Оралда алаңға жазусыз плакат алып шыққан белсенді ұсталды

06.05.2019, 20:21

80

Оралдық тұрғын Аслан САГУТДИНОВТЫ жазысыз плакат ұстап шыққаны үшін полиция ұстап әкетті. 24 жастағы белсенді бұл әрекетімен Қазақстанда ешқандай демократияның жоқ екенін, азаматтардың құқығы шектеулі екенін дәлелдегісі келген. Бұл туралы «Жас Алаш» uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Орал қалалықәкімдігінің алдындағы Абай алаңында қолына ешқандай лозунгсыз, ешқандай жазусызплакат ұстап тұрған жас жігіт өзінің осы әрекетінен кейін өзін полицияқызметкерлерінің ұстап әкететініне сенімді болған.

Желі арқылытаралған видеода:

— Мен ешқандай пикетке қатыспаған, қарапайым азаматекенімді көрсеткім келеді, бірақ, қолымдағы плакатта ешқандай жазу болмаса да,мен ештеңе деп ұрандамасам да бәрі бір, мені полиция бөлімшесіне алып кетеді.Аты-жөнім Аслан Сагутдинов, мен байырғыдан бері еркін болған Қазақстан халқыныңбүгін де еркін болып қала бергенін қалаймын, — дейді Аслан.

Дегендей-ақ, 5 минутөтпей жазусыз, бос плакат ұстап тұрған Асланның қасына полиция қызметкерлерімен қалалық әкімдік ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ербол КӨШЕКОВ келді.Көшеков салған жерден белсендіні ешкім ұстамайтынын айтқанмен, бірнеше минуттансоң Сагутдиновтың қасына жол-патрульдік полициясы өкілдері келіп, полициякөлігіне күштеп отырғызды.

Видеода Асланның «менжай ғана тұрмын, мен қарапайым адаммын, плакатта ешқандай лозунг жазылмаған,сонда мені не үшін ұстайсыздар?» деген сұрағына полиция қызметкерлері «жүріңіз,оны анықтаймыз», деп, көлікке қарай сүйрей бастайды. Сонымен қатар, «одиночныйпикет запрешено» деген сөздері естіледі.

Одан кейінбелсендіні Абай аудандық полиция бөліміне жеткізген.

Фото: uralskweek.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44