Он үшінші министрдің оқулықтары

24.08.2019, 09:21

37

Дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Билік әдеттегідей уәдені үйіп-төкті:мұғалімдердің жалақысы көтеріледі; 2021 жылы А.Байтұрсынұлы үлгісіндегі«Әліппе» қайта шығады. Іліп алар жаңалығы осы болған конференцияға жиналған 2,5мыңдай мұғалім президент Тоқаев пен 13-ші министрлері Асхат Аймағамбетовтіңайтқандарына бас шұлғысып тарқасты. Бірақ орта білім саласындағы баяғы проблемасол қалпы 13-ші министрдің құзырына көшті. Ол – оқулық мәселесі.

Оқулық десе, әр ата-ана «тағы қандай қатесімен таңғалдырар екен» деп, кітапбетін қорқақтай ашатын халге жеткелі қашан. Қателіксіз оқулық шығару Қазақстанүшін алынбас қамалға айналды.

Қателік қайдан шығады?

Қоғам оқулықтың қателіктерін теруден, айтудан шаршай бастағанда су жаңаминистр Асхат Аймағамбетовтің өзі оқулықтардан қателік тапты: «Әдейілеп оқулықтарды қарап шығып,қателіктер таптым. Біреулер мұны жаңылыс басылған немесе техникалық қате дептүсіндіреді. Қалай болғанда да, қатенің аты – қате. Қарапайым қателер. Мәселен,жауабы шешіміне сәйкес келмейтін тапсырмалар бар. Аудармада қателіктер өріпжүр. Мұндайға мүлдем жол беруге болмайды. Бұл жыл сайын қайталанып келеді.Қашанға дейін бұлай жалғаспақ?»Қашанға дейін жалғасатынын бір білсе,министрдің өзі біледі.

Оқулық дайындау бірнеше сатыдан тұрады. Оқулықтың әдістемелік жағын ЫбырайАлтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаса, баспалар оқулық жазатынавторларды ұйымдастырып, министрлікке ұсынады. Министрлік авторларға келісімберсе, авторлар оқулық жазуға кіріседі. Жазылған оқулықты баспаның сарапшылары,қоғамдық сарапшылар қарап шығып, қателерді теріп ескертпе жасайды. Одан кейінгісаты – «Оқулық» орталығы. Министрлікке бағынышты бұл орталық оқулықтарды әр пәнбойынша сараптайды. Орталықтан өткен оқулық министрліктің жанындағыреспубликалық комиссияға беріледі. Комиссия шұқшиып және қарайды. Осыншаматексерістен өткен оқулықтан қатенің өзі түгіл, көлеңкесін табу қиын секілдікөрінеді. Бірақ оқулықтағы қателер жасырынып жатқандай қайта шығады. Жыл сайын осы.

Аятжан Ахметжанұлы, мұғалім:


– Кітап дайындау барысындаоқулыққа жауапты бірде-бір мекеме жоқ. Бір оқулықтың айналасында алты органбар. Қандай да бір қателік кетсе, мекемелер бір-біріне сілтейді.

Оқулық дайындау күрделі процесс болғандықтан, оның айналасында бірнешемекеменің болуы заңдылық та шығар. Әйткенмен «қойшы көп болса, қой арам өледі»дейтін сөздің де жаны бар. Мәселен, «Мектеп» баспасы біздің оқулықтағықателіктерге байланысты салған сұрауымызға: «Оқулықтың бағдарламаға сәйкес жазылуына, оның құрылымы мен мазмұнынаавтор, ал стилистикалық, орфографиялық, пунктуациялық және техникалық жағынабаспа жауапты» деп қысқа қайырыпты. Бір оқулықтың жауапкершілігі екігебөлінеді. Қателіктің кімнен, қайдан шыққаны тағы да шым-шытырыққа бастайды.Дегенмен баспалар оқулықта қате кететіндігін мойындайды әрі қатемен жұмыс істеубарын да айтады.

Анар Елемесова,«Көкжиек-Горизонт» баспа үйінің директоры:

– Оқулық сапалы болу үшін баспа да, авторларда жауапты. Мақсат-мүдде ортақ болғандықтан, қателіктерді болдырмауғатырысамыз. Оқулықтарда стильдік, орфографиялық, пунктуациялық қателіктердіңболмауын қадағалап отыратын арнайы редакторларымыз бар. Бұл іске А.Байтұрсынұлыатындағы Тіл білімі институтының мамандары да тартылған. Редакциялау барысындасоңғы шыққан еңбектерді, орфографиялық сөздіктер мен анықтағыштарды басшылыққаалып отырамыз. Негізгі мақсат – оқушыларды қазақша сөйлеп, жазуға дағдыландыруғана емес, қазақ тілінің заңдылықтарын біліп, түсініп, қатесіз жазуға баулу.Сондықтан оқулықтың сапасын арттыру мақсатында баспа тарапынан жасалып отырғаншаралар көп.

Оқушы мената-анаға ақталу емес, қатенің жойылғандығы және сапалы оқулық керек екеніайтпаса да түсінікті. Бірақ қос баспа айтып отырғандай, жауапкершілік екіжақтыжәне қате түзеу жұмыстары жүріп келе жатса, онда неліктен оқулық жыл сайынқатеден көз ашпайды?

Әділхан Дүйсебек, «Оқулық» республикалықғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:


– Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазіргіоқулықтар бұрынғы оқулықтарға ұқсамайды. Кеңес заманындағы бұрынғы оқулықтаржылда қайталанып басылып шығатын да, қателіктер болса кезекті басылымдатүзелетін. Яғни күрделі өзгерістер болмайтын. Ал қазіргі оқулықтар Қазақстантарихында бірінші рет жаңа форматта, жаңа мазмұнда, жаңа құрылымда жасалыпжатыр. Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес, оқулықтың мазмұны оның ішіндегітапсырмалар, материалдар өте көп өзгерістерге ұшырады. Сондықтан жаңатапсырмалар, жаңа иллюстрациялар, жаңа мазмұн жасағанда бірен-саран қателіктеркететіні заңды құбылыс. Мысалы, біздің сараптама орталығына келетін оқулықтардыкөретін болсақ, қате өте көп. Бірақ сараптама жұмысының ауқымды жүретінісоншалық – оқулықтың оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі, бағдарламаға сайкелуі, құрылымдық жағынан жүйелілігі, стилистикалық, грамматикалық қателер –бәрі-бәрі қаралады. Кейде бір оқулыққа жасалатын ескертпелер жиырма беттейболады. Сөйтіп, оқулық қайта қарауға жіберіледі. Бірақ бірнеше сатысараптамадан өткеніне қарамастан, кейбір оқулықтарда қате кетіп жататынынмойындау керек. Иә, оқулық қатесіз болу керек, ол дұрыс. Сонда да өрескел қатекетіп, катастрофа болып жатыр деуге болмайды. Оқулықта қате болмас үшін қоғамдасын-пікірлер айтылып жатыр. Министрлік те сын көзбен қарап отыр. Қате болдырмауүшін жұмыстар жасалуда.

Сонымен,оқулықтағы қателіктің бір ұшы оқулықтың жаңалануында екен. Ал жаңа оқулыққатеден қашан арылатынын ешкім білмейді. Баспа қателікпен жұмыс істейді, «Оқулық»орталығы сараптамада үтір-нүктесіне дейін қарайды. Сонда да қатеден құтылмайкелеміз. Бәлкім, кінәнің бәрі авторда шығар?

Руда Зайкенова, филологияғылымының докторы, оқулық авторы:


– Ең алдымен авторлароқулықты негізгі жұмысынан қол үзбей жазады. Ғаламтор желісіне ғана сүйеніп қою жеткіліксіз әрі ондағы қателіктеркөзіқарақты оқырманға белгілі.  Жазбасбұрын, берілген шығармаларды түгелдей оқу, қазіргі методологияны меңгеру үшіноқулық авторлары көп ізденеді. Кітапхана олардың екінші үйі іспетті.  Содан уақыт тапшылығы туындайды. Егер айлықсақталып, оқулық авторларына құрығанда бір ай демалыс берілсе, үлкен көмекболар еді. 

Баспалар авторлар құрамын жасақтап, тізімдіминистрлікте бекіттіріп, әрі қарай автормен жұмыс істегенімен, авторлар баспадатұрақты жұмыс істемейді. Осыдан келіп қаламақыға ғана оқулық жазатын авторларүшін тұрақты жұмысы бірінші орынға шығады да, оқулық қосымша жұмысқа айналады. Айталық,авторға қаламақыны әр баспа оқулықтың сапасына, мазмұнына, көлеміне қарай өзітағайындайды. Орта есеппен алғанда авторға оқулықтың әр баспа табағына 30-40мың теңге төленеді. Руда Зайкенованың оқулық жазатын авторларға айлығын сақтайотырып демалыс беру туралы ойы осы жерден келіп шығады. Өйткені автор тек қанаоқулықпен айналысу үшін алаңсыз ізденіп, негізгі уақытын сапалы әрі қатесізоқулық жазуға жұмсауы шарт. Мәселен, баспамен келісімшартқа отырып, оқулықжазуды қолға алған авторға кесімді уақыт беріледі. Автор негізгі жұмысын атқаражүріп, оқулық жазуға кіріседі. Бұл асығыстыққа ұрындырады да, оқулықтағықателікке әкеп соғады. Әлбетте, автор ғана қателессе, оның қателігін бірнешесатыдан тұратын сараптамалар қалт жібермей қағып түсіруі тиіс қой. Сондасарапшылардан сытылып шығатын қателікті кім жібереді?

Бүбіхан Шәкиева, «Алматыкітап» баспасының өкілі:


Біз бәріміз кінәліміз. Өзімізден шыққаноқулықтар төрт-бес деңгейлі сараптамадан өтті. Қатені сарапшылар көрмеді, біз декөрмедік. Біз өз тарапымыздан баспагер ретінде кінәліміз, сарапшылардыминистрлік жолақысын, қаламақысын төлетіп алдырып қаратады, кеткен қатеге оларда кінәлі. Сонша көзден өткен оқулықтан басылып шыққанда тағы да қатекететініне өзіміз де таңғаламыз. Оқулықтағы қатенің кінәсін мойнымызға алмаймыздеп айтпаймыз, аламыз. Кітап, автор біздікі. Бірақ біздің үстімізден қарайтынбірнеше сатылы сараптама жасайтын сарапшылардың да қате кетуде жауапкершілігібар. Олар асығыстық жасай ма, әлде үстірт қарай ма – сондай бір себебі бар. Бізбәріміз: авторлар да, баспалар да бағдарламаға байлаулымыз.

Сайыпкелгенде, оқулықтағы қателіктерге нақты жауапкер жоқ. Қате көрсеңіз, оған авторда, баспа да, «Оқулық» орталығының сарапшылары да, республикалық комиссия да –бәрі кінәлі дей берсеңіз болады. Яғни ұжымдық жауапкершілік қана бар. Ұжымдықжауапкершілік дегеніңіз – ешкім ештеңеге жауап бермейді деген сөз. Соғанқарамастан, оқулықтағы қателіктермен күресті автор да, баспа да, «Оқулық»орталығы да, әркім өзінше жүргізіп келеді. Қатемен жан-жақтан толассыз күресжүргенімен, қателерді түбірімен құрту, көңіліңізге келсе де айтайық, мүмкінемес. Неге десеңіз, қатенің түбі үкіметтің – министрліктің қолданысқа енгізгенбағдарламасында жатыр.

Білім саласы,соның ішінде орта білім саласы мемлекеттің стратегиялық өте маңызды саласы болатұра, бағдарлама жалпыхалықтық деңгейде талқыға ұсынылмай, үкімет деңгейіндеқабылданып, қолданысқа енген. Іс жүзінде бағдарламаның шикі тұстары көрінебастайды. Міне, сол шикілікті пісіру, оңдау үшін бағдарламаға үнемі өзгерістермен толықтырулар енеді. Ал бағдарламаға енген әрбір өзгеріс оқулықтың қайтақаралуына, түзетілуіне, қайтара басуына алып келеді. Өйткені бағдарламағасәйкес келмейтін оқулықты білім және ғылым министрлігі қабылдамайды. Әр үкімет,әр министр әр жерінен жамау салып, қырық жамау, шұрық-тесік қылған бағдарламағаоқулықты сәйкестендіру қажеттігі туады да, сөйтіп, өзгерістен көз ашпай кележатқан оқулық қатенің қоймасына айналып шыға келеді. Шиырып айтқанда,бағдарлама жақсы болса, оқулық та жақсы болады. Мысалы, бірнеше жыл бұрынбағдарлама өзгерген кезде бірнеше контейнер оқулық жаңа бағдарламаға сәйкессізболып шығып, макулатураға кеткен. Бұл  бір мысал. Ал оқулықтағы әрбір қателікбағдарламаның әлі шикі екенінің дәлелі болса керек.

Он алты жыл ұстаздықеткен, «Өлкетану» оқулығы авторларының бірі Өмір Шыныбекұлы бізбен әңгімесінде«жүйе өзгермей, оқулық өзгермейді» деді. Асхат Аймағамбетовтің қолынан жүйеніөзгерту келмес, бірақ кемі он жыл өзгеріссіз жұмыс істейтін бағдарлама жасақтап,оны халық талқысынан өткізіп қабылдауға қауқары жете ме? Мәселе сонда. Алминистрдің авторлар мен сарапшылар дайындау бастамасына баспалар мен авторларне дейді? Қазақстан оқулықтары қайда басылады? Оқулық дайындауды бір орталыққаберу керек пе дейтін сауалдарға жауап іздейтін алдағы мақалалар да ешкімді бейжайқалдырмас. Ал әзірше оқулықтағы қателік туралы сөз осымен тәмам.

Коллаж: Жас Алаш

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:28
Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 22:30
Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 13:25
Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Бифат ЕЛТАЕВА 02.12.2020, 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:45
«Шеврон» Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді

Аңдатпа


  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35