Оралда пластик өнімдері цехы пайда болды

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

27.10.2021, 10:34

856

Орал қаласында «Даму» қорының қолдауымен пластик қалдықтарын өңдейтін өндіріс орны ашылды. Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының директоры Валерий Крыловтың айтуынша, екі цех әзірге сынақ режимінде жұмыс істеуде. Жалпы аумағы 1700 шаршы метрді құрайтын ғимараттың жобалық құны 3 млрд теңгеден асады.

– Бұрынғы «Пластик» зауытының негізінде құрылған соң, бізге жақыны осы пластик қалдықтарын өңдеу саласы. Қалдықты өңдейтін құрал-жабдықтардың бәрі жаңа, Қазақстанда теңдесі жоқ. Пластик бояйтын түрлі түсті принтер сатып алдық. Өндірісті жолға қою барысында нарықта ұзақ жылдан бері жұмыс істейтін кәсіпорындардың іс-тәжірибесін мұқият зерделедік, өзімізге үйлесетінін қарастырдық. Қалдықтардан пластик жәшіктер, жылыжайларға арналған жамылғылар, тамшылатып суаруға қажетті түтіктер, орамалар мен қаптамалар жасау жоспарлануда, – дейді В.Крылов.

Шынында да, күні бүгін пластик қалдықтарынан тапшылық жоқ. Қоқыс жәшіктеріне мыңдап тасталатындарынан бөлек, кәсіпорын арнайы жәшіктер қойып, тұрғындардан қалдықтарды сатып алуда. Оның сыртында, қаладағы үлкен супермаркеттермен жасасқан шарт бойынша олардан да шикізат жеткізіледі.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, пластик өнімдерін Еуропадан тасып әкелгенше, яғни алыстан арбалағанша, өзімізде өндірген анағұрлым тиімді әрі арзан. Отандық өнім сапасы жағынан дүниежүзілік брендтермен емін-еркін бәсекеге түспек. Әуелі жылына 3000 тонна өнім өндіріп, кейін оны 5000 тоннаға дейін жеткізу – кәсіпорынның басты мақсаты.  

– Жергілікті жұмысшыларды оқыту үшін Ресей мен Германиядан мамандар шақырдық. Әрине, өз тарапынан мемлекет те көмек көрсетуде. Яғни шығындардың басым бөлігін «Даму» қоры көтеріп алды. Барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысудамыз. Биыл екі цехта 40 жаңа жұмыс орны ашылса, келер жылы ол 150-ге жетпек. Жалпы, кәсіпорын штатында 240 адам еңбек етеді.

Бір айта кетерлігі, дәл осындай өндіріс тек еліміздің оңтүстігі мен елордада ғана бар екен. Оралдағы кәсіпорын толық қуатына жеткен кезде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарын түгел пластик және полиэтилен қалдықтарынан «тазартады» деп күтілуде.         

Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының іргетасы 1981 жылы қаланған. 2007 жылы құрал-жабдығы толық жаңаланып, германдық технология негізінде металдан дайын өнімдер жасайтын станоктар алынған. Күні бүгін компания пластиктен бөлек, төбе жабындарын, қоршауларды, жол белгілерін шығарады. Құрылыс жүргізуге де лицензиясы бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 17:58
Алматыда сакура ағаштарын отырғызды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27