Оралда ашаршылыққа қатысты құжаттарды КНБ жарияламай отыр

30.05.2018, 23:38

100

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлектану музейінде «Шерлі шежіре шындығы» атты мұрағаттық құжаттар көрмесі ашылды. Музейде Алашорда үкіметінің Батыс бөлімінің құрылғанына 100 толуына байланысты шара өтті.Көрмеге саяси репрессияға ұшырағандардың абақтыда тұтынған бұйымдары, Күнбатыс Алашордада қызмет еткен қайраткерлердің фотосуреттері, Халел мен Жаһанша Досмұхаммедовтерді ату жазасына кескен НКВД бұйрығы жазылған құжаттарының көшірмесі қойылған.Шара кезінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушысы, Ж. Досмұхаммедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА қаралы кезеңде Ақжайық өңірінде саяси қысым жасалып, аяусыз жазаланғандардың көпшілігінің тағдыры әлі күнге беймәлім екенін айтты.– Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алашорданың Батыс бөлімшесінде қызмет еткен азаматтар жөнінде мәліметтер, мұрағат іс-қағаздарының көшірмесі, басқа да жәдігерлер баршылық. Бірақ кейбір құжаттардағы деректер бұрмаланып берілген. Деректерді кешенді зерттеуге әлі күнге ҰҚК мен ішкі істер органдарындағы архив құжаттарының бүркеулі жатқаны кедергі болуда. Біздің есебімізше, 1937-38 жылдары Орал қаласындағы түрмеден мыңнан астам адам атылған, 600-дей адам тұтқындалған. Олар туралы мәлімет БҚО ішкі істер департаменті мұрағатында сақтаулы. Соларды ашып, зерттейтін уақыт жетті. Қуғын-сүргін құрбандары бүгінге дейін әбден ақталды. Олардың құжаттарын неге жарыққа шығармайтыны түсініксіз. Осыдан екі жыл бұрын Күнбатыс Алашорданың құрылғанына 100 жыл толуына орай Орал қаласының Зашаған кенті аумағынан Алаш аллеясын ашу жөнінде бастама көтергенбіз. Қала әкімдігі жер телімін рәсімдегенімен, аллеяның құрылысын толық жүргізбеді. Шаһарымызда Алаш қайраткерлеріне арналған сәулетті мәдени ескерткіш немесе тарихи орын жоқ. Ресейдің Мәскеу қаласы маңындағы Бутово полигонында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімі жазылған ескерткіш ашылды. Көрші елде мұндай жобалар мемлекет тарапынан  қаржыландырылып, тарихи деректердің қолжетімді болуына жағдай жасалуда. Былтыр елімізге белгілі ғалымдармен облыстық ішкі істер департаментіне  мұрағат құжаттарын жариялау жөнінде ашық хат жаздық. Бірақ әлі күнге жауап болмады, – деді Дәметкен Сүлейменова.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ, Орал қаласы

Фотолар автордікі. 

 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51