Оңтүстікте қызылша егу басталды

Сайт әкімшілігі

04.02.2021, 21:51

903

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары үйіргелік жерге қызылша тұқымын егуді бастады. «Павло», «боро», «водан F1» сұрыптары шетелден әкелінген. Екі жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда диқандар 10 гектарға қызылша тұқымын еккен. Былтыр ерте көктемде өнім алған А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына қызылша өнімін сатып, Ресей мемлекетіне экспортады. Осылайша, мол табысқа кенелген шаруалар биыл да экспорт мәселесіне көңіл бөліп отыр.

Аталған ауылдық округте 4632 гектар егістік жер бар. Бақша өнімдерін өндірумен аты шыққан округ былтыр 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімдерін экспортқа шығарған. Ал, жаңа меже сапалы өнім көлемін айтарлықтай арттыру.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"
Ермек Мұқанғалиев 25.01.2022, 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48