Өнеркәсіп алпауыттары жергілікті тауарларды сатып алуды көбейтті

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

15.10.2021, 15:14

365

Қарағанды облысының өнеркәсіптік  алыптары жергілікті өндіріс тауарларын көп  мөлшерде сатып ала бастады. Өткен жылмен салыстырып қарағанда олардың сатып  алудағы  үлесі 15 пайызға өскен. Жүйе құраушы кәсіпорындар арасында ең сұранысқа ие тауар жеңіл өнеркәсіп өнімі болған. Олар негізінен жергілікті зауыттардан арнайы киім мен жұмысқа киуге арналған аяқ киімді сатып алады. Жеңіл өнеркәсіп тауарларының 70 пайызға жуығы өңір кәсіпорындарымен жеткізіледі.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында импортты алмастыру бойынша ауқымды жүмыстар жүргізіліп  жатыр. Бұрынғы уақытта ішінара немесе толық шетелден сатып алынған тауарлар бүгінде Қарағандыда өндіріледі және сатуға қойылады. Бұл шетелдік тауарға телміріп отырғанша отандық өнімді шығарып дамыту өңірдегі өндіріс алпауыттарының жүйелі жүмысының нәтижесі дейді шенеуніктер.

Атап айтқанда бұл тауарлар,  жарықдиодты шамдар, болат арқандар, дәнекерлеу электродтары, шар клапандары, отқа төзімді материалдар, ферросилиций және басқалар. Шетелдің импорттық тауарларын жергілікті тауарлармен алмастру үшін облыста түрлі жобалар жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар мұндай жобалардың тағы әзірленіп жатқандары бар. Мұндай  ілкімді жобаларды іске асыру ірі кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін бірден бірнеше есеге арттырады. Осы жылы Саран қаласындағы Yutong  автобус шығаратын зауыт іске  қосылған болатын. Ресейдің «Татнефть» компаниясымен бірлесіп автомобиль шиналарын өндіру бойынша ірі жобаны іске асыру басталды. Келесі жылы "Қазхимсинтез" ЖШС химиялық реагенттер өндіретін зауыты іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 2023 жылы кабель өнімдерін шығаратын зауыт өз жұмысын бастайды деген жоспар бар. "Өңірде құрылыс саласындағы импортты алмастыру бойынша да үлкен жоспарлар бар.Болашақта облыстың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары базасында санфаянс, лак — бояу өнімдері, ламинат, линолеум, түсқағаз және басқа да тауарлар шығару бойынша өндіріс құру мүмкіндігі қарастырылуда",-деп мәлімдеді

Өнеркәсіп  және индустриялық — инновациялық  даму басқармасы басшысының орынбасары Андрей Уманцев.Өнеркәсіп алпауыттары қарағандылық тауарларды жиі және көп мөлшерде сатып алу үшін әкімдік жүйе құраушы кәсіпорындармен жергілікті қамтуды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасады. Осы келісімдердің нәтижесінде өңірдің тауар өндірушілері тапсырыстармен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде отандық өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың өзара дамып бәсекеге қабілетті болып нарықта ірі алпауыттармен иық тіресе жұмыс жасауына үлкен мүмкіндік берері сөзсіз.

Ірі өнеркәсіп Қарағанды өңірінің қандай да бір тауарларын сатып ала отырып, олар ең алдымен өңірдің өнеркәсібін қолдайды, бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Айта кету керек, облыста жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссия жұмыс істейді.Комиссия өз қызметі шеңберінде мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік секторды, жүйе құраушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушыларды, сонымен қатар табиғи монополиялар субьектілерін сатып алуда жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз етеді. Комиссия отырыстарында өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп өңір тауар өндірушілерінің проблемалық мәселелері қаралып шешіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 17:50
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы облысында үшем тапқан ана балаларына пана таппай жүр...
Сайт әкімшілігі 11:20
Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері баяндалды
Сайт әкімшілігі 10:24
КВИ: Науқастар саны қайта өсіп келеді
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 18:40
Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 09:43
Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 14:40
Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма, БҒМ пікір білдірді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00