«Оңай» Қарағандыға оңай тие ме?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

10.12.2021, 15:35

1827

Қарағандыда соңғы екі-үш жыл жыр болған электронды билет беру жүйесі әупірімдеп жүзеге асқалы тұр. 1 желтоқсаннан бастап қаладағы жолаушы тасымалдайтын автобустар электронды билет беру жүйесіне көшті.

       Қарағанды билігі электронды билет беру жүйесіне жүйелі түрде ұзақ дайындалды. Алғашқыда атқамінерлер өзге елдің қаңсығын таңсық көретін әдеттерінен жаңылмай, кореялық  инвестордың «Смарт карт» жүйесін жер-көкке сыйғызбай мақтап, екі-үш жылдан кейін жолаушы тасымалына  енгізген. Алайда 2020 жылдың желтоқсанында бұл компанияның жолаушыларға сатқан картасына ақша дұрыс түспей, дау-дамай болған соң, келісімшарт бұзылған болатын.

       Енді билік алматылық компанияның  «Оңай» картасын енгізіп отыр. 1 желтоқсаннан бастап барлық автобустар  осы электронды билет беру жүйесіне көшті. Алайда жолаушылардың басым бөлігі картамен жолақысын төлеп жүрген жоқ. Өйткені жолаушылардың кейбірі картамен жолақысын төлеуге кондукторлардың қарсы болғанын айтқан. «Е Караганда» сайты осыған қатысты бірнеше қарағандылықтан шағым түскенін  жазды. Дегенмен «Оңай» компаниясы қазіргі уақытта күн сайын электронды билет беру жүйесі орнатылған автобустардағы  құрылғылардың тексеріліп жүргенін мәлімдеді.

       Ал Қарағанды толығымен электронды картамен жолақы төлеуге көшкенде кондукторлардың  жұмысы тоқтайды. Дегенмен компания кондукторларға  электронды билет жүйесінің бақылаушысы ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екенін алға тартып отыр. Автобустар осы жүйеге толық көшкен кезде дифференциалды тариф енгізіледі. Бұған дейін қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ақпан айында «Оңай» картасын сатып алмағандар үшін жолақы билеті  150 теңгеге дейін өсетінін мәлімдеген. Ал картамен жолақы төлейтіндер үшін жолақы 80 теңге күйінде қалады.

         Қарағандылықтар электронды картаға қарсы болмағанмен, жолаушы тасымалындағы келеңсіздікті әкімқаралар әлі шеше алмай келеді деп есептейді. Өйткені  тұрғындар Қарағанды ішінде жолаушыларды толтырып алып, бір-бірімен жарысып жүретін автобустардан шаршады. Ал мұндай автобустарға боранды, аязды күндері жолаушылар сыймай, аялдамада жұрт сағаттап автобусты күтетін кездер жиі кездеседі. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек те автобустарға қатысты проблема шешіледі деп сан мәрте айтқан болатын. Алайда әзірге өңір басшысының «жемісті жеңісі» байқалмай тұр.

Тегтер: автобус қоғамдық көлік қызмет кәсіпорын

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 09:25
«Қара пимадан» «ақ макасиге» дейін
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 26.01.2022, 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48