Оралда Сталинді еске алу шарасы өтпек

19.12.2019, 14:21

123

Желтоқсан айының17-і күні «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Мой любимый Уральск!» тобынаОксана Терновская есімді ғаламтор қолданушы Орал халқын және «Поколение» қоғамдықұйымының жақтастарын 21-ші желтоқсан күні Иосиф СТАЛИНДІ еске алу шарасынашақырды.

Аталмыш жағдайжеліде қызу талқыланғандықтан «Жас Алаш» тілшісі ақпараттың рас-өтірігінанықтау мақсатында «Поколение» ұйымына хабарласты. Әңгіме барысында ұйымжетекшісі Светлана БОЙКОВА 21-і күні Сталиннің 140 жылдығына орай мәңгілік алауғабарып гүл шоқтарын қоятындықтарын айтты.

«Сенбі күні Сталиннің туғанына 140 жыл болады. Осығанбайланысты «Поколение» мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға барады», — деді ұйымбасшысы.

Бойкованың сөзінше,олар жергілікті әкімдіктен ешқандай рұқсат алмаған. Себебі бұл митинг емес, жайғана гүл шоқтарын қою рәсімі.


Бұған дейін депутатВладислав КОСАРЕВ Кеңес заманындағы ескерткіштердің қазіргі жағдайынаалаңдаушылық білдіріп, сол кездегі Мәдениет және спорт министрі АрыстанбекМҰХАМЕДИҰЛЫНА «Лениннің ескерткіші қоқыста жататын қалада тұру мүмкін емес» екендігінайтқан. Оған министр: «Ленин тірі, өлген жоқ, өлмейді де» деп жауап берген. 

Айта кететін біржайт, Украина Прокуратурасы 2015 жылы  Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның үстінен қылмыстықіс қозғаған. Ресми Киев Сталин мен Берияны 1944 жылы Қырым татарларын заңсызжер аударды деп айыптаған. Бұдан бөлек, Украина билігі 1932-1933 жылдары қолданжасалған ашаршылықты «украин халқына жасалған геноцид» деп таныған.

Коллаж: Жас Алаш.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08