – оқулықтың әдістемелікжағын жақсы меңгерген әдіскер болады. Үшінші адам – мықты практик мұғалім болуышарт. Осындай үштағаннан авторлық ұжым құрылады. Баспа оқулық дайындауды бизнесдеп емес, мемлекеттік тапсырыс, идеология деп қарастырады.

Әр баспаның оқулық дайындауға қалайқарайтыны жекеменшік иесінің көзқарас, ұстанымына да байланысты болар. Дегенменбәсекелесті орта, әлемдік тәжірибе деп, оқулықты баспаларға үлестіріп берудің көлеңкеліжағы да бар. Қалай айтсаңыз да, жекеменшіктің аты – жекеменшік, бизнес.

Ахметжан Аятжанұлы, мұғалім:


– Оқулықтарды баспаға беру – біздегі ең үлкен қателік.Баспа оқулықтарды тек қана басып шығару процесімен айналысуы керек. Оқулықты әдістемедайындайтын Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бастан-аяқ дайындап,басуға бергені дұрыс. Ал академия авторларды тұрақты жұмысқа алып, тек оқулықжазуға ғана бағыттаса, оқулық түзеледі. Әйтпесе оқулықта сапа болмайды.

Оқулық дайындауды бір орталыққа беру министр айтып отырған дұрыс емес жүйенідұрыстауға және процесті жүйелеуге сеп болуы мүмкін. Екінші жағынан, авторлармен әдіскерлер тұрақты жұмысқа алынады. Ең бастысы, оқулықтағы қателікке нақтыжауап беретін мекеме болады. Жауапкершілік бөлініске түспейді. Оқулыққа ұжымдыққатынас болмайды.

Руда Зайкенова, филология ғылымыныңдокторы, автор:


Бұл көңілге қонымдыойланатын жағдай. Бірақ шиін шығарам деп, қиын шығарып алмаймыз ба деп қорқамын.Бірден түбегейлі өзгеріс жасамай, эксперимент ретінде әрекет жасау қажет шығар.

Егер үкімет оқулықтың қатесіз әрі сапалыболғанын шынымен қаласа, онда тәжірибе ретінде оқулық дайындауды бір орталыққаберуді ойластырғаны абзал. Алайда баспалар бұған қалай қарайды?

Анар Елемесова, «Көкжиек-Горизонт»баспа үйінің директоры:

Оқулықдайындау ісіндегі қандай өзгеріске де байыппен, асқан жауапкершілікпен қараймыз.Оқулықтың сапалы болуы – болашақтың жарқын болуының бірден-бір кепілі. Түрлі баспадан шыққан оқулықтардағы ұстаным, материалдыңберілуі әрқилы болып шығуына байланысты мектеп түлектерінің ҰБТ барысында қиналатыныжайында жиі сөз болып келеді. Бұл әсіресе «Тарих» оқулықтарына қатысты. Себебіонда әр дерек, әр дәйек өте маңызды. Бір ғана деректің ғалымдар арасында даталас тудырып жүрген жайттар бар. Сондықтан оларды біріздендіру, жүйелеу қажеттігісөзсіз.

Оқулықдайындауды жүйелеу қажеттігін баспалардың өзі де теріс көрмейді. Құптайды.

Бүбіхан Шәкиева, «Алматыкітап»баспасының өкілі:

Жекеменшікбаспалардың оқулық шығаруы, авторларды ұйымдастыруы алыс-жақын шетелде бар нәрсе.Оқулық шығару – қыруар жұмыс. Мысалы, біздің баспада 200 адам штатта жұмысістейді. Академияның негізгі міндеті – бағдарлама жасау және оны ғылыминегіздеу, өндіріске енгізу, сараптамадан өткізу. Ал енді академияның жанынанбаспа ашып, оқулықтың бәрін алып кету дегеніңіз оңай шаруа емес.

Әділхан Дүйсебек, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалықорталығы директорының орынбасары:


Оқулықдайындауды баспалардан алып, бір орталыққа беру дұрыс емес. Себебі қалай десекте, бәсекелестік болуы керек. Қанша жерден қате кетіп жатыр десек те, қазіргі оқулықтаранағұрлым жақсы: әдемі, ішкі мазмұны мол, жаңалықтары көп. Егер теріс көзқараспенғана емес, оңды көзбен қарасақ, қазіргі оқулықтарда концептуалды өзгерістербар. Мұның бәрі баспалар арасындағы бәсекеден шығып отыр. Ал егер бәрін жинапалып бір орталыққа берсек, ол өз білгенін істейді де, даму болмайды. Жәнебаспалар қазіргі кезде өздерінің үлкен интеллектуалды қорын жасады, оқулықтар қорыбар. Интеллектуалды – авторлық құқықты баспалар ешкімге бермейді. Сондықтан бәсекелестіорта әр уақытта сапаны дамытады деп ойлаймыз.

Оқулықтардыбір орталыққа берудің қиындығы мен заңнамалық жағына қарамастан, пікір екігежарылады. Бірі – оқулықтағы қателіктерді азайту үшін дайындау процесінбіріздендіріп, жүйелеу қажеттігі бар десе, енді бір пікір қарсы болды.

Осы жерде оқулық дайындаудың баспаларғапайдасы бар ма, әлде зияны көбірек пе дейтін сауал көлденең шығады.

Анар Елемесова, «Көкжиек-Горизонт»баспа үйінің директоры:

Нарық заңдылықтарына сәйкес, баспалар кейдекөп тиражбен жарық көрген оқулықты түзетіп, қайта шығару барысында зардабын датартып жатады. Бәсекелестік күшті болғандықтан, арқаны кеңге салып, саябырсуғада болмайды. Әрдайым жаңалықтан хабардар болып, заман талабына сай оқулықтардыда жетілдіріп отыру қажет. Оқулық сапалы болу үшін авторлардың да біліктілігінарттыруды мақсат етіп, талаптар қою керек. Ғылым мен әдістеме саласындағыинновациялардан тыс қалмай, құлағдар болу керек.

Демек, пайдасымен зияны қатар жүреді. Біздің білгеніміздей, оқулықта кеткен қателіктердің өзібаспалар үшін өте үлкен шығын. Мысалы, қателіктерді теріп көрсетіп, дұрыс нұсқасынберу үшін оқулыққа қосымша шығарылады. Міне, сол қосымшаның өзі баспалардың қаржысынаауыр салмақ. Әлбетте, оқулық шығару пайдасыз емес. Пайдасы шаш етектен десе деболады. Оқулық шығарудың есебін де жасап көрдік. Қазіргі оқулықтар түрлі түсті,мұқабасы да әдемі безендіріледі. Бір кітаптың баспаханадан шығатын құны ортаесеппен – 471 теңге. Ал оқулықтардың орташа таралымы – 150 мың. Көбейтіп кепжіберсек, 70 миллион 650 мың теңге шығады. Бұл – бір ғана оқулықтың баспахана құны.Енді осы жүйемен республиканың әр мектебіне мыңдаған данамен тарайтын сандағаноқулықты есептей беріңіз. Осыншама қыруарқаржыдан тиісті саланың шенді-шекпенділері сыйақы алмауы мүмкін бе? Бәлкім, оқулықтарданүнемі қате кетіп, қайта-қайта басылуының бар сыры да осында шығар.

Ал оқулықтардыңқайдан шығатыны, қайда басылатыны туралы айтқан кезде Қазақстанның қаншалықтыдамығаны алдымыздан шығады. Баспалар оқулықтарды шетелде бастырады. Сенесіз бе,осыған?! Дамыған 30 елдің қатарына ұмтылған елде оқулық басып шығаратынбаспахана жоқ. Баспалар оқулықтарды, негізінен, Түркия мен Қытайда бастырады. Қазақстанда«Атамұра» баспасының ғана өз баспаханасы бар. Өзге баспаханалардың оқулық басуғашамасы жетпейді. Бірлі-жарым баспахана оқулық басуға қауқары жеткенімен, ол өтеқымбатқа түседі. Себебі кітап басуға керекті қағаз бен бояу түгелдей шетелден әкелінеді.Сөйтеді де, кітап құны шарықтап кетеді. Әрі ол баспаханалардың техникалық мүмкіндіктеріде шамалы. Сөйтіп, баспалар ақша үнемдеу үшін әрі сапалы оқулық шығару мақсатындакітаптарды Түркия мен Қытайда бастырып әкеледі. Солайша баспалар әр данадан ақшаүнемдейді. Мұны қалай айналдырсақ та, бизнес екені белгілі.

Шетелбаспаханаларына кетіп жатқан миллиондаған қаржыны тоқтатудың бір ғана амалы –арнайы жер бөліп, соңғы технологиямен жабдықталған үлкен баспахана салу. Бірақбіздің биліктің ашқан зауыттары мен өнеркәсіптері жабылып тынатынын ескерсек, оқулықбасатын баспахана салу туралы ойдан дереу айнып қаласыз. Ең бастысы, оқулықсаласында үлкен қаржы айналып жатқандықтан, онда түрлі мүдделі топтардың барынжоққа шығаруға болмайды. Мәселен, баспалардың оқулықтарын министрлік өткізгенсоң, әр қала, ауданның білім басқармалары оқушы санына қарай баспаларға «бізгепәлен мың дана керек» деп тапсырыс жасайды, ақшасын аударады. Республика аумағыменесептегенде қаншама мың дана кітапқа тапсырыс беріліп, миллиардтаған ақша жұмсалатыныайтпай-ақ түсінікті.

Бізбен әңгімесіндеұстаз Аятжан Ахметжан: «Оқулық – мемлекеттік маңызы бар іс. Сондықтан олбіреудің тендері, бизнесі болмауы тиіс. Оқулықтың айналасында мүдделі топтар көп»,– деді. Ендігі мәселе –  Асхат Аймағамбетовоқулық айналасындағы ірі мүдделі топтармен күресе ме, әлде авторлар менсарапшыларды оқыту, әліппені қайтару сынды жеңіл-желпі дүниелермен айналыса ма?Оған қоса, төрт жыл бұрын қабылданса да, шикіліктің салдарынан үнемі өзгерісенгізілетін бағдарлама тағы бар. Он үшінші министрдің сыналатын тұстары да –осы.

Коллаж: Жас Алаш

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04