Оны ешкім байқаған жоқ

10.01.2020, 19:22

34

М.Қойгелдінің газетімізге шыққан соңғы мақаласындағы «мифтік құрылымдарданажырайтын уақыт жетті» деген сөзі көңіліме сонша жақса да, ғалым ағамыздың«оған интеллектуалдық деңгейіміз жетті» дегенін оқып отырып имандай иланғымкелсе де, ондайға түбегейлі дайын емеспіз ғой деймін іштей. Біздің қоғам,әдеби, саяси, әлеуметтік орта болсын, қай-қайсысы да мифке әлі құмар. Бірен-саранадам ғана қолдан пұт жасауымызға қарсы-ақ. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден,алдыңғы заман тұлғаларымыздың өмірден өтіп кеткеніне байланысты қазақыжоралғымен «өлгеннің артынан жаман сөз айтудың керегі не?» деген ұстаным.Екіншіден, олар туған топырақтан бірнеше буын қаламгерлер өсіп шықты. Олар даендігі жерлестерін «меншіктеп», қорғауды өздеріне парыз етіп алған. Мәселен,осындан екі-үш жыл бұрын Сәкен Сейфуллиннің бір қыздың тағдырына әсер еткенітуралы мақала шықты. Оған күллі қарағандылық ақындар Һәм сәкентанушылар,Сейфуллин атындағы музей – бәрі жабылып, соңында әлгі мақаланы жариялағанӘдебиет порталы кешірім сұрап тараған. Бұл бір ғана саяси астары жоқ, жекетұрмыстық яки сезімдік оқиға. Ал дәл сондай оқиға бүгін болмай жатыр дей аласызба? Әркімнің өз өмірі бар. Әркім өз ісіне жауапты. Ал оған тірі күніңді былайқойып, өлгеннен кейін де жауап беруіңе тура келетінін осы оқиғалар-ақдәлелдеген. Енді Мәмбет ағамыз Әуезов пен Мүсірепов арасындағы ұстанымдарқайшылығы туралы жазыпты. Әділ, бейтарап мақала екен.

Тура осы тарихшымыздың мақаласымен мәндес, ұстаным жағынан, «мифтікқұрылымдарды талқандаған» Мейірхан Ақдәулетұлының «Пайғамбары көп ел» деген,жиырма жылдай бұрын жазған мақаласы интернет кеңістігіне шығып жарқ ете қалды.Бұл мақаланы кезінде «Алтын Орда» газетінен біршама зиялылар оқып, өз ойларынайтқан да болар. Ал біз сияқты «жаңа өспірім, көк өрімдердің» енді танысыпжатқаны анық. 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасында біздің зиялылардың айтқансөздерін Мейірхан ағамыз тізбектеп шығыпты. Фариза Оңғарсынованың не дегенінтолық жазбаса да, сол Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Шахановтарайтқан сөздерді айтты деген. Ал бұл кісілер біздің ұғымымызда, қарапайымоқырмандардың санасында қазақ үшін жанын оққа байлайтын біртуарлар емес пе еді?Ал осы оқиға 2011 жылдағы Жаңаөзен кезінде, бұл да желтоқсан айында, қайталанғанжоқ па? Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсыновалар 1986 жылы зиялылар айтқан сөздіқайталады. Тарих қайталанды ма? Жоқ! Жай ғана зиялылар өзгерген жоқ. Айналыпкелгенде, халық өзгермеді. Енді сондай оқиға болса, әрине, беті аулақ, біздіңзиялы қауым тура сол сөздерді қайталап тағы айтады. Оған еш күмән жоқ. БірақЖұбан Молдағалиев пен Сафуан Шаймерденов сияқты халық жағындағы сөзді айтаразаматтар бұрынғыдан едәуір көп болады. Әрі олардың бәрі кейінгі жастардыңқатарынан шығады. 2019 жылдың әдеби өмірін ойлап отырғанда осы екі мақалакөңілімді бірден аударды. Қазір де біздің мифтік тұлғаларымыз жеткілікті. Егеродан айырылып қалатын болсақ, тұтас бір романтикамыз жоғалардай күйде отырмыз.

Біз әдебиетті қалай түсініп жүрміз деп жиі ойлаймын. Алдымен ақын, жазушыболсаң, саған бүкіл халық құрметпен қарау керектей, барлық әкім астыңа ат,үстіңе шапан жабу керектей күйде жүреміз. Бір әкім ақынды қабылдай қалса,«әкімі ақынын іздеген ел бақытты» дейміз. Қандай логика десеңізші. Егер жақсыұстазды, дәрігерді, шахтерді қабылдаса не болады? Ал ақынды мүлде қабылдамайқойса ше? Ел бақытсыз ба? Жоқ! Мұндай сөзді ылғи әкімдер қабылдаса екен деп, яәкімдерді жағалап жүргендер айта ма деп ойлаймын. Қызық формулировка ғой. Аләкім қабылдағаннан ақын бақытты боп кете ме? Қаламгердің бақыты оқырман оқыса,кітабы мыңдаған тиражбен тарап жатса, соған лайық әкімі де оқып, құрметтепжатса, жөні бір басқа. Сол сізді қабылдап тұрған әкім бір кітабыңызды оқыды маекен? Оған да күмән бар.

Ал жазушыларымыз «халық үшін жаздық» дейді. Осы халық үшін деген пафосқатолы сөзді қойғанда, мифтік құрылымдардан құтылатын шығармыз. Мифтің түбі –пафос. Алдымен әр адам еңбекті өзі үшін істейді. Сіз бір роман жазсаңыз да,алдымен өзіңіз үшін жазасыз. Ал соған қосалқы ертеңге керек, осы кәдеге жарасадеген ниет жүреді. Жақсы роман болса, өлең болса, пьеса жазылса, алдымен автормақталады. Ал ол пенденің көкейіне кірмей тұрмайтын сезім. Ал халық үшін жаздыңделік. Оның жақсы шықпаса, ертеңгі ұрпаққа жетердей көркем туынды болмаса, ондахалқыңыз оны керек қыла ма? Бұл өте нәзік әрі күрделі дүние. Сондықтан осы «халықүшін жаздым», «мен халықтың адамымен» деген сөзді айтпауды үйренейік. Әрі-беріденсоң, ол халық үшін жазылды ма, халықтың адамысыз ба, жоқ па – оны шешетінхалықтың өзі. Соған ықтияр беріңіз. Әйтпесе адам өзі туралы солай айтқанда,халық үшін еткен еңбегі зая кететіндей көрінеді де тұрады.

Мифтің бәрін автор бастайтын сияқты. «Дереккөз ұмытылады,ақпарат қалады» деген сөз бар еді ғой. Ал біз соған әр беріп, түрлендіріп,жеткізіп отырамыз.


***

2019 жылы әдебиетіміздегі ең үлкен оқиға ретінде Азия форумын айтуға болареді. 44 мемлекеттен 100-ге жуық қаламгер қатысқан әдеби форум  қатты талқыланды. Бұл форумға бюджеттен 281миллион 35 мың теңге бөлінді. Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ол сөзін:«Азия ақын-жазушыларының алғашқы форумы Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевтың бастамасыменөткізілуде», – деп бастаған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше ұсынысын айтып, Азияны әлемдікрухани дамудың орталығына айналдыру туралы сөз қозғады. Қазіргі уақытта бұлқаншалықты іске аса қоятыны белгісіз. Өйткені әр құрлық түгіл, әр халық өзруханияты үшін күресіп жатыр. Оның ішінде Азия халықтарының рухани күресі мүлдебөлек.

Президент «әралуандық үйлесімі» дей отырып, «Рухани байланыстарды кеңейту – жаңазамандағы Азия халықтарының біртұтастығының кепіліАзия біріге алады»деді. Азияның бірігуі қай сипаттаболады, ол жағы айтылмады. Егер бұл әдеби форум болғандықтан, әдебиет жағынанбірігеді десек, тағы қателесер едік. Өйткені үш мыңжылдық тарихы бар қытайәдебиеті, тамыры тереңге кеткен жапон әдебиеті мен бүгінгі қазақ әдебиетінсалыстыру тіпті қиын. Одан бөлек, біз әлі білмейтін Азияның кішкентаймемлекеттерінің үлкен әдебиетін айтпай-ақ қоялық.  Қ.Тоқаевтың бұлпікіріне форумға қатысушы кореялық Ко Ын мырзаның сөзі қайшы боп шықты.«Жақында өткен Азия әдебиеті фестивалінің ашылу салтанатында мен Африка менАзияны, Латын Америкасын «үшінші әлем» деп атауға түбегейлі  қарсыекенімді айттым. Бұл атау Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болғанеді.  Бүгінгі жағдайды зерделей отырып, Азияның әрбір бөлігі, әрбір елі,мәдениеті өзінің түпнұсқа бейнесін тапса деген ойға келдім. Азия Еуропа сияқтыбіртұтас емес екені анық. Еуропа ерте бірігіп, жалпы алғанда, бір дінге басұрды. Бірақ біздің кейбір көршілер Еуропа елдерімен туыстасып кетті. Азиядамұндай тұтастық мүмкін емес. Азия – табиғи ерекшеліктердің, тау мен даланың,шөл мен көлдің астасып жатқан әлемі. Осы әркелкілік әдебиетке де тән. Азияныңдіндері мен философиялық жүйесі де терең әрі күрделі», – деген еді Ко Ын мырза.

Бұл жиында әлемдік Нобель сыйлығы сияқты Үлкен Азия сыйлығын тағайындаутуралы да айтылды. Бірақ форум аяқталғалы үш айдың жүзі болса да, форумныңнәтижесі ретінде ештеңе айтылмады. Бұл сыйлық тағайындала ма, жоқ па, ол жағыбелгісіз.

Форумда бастан-аяқ жүріп, сөздерді түгел тыңдадық. «Жас Алаш» газетініңсайтында форумнан репортаждар берілді. Сондағы бір шу Қабдеш Жұмаділовтің сөзіеді. Ол «Шыңғыс ханды моңғолдардан қайтарып алайық» дегенді айтты. Сонда залдаотырған моңғол ақыны Гун Аюрзана ренжіп қалды. Шетелден келген ақын-жазушыларбаяндамалар жасап, әдебиеттің мәселесін айтуға барынша тырысты. Ұйымдастырушылардыңмақсаты да сол еді. Бірақ сөз алған біздің ақын-жазушылар әдебиет мәселесінетереңдемеді.

Шахановқа сөз тигенде, әдеттегідей «Ырбигүл менЖырбибай» деген өлеңін оқумен бастады.  «Өкінішке қарай, бұлар біздің қоғамда қаптап кетті. Оғанөзіміз кінәліміз. Әр кезең басымыздан өтті. Осыдан отыз жыл бұрын қазақ тілінмемлекеттік тіл жасаған мен едім. Мен барлық кезде шындықты айтатындықтан,беделім төмен. Ең құрметті адамдар ТЖ-лар. Мен үндемегенде, қазірбарлықтарыңыздың тағдырларыңыз басқаша болар еді», – деді.

Исабековқа сөз алтыншы боп тиді.  Мемлекеттіксыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков: «Бүгінгі форум бізге ештеңе бермейді.Осы форумды кешелі бері тыңдап отырмын. Әлемдік мәселе көтерілмеді. Менің қалайжазатыным кімге қызық? Сирияда не болып жатыр? Соларды неге айтпаймыз? Батыстажарылыс болса, бәріміз қайғырамыз. Мұсылмандар қырылып жатқанда негеүндемейміз? Одан да мен соны  айтайын», – деп, Таяу Шығыстағы халықтардыңтрагедиясын айтты.

Жалпы, бұл форумда бір қалу керек сөз болса, осында жасалған баяндамалареді. Бір пайдасы тиер болса, сондағы айтылған мәселелер еді. Ал онда ешқандай,біздің жазушылардың тарапынан сөз болған жоқ. Керісінше, Дулат Исабеков сияқтыжазушының қалай жазатыны қызықтырақ болар еді.

Форум өтті. Ақша жұмсалды. Қазақ әдебиетін әлем таныды ма, жоқ па, ол ендімаңызды емес. Әдебиет олай қанат жаймайтыны белгілі. Ендігі форум қалай өтеді?Қандай форум өтеді? Мәселе сол.

Осы шараны ұйымдастырған Қазақстан жазушылар одағының құрылғанына 85 жылтолды. Сондай-ақ еліміздегі жалғыз әдеби газет – «Қазақ әдебиеті» де осымерейлі датаға жетті.


***

Қазір біздің әдебиетіміз әртүрлі ізденіс кезеңінде. Енді алар бағыттыңқалай болмағы бәрі үшін маңызды. Осы уақытта әдебиетке арналған бәйгелер дежетерлік. Бұған дейін әдебиетке көңіл бөлмеді деп келген үкіметтің де «Алтынтобылғы», «Ұлы дала» сияқты бәйгелері бар. Одан бөлек, «Жас Алаш» газетіұйымдастырып келе жатқан «Қазақ пен қала» проза байқауы, «Адырна» журналының«Алтын жебе» байқауы, Әдебиет порталындағы «Ауылым – алтын тұғырым» байқауыбар. Оның сыртында, жылда мерейлі даталарға ұйымдастырылып жүрген әртүрлімүшәйралар мен байқаулар бар. Алматы қаласының әкімдігі де 150 қаламгерге 500мың теңгеден стипендия тағайындады. «Бірақ осыдан көркейіп кеткен әдебиет барма» деп сұрақ қоятындар да табылады. Әрине, одан әдебиет көркеймейді. Әрі бәйгедеген дүние де шартты нәрсе. Ол бізде аға-көкемен де шешіліп жатады. Біраққаламгерлер ынталанып, жаңа шығармалар жазады. Мәселен, «Қазақ пен қала»байқауына биыл 60-қа жуық шығарма түсті. Алпыстың алтауы ғана жүлдеге ілікседе, қалғандары мүлде нашар деген сөз емес.

Осы байқауға түскен, бірақ жүлдеге ілікпеген Ермек Қаныкейдің «Артық адам»,Қанағат Әбілқайырдың «Періштелер жоқ жерде», Нұрлан Қабдайдың «Тәуліктіңжалғыз-ақ сәтінде өмір сүру», Есбол Нұрахметтің «Таусылмас түн», АрманӘлменбеттің «Тоғыз жылдан кейінгі кездесу», Санжар Бекжанның «Қараңғы көшедегішырақ» әңгімелері жастар әдебиеті үшін олжа болған шығармалар деп бағалауғаболады. Бұл байқау 45 жасқа  дейінгіжазушыларға арналған. Жастар үшін барынша әділ өткізсек, қалай болғанда даәдебиетке шын ынтызар, дәл осы уақыттарда жалаңаяқ, жалаң бас еңбек етіпжүргендерге демеу болса деген ниет бар. Байқауда қазылар алқасының шешімібойынша «Аждаһаныңжүрегі»әңгімесі үшін 1-орын алған Нұрбек Нұржанұлы, «Тамұқтағыжалғыздық»әңгімесі 2-орынға лайық болған Әлихан Нұрбергенұлы, «Қабылдаукестесі»әңгімесі үшін 3-орынды еншілеген Бекзат Алтынбек, ЕсенқұлМаманұлы атындағы арнайы жүлдені «Соңғытрамвай»әңгімесі үшін алған Досхан Жылқыбай, ынталандырусыйлықтарын «Қасиеттіойын»әңгімесімен алған Думан Терлікбаев пен «Қарамысықтың қожайыны»әңгімесімен алған Әлішер Рахат та әдебиет табалдырығыненді басқан жастар. Тақырыпқа салмақты қарай алатын, жазған дүниелері деоқырмандарына едәуір ой жүктейтін бұл жігіттер алдыңғы буынға қарағанда тереңмәселелерді қозғауға жүрексінбейтіндіктерімен ерекше. Жазудағы комплекстен ада,барынша еркін ойлауға, еркін көсілуге бейім, тәуелсіздік кезеңінде туған, өскенұрпақ. Тұрсынжан Шапайдың сөзімен айтқанда, осы бәйгеге қатысқан, жүлдеденүмітті болған, жүлде алған жас жазушылар осы бағыттарынан таймай, тыңғылықтыеңбек етсе алдағы он жылда жазушы ретінде әбден өсулері тиіс.

Ал бәйге қорытындысына қашанда риза болмаушылар табылады. Өзіңше әділөткіздік деп тұрсаң да, талғам тұрғысынан талас көп. Ал «жазғанынан алғаны көп»жазармандар туралы әңгіме бөлек. Оның қандай әңгіме екені де сіздерге жақсыбелгілі.


***

Блок айтты дейтін сөз бар: «Ақындардың әртүрлі болғаны жақсы». Ондайда өлеңде әртүрлі болмақ. Осы Блок отыздан асқан шағында «Маған өзгеру керек. Мен мұны(өлең жазуды) қатты меңгеріп алдым» дейтін еді. Ал Әбіш Кекілбайұлы «Өз-өзіңдіқайталау – тоқырау» деген мағынада сөз айтқан. Осы үш сөздің төркіні бір.Адамға үнемі ізденіс керек.

Соңғы уақыттарда жастардың әдеби ортасында «Солақайлар» деген клуб пайдаболды. Өлең жазады, прозасы бар, аударма жасайды. Оның ішінде әртүрлі авторлар,осы күнге дейін біз қалыс қалдырған әлем жазушылары да бар. Аударманың сапасытуралы айтсақ, әрине, ол басқа әңгіме. Бірақ осы жігіттердің үнемі бірдеңеіздеп жүретіндері ұнайды. «Солақай» болу өзіңмен пікірлес емес қаламгерлердіжек көру емес. Мақсат оларды жамандап, жазғандарын түкке алғысыз қылу да емес.Мақсат – бәсеке, жақсы мағынасында. Жазуда озу, оқуда ілгері болу. Бұл, сайыпкелгенде, ақындардың әртүрлі болуына жол ашады. Қазір біз жастарды бірдей өлеңжазып кетті деп кінәлап жатамыз. Бір-біріне ұқсайтын, авторларын алып тастаса,кім жазғанын ажырата алмайтын өлеңдер қаптағалы қашан. Мәселен, ақ өлең жазыпжүргендерге қатысты да осы сөзді айтуға болар еді.

Бұл жігіттер жақсы сұхбаттар мен мақалаларды аударады. Жалпы, қазір осындайаудармалар молайып келеді. Бұл жастар ортасында пікір алуандығы үшін қажет-ақ.Осы «Солақайлар» сияқты тағы бірнеше топ қызу жұмысқа кірісер болса, едәуіржұмыс атқарылып қалар еді. Осы топтағы Абзал Сүлеймен деген жігіт Элиоттың«Шөлін» қазақшалап шықты. Үлкен еңбек. Оған барудың өзі үлкен білім мен еріктіқажет етеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қалау Сәлеметбайұлы деген ақын аударамындеп жүрген-ді. Аударды ма, жоқ па, білмеймін. Ал Абзалдыкі еңбек! Бұл, өзі, энциклопедиясияқты, әр тармағын, әр сөзін түсіндіріп отыратын, соның өзін білу үшін молоқуды қажет ететін туынды. Борхестің бір новелласын түсіну үшін деқатпарларындағы мыңдаған шығармаларға үңілу керек болатынындай дүние. Әдебиеттееңбек қалады. Бірін-бірі даттаған, өсектеген пыш-пыш сөздің әдебиетке түккерегі жоқ. Бірақ ол әдеби ортаға қажет. Бірде Серік Асылбекұлы жазумен текклассиктер айналысса қызық болмайтынын айтқан еді. Халтурщиктер де осы әдебиортада жүреді. Сонысымен де ол әдеби орта. Жазғаны жоқ, айтқаны көп болатынжігіттердің ертең «Едігесіп» жүргені ұмыт болады. Бір кездері осы ортаңызғадүркіреп небір қисық-қыңыр сөзімен, жазуының «ерекшелігімен» келген қаламгерлеркөп болған. Бірақ қазір жоқ. Сондықтан ұзақ шабысқа дайын болу керек. Ол үшінәртүрлі пікірлер бізді өсіріп, жетілдіретіні сөзсіз. Ал тыңдау-тыңдамау – өзеркіңіз.


***

Ырысбек Дәбейдің «Қоңыз» атты романы шықты. Орта жасқа таяғанқаламгерлердің ішінде, соңғы жылдары жазуға берік отырған жазушының қаламынантуған шығарма 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына негізделген. Екі жігіттің тағдырыарқылы жыршы мен қоңызды параллель алып отырып, мұнайшылардың тағдырын жазған.

Роман бірыңғай диалогтан тұрады. Жазудағы ең қиын нәрсе осы – диалог.Ырысбек Дәбейге осы жағы қиындық тудырғандай көрінді. Ал жыршы мен қоңыз көркемдеталь ретінде беріледі.

Бұл – әлеуметтік роман. Оқиғасы журналистерге жақсы таныс. Романныңкөркемдігі әлі сөз болар. 2019 жылы шыққан кітаптардың ішінен осы романдыерекше атауға болады деп ойлаймын.

P.S.Қазақстан жазушылар одағының съезі болған кез. Наурызайы. Күн алабұртып тұрғанымен, жауын жоқ. Алматының өзіне тән сұрғылт тұманыеңсені басыңқырап тұр. Абай атындағы Опера және балет театрынан құжынап шыққанқаламгерлер әр алуан көңіл күйде. Жаңа төраға сайлап шықты. Жиналыстан шыққансоң, үйіріліп тұра қалатын әдеттерімен қаламгерлер фонтан айналасында топ-топболып тұр. Жасы 95-ке келген Әбдіжәміл Нұрпейісов таяғына сүйенген қалпы жалғызөзі жоғары баспалдақтан төмендегілерге көз тастайды. Бір дәуір келесі дәуірдібақылап тұрғандай. Өтіп бара жатқан ұрпақ келер ұрпақты сынап тұрғандай. Өз уақытынсағынатындай. Осы уақытты қимайтындай. Бір-біріңді бағалаңдар дейтіндей.Аяйтындай. Аялайтындай. Бірақ оны ешкім байқаған жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 27.10.2020, 11:21
Өртенген қойдың құнын кім өтейді?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 27.10.2020, 10:19
Жесірді жылатқан жер дауы
Әділ КЕМЕҢГЕР 27.10.2020, 09:38
"Байдың малын байғұс қызғана ма?"
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 11:17
COVID-19: 119 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 09:20
"Қиыны әлі алда" АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 09:13
Министрлік соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болғанын айтты

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28