Оразалин Сапарбаевтың кадрларын қызметтен кетіріп жатыр

06.05.2019, 23:29

37

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановқа ескертуберілді.

Ақтөбе облысына үш ай бұрын әкім болып тағайындалғанОңдасын ОРАЗАЛИН Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ кадрларын қызметтен кетіріп жатыр. Көштіңбасын автокөлік жолдарының сапасына жауапты шенеуніктер бастады. Олар жолдыжөндеу, пайдалану және абаттандыру жұмыстарын дұрыс жасамаған.

Сонымен, Ақтөбеде жолаушылар көлігі және автомобильжолдары басқармасының басшысы Аязбай ОСМАНҒАЛИЕВ жұмыстан босатылды. Бұданбасқа, құрылыс саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Серік ТӨЛЕНБЕРГЕНОВпен қала әкімінің орынбасары Ыбрайым КӨЗБАЕВ та қызметтерінен кетті. Бұл туралыоблыс әкімі Оңдасын Оразалин бүгін мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртіпкеқатысты сұрақтар бойынша өткен жиынында жеткізді.

Сондай-ақ, өңір басшысының нұсқауымен облыс әкімініңәлеуметтік салаға жетекішілік ететін орынбасары Марат ТОҒЖАНОВҚА, Ақтөбеқаласының әкімі Ілияс ИСПАНОВҚА, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасының башысы Қайрат ОТАРОВҚА ескерту берілді. Олар көпбалалыотбасыларға атаулы әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау жұмыстарын тиісті дәрежедеатқара алмаған.

Шенеуніктердің қызметтен босатылуы мен жазағатартылуына Facebook пен Instagram-да жазылған халықтың пікірі себепболыпты.  Қала тұрғындары өңірдегі жолжағдайы мен Ақтөбе қаласындағы «Жұмыспен қамту орталығындағы» ұзын-сонар кезекпен себепсіз сергелдеңге қатысты арыз-шағымды көп жазған.

«Облысәкімдігіндегі жұмысыма үш ай болды. Осы уақытқа дейін тәртіптік жаза шараларынқолданғым келмеді. Ауызша ғана ескертіп келдім. Бірақ, өкінішке қарай,мемлекеттік органдардың кейбір басшылары ескертуге атүсті қарап, олардыболдырмауға тырыспады. Халық үшін жұмыс істемегендер, мемлекеттік органдарғажүктелген міндеттерді дұрыс атқармағандар жазаланатын болады, тіпті жұмыстанбосатылады да», — деді Оңдасын Оразалин.

Бұдан өзге, облыс әкімінің спорт, мәдениет,мемлекеттік сатып алу, денсаулық сақтау және білім басқармаларының жұмыстарынакөңілі толмайтын болып шықты. Сондай-ақ, өңір басшысы Мәртөк ауданының әкіміЖандос БАЙЫРХАНОВТЫҢ басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстанкеткенін жеткізді.

Жиын барысында өңір басшысы Оңдасын Оразалинстуденттер жатақханасын салу үшін инвесторларды белсенді түрде іздеу,абаттандыру жұмыстарын күшейту, көшелерді жарықтандыру, Ақтөбе қаласыныңкөшелері мен аулаларын санитарлық тазалықтан өткізу бойынша бірқатартапсырмалар берді.

«Барлықмемлекеттік органдардың басшыларына ескертерім: егер кімде-кім менің атымнанбелгіленген заң мен ережелерге қайшы келетін қызметтерді көрсетуге келетінболса, ең алдымен бұл туралы маған хабарлаңыз. Менің атымнан келгендер кімболса да өзіме хабарлаңыз. Осындай өтінішті орындағандар сол үшін жауап беретінболады», — деді.

Коллаж:zhasalash.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16