Орал қаласы әкімінің жазығы не?

23.11.2019, 11:45

291

Орал қаласындағы 10 жасар қыздың өлімінен кейін шаһарәкімі Абат ШЫНЫБЕКОВКЕ сөгіс жарияланды.

20 қараша күні кешкісін Әбілқайыр хан даңғылы мен Желаевтрассасы арасындағы кішкентай ғана Нұр көшесінде жүргізуші оқушы қызды қағыпкеткен еді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясы кезіндеөңір басшысы Ғани ЕСҚАЛИЕВ трагедиялық жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

«Соңғы кездегі жол-көлікоқиғаларының көбеюі бәрімізді алаңдатады. Қаршадай қыздың қыршын кетуіқабырғамызға қатты батты. Жол апаты көшенің жарықтандырылмаған, қараңғы тұсындаорын алды. Осы оқиғаға байланысты Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке сөгісжарияланды», — деді Ғали Есқалиев.

Әрине, қаланың жарығы, ауызсу, жол сынды мәселерге шаһар басшысы жауапты.Алайда облыс әкімі Есқалиев сөгіс жаиялаған Абат Шыныбеков 2019 жылдың шілдеайында ғана қазіргі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін Казталов ауданынбасқарған шенеунік облыс орталығына осыдан бар-жоғы төрт-ақ ай бұрын әкім болыпкелді.

Қайғылы жағдай болған Нұр көшесіндегі жарықтың болмауының себебін Шыныбековмырзадан гөрі экс-әкім Мұрат МҰҚАЕВ жақсы біледі емес пе? 2017 жылдың 28-шімаусым айынан бастап Мұрат РАХМЕТҰЛЫНЫҢ Оралды басқарғаны белігілі ғой. ҚазірМұқаев облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасарықызметінде. Ғали Есқалиев Нұр көшесіндегі жарықтың орнатылмағанын неге билікпартиясының өкілінен сұрамады екен? Яғни Казталов ауданына келген бетте АбатШыныбеков Нұр көшесінің «светін» өшіріп тастаған боп тұр ғой.  

Фото: zhaikuni.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00