Оқу жылының басталуы 1 қазанға шегерілді

Сайт әкімшілігі

12.09.2020, 03:28

738

Грузия билігі елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты ірі қалалардағы мектептер мен университеттерде оқу жылының басталуын 1 қазанға шегерді. Бұл туралы премьер-министр Георгий Гахария жұмадағы брифингте айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Грузияда соңғы аптада күн сайын коронавирус жұқтырғандар санының өсімі байқалған. Сабақ 15 қыркүйекте басталуы керек еді.

«Тбилиси, Гори, Рустави, Кутаиси, Зугдиди және Потиде оқу процесі тағы екі аптаға шегерілді. Бұл қалаларда мектептер мен университеттердегі оқу процесі 1 қазаннан басталады», — деді премьер-министр.

Гахарияның айтуынша, бұл уақыт ел билігіне эпидемиологтармен бірге қауіпті дұрыс бағалау үшін қажет, содан кейін қосымша шешімдер қабылданады.

Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирус инфекциясын пандемия деп жариялаған болатын. ДДҰ-ның соңғы деректері бойынша, әлемде 26,7 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған, 876 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58