Орбұлақ шайқасы жайлы орыс тарихшылары жазған

20.01.2020, 16:04

10

«Жас Алаш» сайтында жарияланған  жазушы  Қабдеш Жұмаділовтың  мақаласын  оқып, жайсыз хабар алғандай көңіл-күйімбұзылып, бұл неғылған бітпейтін дау-дамай деген ойға берілдім.  Бұрынғы жылдары сан рет айтылып, сәні де кетебастаған әңгіме. Екі тарап та тынышталған секілді еді,

қайтадан басталыпты. Жаңадан табылған бұлжытпас дерек,тарихи құжат болса тағы бір жөн. Бар өзгеріс – «Орбұлақ шайқасы»  деген фильм түсіріліпті.

Қабдеш Жұмаділовтың  кезінде «Жұлдыз»  журналына  шыққан «Соңғы  көш»  романынан бастап,  барлық  жазған шығармаларын оқығамын. Ұнатқан соң оқыдым.Үлкен жазушы ретіндеқұрметтеймін.

Жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің те «Жұлдыз» журналында жарық көрген «Күнәлі махаббатынан»бастап, барлық повесть, романдарын оқыдым. Газет, журналдарда жарияланған  мақалалары мен сұқбаттарын да құр жібермеймін.

Жазғандары жастарға, болашақ ұрпаққа өмірдің әр қырынан тәлім-тәрбиеберетін, керек десеңіз өнегелі, өсиетті сөз деген пікірдемін.

Ауылда жүріп алғашқы шығармаларын жаза бастағанда  атақты ақын Мұқағали Мақатаев: «Бексұлтан! Әдебиетшаруаның жұмысы бауырым, оған жең түріп жалаңаяқ кірісу керек. Еңбектен, еңбектен.Мен өзім  саған сенемін», – деп хат жазғанекен. Содан тоқтамай, тынбай еңбектеніп, туа біткен талантын шыңдап, талай  биікке көтерілді, атақ- абыройға ие болды.

Бір сөзбен айтқанда екеуі де талантты, мықты жазушылар. Осытұрғыдан сөз таратсам, шығарма – жазушының жан дүниесі, оның мәдениет деңгейі, ой-өрісі, көзқарасы, білімі, мінезі.

Ел өмірінен жазушы ешқашан да тысқары бола алмайды. Оләмәнда халқымен бірге жасайды. Қай заманда да, қандай жағдайда да жазушының қоғамдықөмірден алар орны айрықша.  Өйткені ол өміртынысын тап басатын тамыршы ғана емес, өзі өмір сүріп отырған дәуірдің көреркөзі, айтар сөзі, жалпы елдің тәрбиешісі. Қалың оқырманы айтқанын тыңдайды,жазғанын үлгі тұтады. Ал бітпейтін, бас аяғы көрінбейтін айтыс-тартыс кімгеүлгі болады?

Ұстаса кетер ілік емес, сыйластыққа дәнекер іздеуімізкерек. Адамдар қай заманда да өзін қоршаған ортада жөнді-жөнсіз қағысуды емес,ретін тауып табысуды ойлаған. Пайғамбарымыз «Мұсылмандардың арасындағы өкпелесу үш күннен ары бармауы керек», –деген екен.

Осы тұрғыда Қ. Жұмаділовтың мақаласына байланысты бейтарап,үшінші жақ, оқырман ретінде өз түсінігім, пікірім бар. Халық жазушысы дегенатағы бар үлкен адам жалпы жұрттың, жеке адамның айтқанына да назар аударардеген үмітпен ойымды ашық білдіргенді жөн көрдім.

Тарихшы болмасам да еліміздің өткен өмірі туралы әртүрліғылыми еңбектерді оқып жүрем. Оның ішінде қазақтар мен Жоңғар хандығы туралыкөптеген зерттеулер жүргізген  ғалымдарН. Иакинф (Бичурин), В. Бартольд, А. Левшин, В. Вельяминов-Зернов,  В. Радлов,  И. Златкиндердің  жазғандарын да қайталап қарадым. Тарих ғылымдараныңдокторы  И. Моисеевтің  өткен ғасырдың алпысыншы жылдары жарияланған«Қазақтар мен Жоңғар Хандығы» деген кітабынан да біраз мағлұмат алдым. 

Қ.Жұмаділов мақаласында: «Орыс архивінде сақталған мәліметте қонтайшы 50 мың әскермен қырғызғақарсы жорыққа аттанғаны, қазақ ханы 600 сарбазбен алдын бөгегені айтылады..

Бексұлтан  «Жәңгірхан жоңғарға қарсы окоп қазып соғысты» дейді.  Қазақ пен қалмақ ешқашанокоп қазып соғыспаған. Батыр қонтайшы жер басып алу үшін емес, Алатау қырғызынкөшіріп әкету үшін келе жатқан. Алатау қырғызын өзіне қосып алмақ», – дегенмәліметтерді келтіріпті.

Ал тарихи құжаттарда қалай жазылған? И.Я.Златкиннің  « История Джунгарскогоханства» деген кітабынан үзінді келтірейін.

«Русские   имонгольские источники много и довольно обстоятельно говорят о конфликте 1643года и его последствиях. Первым, кто рассказал о нем, был Г. Ильин.

В феврале 1644 г. Возвратившийся в Тобольск из поездки кБатур – хунтайджи. Он доложил воеводе Куракину; « Как де они пришли к контайшев улусы, и  в те поры в улусах его небыло;  ходил де войною на Янгир –царевича. Казачьи орды, да на Ялантуша, да алатав-киргизов. А ходило де с нимивоинских людей 50 тысяч. И жили де они в том улусе 4 месяца.

Рассказ Г. Ильина свидетельствуют о том, что поход противказахов начался зимой 1643 года  и длилсядо середины лета 1644 г., что в походе участвовали ойратский владетельныекнязья, образовавшие целую коолицию во главе с Батур хунтайджи. К этой коолициипримкнул даже сын халкасского Алтын – хана, Омбо Эрдени, в ее  распоряжений была значительная армия. Нопоход  оказался не вполне удачным дляБатура и его союзников. Г.Ильин рассказывает: Как де он контайша ходил наЯнгира-царевича и на Ялантуша войною и взял де он контайша две землицы алатай –киргизов. И Янгир де к контайше пошел навстречу с войском, а воиска де было сЯнгиром 600 человек. И Янгир де покопав шанцы меж камнем, и в те шанцы посадил300 человек с вогненным боем, а сам тремя стами став в прикрытье за камнем. Иконтайша с воинскими людьми приступил к шанцам и из шанцов де у контайши побилимногих людей и с другую де сторону на него же, конитайшу приходил с воинскимилюдьми сам Янгир и побил де у контайши на тех двух боях людей тысяч за десять.И в ту же пору на тот бой  Янгир-царевичупришли на помощь Ялантуш, а с ним пришло воинских людей тысяч за 20. Иконтайши, увидя тех воинских людей, пошел назад, а тех де людей, которых он,контайши, взял у Янгира увел с собою. И ныне де те землицы за ним же контайшею.А нынешней де весны контайши хочет идти войною на него же, Янгира и наЯлантуша.

Сведегния, сообщаемые Г. Ильиным находят подтверждение инекоторое дополнение в рассказе Бахтыя, посла ойратского Аблай-тайши,прибывшего в феврале 1644 года в Тобольск

Батур был полон решимости отомстить казахскому Янгиру,равно как и ойратским князьям Хундулену, и другим, уклонившимся от участия впоходе. Документы свидетельствуют об организованнной им закупки оружия ипредметов военного снаряжения в Кузнецком уезде». Орыс елшісі әрі барлаушысы Г.Ильин Батурдың Қазақ ордасын шабуға шыққанын және Жәңгірдің 600 сарбазымен орқазып, күркірей атылатын қорғасын оғы бар қару колданып, жауды үлкен шығынғаұшыратқанын баяндайды.

Окоп қазып соғыспаған деген сөз қайдан шыққан?

Тағы бір мақаласында Қ. Жұмаділов  «Жекпе – жекте өз теңімен хан – ханға,батырға батыр шығуы керек. Ал Нұржекеұлы қазақтың әйгілі ханы Салқам Жәңгірдіқалмақтың бір белгісіз жас жігітімен сайыстырып қойды», –деп жазған еді.

Ол туралы И. Златкин «В биографии Зая – Пандитысообщается, что очередная ойратско – казахская война началась в 1652 г., причемв этой войне отличился 17 – летнийй сын Очирту-Цецен хана – Галдан, который вединоборстве поразил Янгира», – дейді.

Жәңгір хан 600 сарбазымен қырғыздарды құтқаруға Санташасуына барып, Батұрдың 50 мың қолымен шайқасқан деген болжамның еш негізі жоқ.Ойрат-халханың біріккен қолы Қазақ жеріне шабуыл жасап, қолға түскендердіқұлдыққа, күңдікке айдап бара жатқанда Жәңгірдің  айдаладағы қырғыздарда несі бар.

Г. Ильиннің айтуынша, Батұр шегінгенде Жәңгірдің тұтқынғатүскен адамдарын өздерімен бірге алып кеткен.

Ал  Орбұлақ шайқасыболған  жерде шығыстан батысқа қарайжарыса созылған екі таудың арасында қазылған ордың ізі әлі күнге дейін айқынкөрініп жатыр. Сол төңіректегі қараусыз қалған қалмақтардың мүрделері қазақ пенқалмақтардың  арасындағы талай соғыстың куәсі.

Жазбаша тарихы жоққа тән халқымыздың өткені аңыз әңгіме,өлең-жыр, әртүрлі дастан, хикаялар түрінде атадан балаға, бір ұрпақтан екіншіұрпаққа жетіп отырған ғой.

Б. Нұржекеев өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастапкөнекөз қариялардан естіген, өзі барып көрген Ордың бұлағы және қалмақтарменболған үлкен шайқас туралы көлемді мақалалар жазып жүрді.

Тоқсаныншы жылдардың басында Қазыбек Бек Тауасарұлының «Түп– тұқияннан  өзіме шейін» аттыөмірбаяндық кітабы табылып жарық көрді.

Салқам Жәңгір мен Батұрдың  арасындағы шайқас туралы  жер-су аттарын, қай маңда болғанын тайғатаңба басқандай ғып осында да көрсетіпті.    

Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы жылдығы атап өтілді. Осышайқастың маңыздығы туралы ғұлама жазушы, мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаев  баяндама жасады.

Осы арада айта кететін бір жайт бар. Бексұлтан Нұржекеұлы1986 жылы саяси қырағылық танытқан біреулердің көрсетуімен,  хандар мен сұлтандарды орынсыз дәріптегентәрізді айыптаулармен қызметінен босатылып, біршама қиындық көреді. Төрт жылдайжұмыссыз жүреді.

1987 жылы Жазушылар одағында  Б. Нұржекеевтің оны қудалауға негіз болғаншығармасы талқылағанда,  Қ. Жұмаділов: «Бізосында әділдікті айту үшін, шындықты қорғау үшін жиналдық. Халықтың тарихын,өткенін неге жазасың деп жазушыға кінә тағуға бола ма? – деген пікірін ашықайтыпты. Сонда Қабдеш ағамызға риза болып едік.

Қазыбек Бек Тауасарұлының кітабында Қабанбай батыралпыстан асқан шағында қалмақ батырымен жекпе-жекке шығып, жер жастандырады.Сарбаздарының алдында жауды жапырып жүрген, жүрек жұтқан батырды көреміз.Бөгенбай батырға жекпе-жекте жан шақ келмейді. Көреген қолбасшы. Түн жамылыпжау қосынына кіріп, барлау жұмыстарын жүргізеді. Сол деректерді пайдаланып,күні бұрын жоспар құрады. Айта берсе бұл кітаптың хандар мен батырлардыәспеттеген жақсы жақтары көп. Ал енді ел аузында бұрыннан айтылып жүргенбірді-екілі әңгіме мұнда да айтылды екен деп, шам шақыру қалай болады?

Бексұлтан Нұржекеев болса бар өмірін қалмаққа қарсысоғыстарда өткізген, тұтқында да болған, ұрыс даласында қаза тапқан СалқамЖәңгірге ескерткіш қоямыз деп көп еңбек етті. Өзі біраз жылдардан бері Шыңғысханды зерттеп, бірнеше көлемді еңбектерін баспасөз бетінде жариялады. Аңырақайшайқасын басқарған Бөгенбай екені туралы, Абылай хан туралы да жазды.

Сегіз Сері,Әсет, Дәнештердің творчествосы туралы көпізденіп, зерттеп халыққа жеткізді. Манарбек, Күләш, Ж. Омарова, Жәнібек, Ә.Қастеевтергеарнап қызықты әрі мағыналы мақалалар жариялады.

Бәрін айта берсең таусылмайды.

Ғұламаның айтқанымен аяқтайын.

«Қадірлі Бексұлтан!

Ауыр балалық шақтан арып қалмай, албырт жастық шақтаадасып кетпей, асау арманыңның тізгінін берік ұстап, ұлттық руханияттыңұлағатты ағасы атандың. Талант пен парасаттың басын қосып, бодан жылдары жаппаймәңгүрттеніп кетпеуімізге, бостан жылдары есірікке ұрынбауымызға, халқымыздыңқанаттануына, еліміздің еңсе тіктеуіне қалтқысыз еңбек етіп жүрсің. Арман менабзалдыққа, мейірбандық пен сүйіспеншілікке, ар -намысқа үндейтін үздікшығармашылығыңыз талай ұрпаққа рухани талықсытпайтын ізгілік нәрін тауып береалары сөзсіз. Қаламдастық, замандастық пейілмен қолыңды қысып, бетіңнен сүйдім.

Зор құрметпен Ә. Кекілбайұлы. Астана, 2001 жыл».

Тарихтан белгілі, 1630 жылдан бастап, Жоңғар хандығы 1635,1643, 1651- 1652, 1681-1684,1717, 1723, 1725 жылдары, одан кейін 1755-1758жылдары біржола жойылып кеткенге дейін Қазақ жеріне жойқын шабуылдар жасаған.Оның арасында тарихқа кірмеген  қаншамашапқыншылық болды.

Қазақтар да үнемі зорлық –зомбылық, зәбір-жапа көріпжүрген жоқ. Қарсылық көрсетті, қарсы шабуылдар ұйымдастырды. Соның біріОрбұлақ  шайқасы. Мен заңгер болғанннанкейін, кейде басқалар байқай бермейтін жайттарға да назар аударғанды жөнкөремін. Міне, осындай ыждаһаттылыққа салсақ, Орбұлақ шайқасының «Қазақстанныңжалпыұлттық киелі орындары» тізіміне енгенін де айта кеткен жөн.

Мың өліп, мың тірілген қазақтың  бір бөлігі ғасырлар бойы сол өлкеге ие болып,өмір сүріп жатыр. Сол жердіңтұрғындары біраз жылдан бері өздері тұрып жатқан, шекарада орналасқан ауданға«Орбұлақ» аты берілсе деген талап-тілегін айтып жүр. Қолдау күтеді. Мектепоқушыларының «Ата-баба қорғаған, Орбұлақта тұрамыз»  – деп ән салып жүргендерін де көрдім. Жақсыәсер етеді екен. Оң шешім қабылданатын шығар деп үміттенеміз.

Фото: qasym.kz

Мақытбек  Қосаев, заңгер.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13