Өңірлер бөлінісінде экоситуацияны жақсарту бойынша Жол карталары бекітілді

Сайт әкімшілігі

02.08.2022, 18:55

844

Барлығы 485 іс-шара қарастырылған. 2021-2022 жылдар ішінде 100  іс-шара іске асырылды. Келесі жұмыстар жүргізілді.

Қарағанды облысында АрселорМитал Темиртау кәсіпорында №5 агломашинаның еріту аймағының газ шығару трактісіне қайта жаңарту жүргізілді. Екінші жылуэлектро орталығында кейбір қазандық (№5,6) агрегаттарының электр фильтіріне күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, шаң тазалау жабдығын қайта құру және әктасты күйдіру цехында автоматты мониторинг құралдарын орнату арқылы электрфильтірін қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, 2024 жылы отынды газға ауыстыру және құрамында күкірт көп Кентөбе кенінің кен қоспасы құрамынан шығару жоспарлануда. Нәтижесінде аталған іс-шаралар ластаушы заттардың шығарындыларын 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Атырау облысында мұнай өңдеу зауыты «Тухлая Балка» тоған-булануын қалпына келтіре отырып, «Тазалық» жобасын іске асыруға кірісті. Былтыр мұнай шламдарын сусыздандыру қондырғысы жүргізілді. Әкімдіктің теңгеріміндегі бөлігін қалпына келтіру өткен жылғы тамыз айында басталды, 300 млн.теңге бөлінді. Бүгінде бөгетті бөлшектеу және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 2023 жылы аяқталады (2022ж. – 500 млн.тг., 2023ж. — 203 млн. тг.). Өткен жылдың қорытындысы бойынша буландырғыш тоғаннан 174 мың куб метр ластанған топырақ тазартылды. Бүгінгі күні көлемі 52,1 мың куб метр түп тұнба шөгінділерін алу және тазалау бойынша жұмыстар орындалды.

Сол жақ жағалауда кәріз-тазарту құрылыстары қайта жаңғыртылды. Оң жағалаудағы ескі кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құру 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, «Квадрат» буландырғыш тоғанын тазарту жоспарлануда.

Маңғыстау облысында «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын жою бойынша рекультивациялық жұмыстар басталды. Өткен жылы 266,2 га алаңда жұмыстар жүргізілді немесе жоспардың 6,2%. Осы жылдың басынан 120 га жер қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша жол карталарын өзектендіру жұмыстары басталды.

Қалдықтарды басқару

Қалдықтарды басқарудағы негізгі проблемалар ТҚҚ-ны бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қажетті инфрақұрылымның болмауы, ТҚҚ полигондарының экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ жаңа дүлей қоқыстардың пайда болуы болып табылады.

Шаралар:

1) Министрлік қауіпті қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарға лицензия беруді бастады;

2) Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі (қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі) жүргізілуде;

3) қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар көбейтілді (Жеке тұлғаларға 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке);

4) ЖАО Экология департаменттерімен және ІІМ бірлесіп заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуде;

5) ИИДМ ТҚҚ полигонын оңайлатылған салудың үлгілік жобасын әзірлеуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:11
ШҚО тұрғындары ауыл әкімін сайлау әділетсіз өтті деп шағымдануда
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49