Орбұлақ шайқасына қанша ақша кетті?

21.10.2019, 07:15

224

Болат НАЗАРБАЕВШардарада дүркіретіп той беріп жатқанда Алматы облысының шенділері детұрғындарға тегін бауырсақ пен қымыз таратып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.«Bauyrsaq party» мен «qymyz bar» фестивалімен қатар Талдықорғанқаласының ипподромында спарталықтардан кем түспейтін қазақ батырларының ерлігі туралы Орбұлақшайқасының тарихи қойылымы ұйымдастырылған болатын. 

Бұл шараға Ішкі саясат басқармамының басшысы РұстамАЛПЫСБАЕВ бұрынғы президенттің інісі сияқты қалтасынан ақша шығармаса да облысбюджетінен 99 миллион теңгебөлгізген екен. Бұл — мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған баға. Бұданбасқа да шығындарды ұйымдастырушылар шара соңынан тағы есептейтінін айтқанболатын.

Жас шенеунік соңғы уақытта әкімшілік қызметтен бөлекшығармашылығымен де таныла бастады. Рұстам Әлиұлының жетекшілігімен өткентарихи қойылым алғаш рет қазақ хандығының 550 жылдығында сахналанған екен. Ал,бұл жолғы «Орбұлақ шайқасының» тарихи қойлымын идея авторы әріжетекшісі «Алтын Орда» хандығының 750 жылдық мерейтойына орайұйымдастырыпты.

Голливудтың блокбастерлерінен кем түспеген шендініңавторлық туындысын халықпен бірге облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ пен Индустрияжәне инфроқұрылымдық даму министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ тамашалады.


«Орбұлақшайқасын» сахналау үшін Бауыржан ӘБІШЕВ бастаған 60-қа жуық кәсібикаскадер, қазақ-жоңғар шайқасын көрсету мақсатында 500-ден астам әртісалдыртқан екен. Олардың арасында танымал актер Аян ӨТЕПБЕРГЕН және Асылхан ТӨЛЕПОВТАРбар. Сондай-ақ, қойылымды сахналауға пиротехниктер мен өзге қызмет түрлеріжұмылдырылды.

"Мәскеу түбінде өткен «Бородино»шайқасын ресейліктер қалай насихаттайтынын білесіздер. Әр қыркүйектің басындаоны тамашалау үшін 10 мыңнан 100 мыңға дейін адам жиналады. Карфаген менримдіктер шайқасқан Картахенаға әлемнің әр түкпірінен мыңдаған туристержиналады. Келтіретін болсақ мысалдар жетерлік. Қазақ тарихында да ауыз толтырыпайтуға болатын шайқастар болды. Соларды насихаттауымыз керек. Бұл болашақұрпақтың намысын, рухын ояту үшін керек", — дейді Алматы облысы Ішкісаясат басқармасының басшысы Рұстам АЛПЫСБАЕВ.

Айтпақшы, жастардың патриоттық сезімін ояту үшін бірреттік шараға 99 миллион теңге бөлініп жатқан облыста мектепке зар боп отырғанауылдар бар. Сарқан ауданына қарасты Бақалы ауылының тұрғындары облыс бюждетінеқол созбай-ақ өздері мектеп тұрғызып бастаған. Алайда, қаржы жетпегендіктенбастаған істері аяқсыз қалды.

Ал, біздің шенділер 376 жыл бұрын өткен шайқастынасихаттап жатқанда жапонның жас ғалымдары әуеде ұшатын көліктер шығаруға жақынқалды.


Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58