Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі: заң талаптары күшейтіледі

28.10.2019, 09:26

177

Далада жүгірген аңмен ұшқан құстың өзі кез келген елдің байлығы саналады. Тіпті, шекара ауыпкетпеуін қадағалап та жатады. Дегенмен, өрісін жаз бен қысқа орай әр түрліелден іздейтін жабайы жануарлардың амандығы қайда жүрсе де маңызды. Байлық қанаемес, даланың сәні есептелетін жануарлардың көбеюі экологиялық мәселелерде деүлкен роль атқарады. Мәселен, бір аң немесе құс жойылып кетсе, соған байланыстыбірнеше проблема туындауы мүмкін. Сол аңмен қоректенетін өзге бір аң ауып кетуімүмкін немесе сол аң қорек ететін әлдебір зиянкес көбейіп кетуі мүмкін. Бұл өзкезегінде табиғи айналымның бұзылып, үлкен экологиялық апатқа әкеп соғуымүмкін. Сондықтан, қазақ даласындағы аң мен құстың қауіпсіздігін қамтамасыз етукүн санап артып келе жатқан үлкен жауапкершілік. Осыған орай қазір Қазақстандаорман шаруашылығы, жануарлар дүниесіне зиян тигізуге қатысты тәртіп пен заңдыкүшейту мәселесі жиі сөз болып жүр.

Елордада экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭГТРМ) Орман шаруашылығы жәнежануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбековтің қатысуымен«Браконьерлікпен күресу жайлы» брифинг өтті. Спикер басқосудыПарламент Мәжілісінде заңсыз аң аулаушыларға жазаны қатаңдату жөнінде қаралыпжатқан заң жобасы жөнінде баяндаумен бастады:

— Негізгі қозғалыпотырған екі мәселе — заңды қатаңдату мен инспекторлық құрамды әлеуметтік қорғаужәне оқыту. Осы уақытқа дейін ұсталған браконьерлер айыппұлмен құтылса, қаралыпжатқан заң қабылданса 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Инспекторлардың әзірлігі үшін қаржы-экономикалық есептер жүріп жатыр. Олинспекторларды технологиялар жағынан (дрондар, камералар, травматикалық қарулармен жеке қорғану құралдары) жарақтандыру үшін қажет. Одан бөлек, оқу бағдарламаларыәзірленіп жатыр, — деді Асхат Қанатұлы.

Жуырда Ұлттыққауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 3000 киікті қырған қылмыскерлерді құрықтағанболатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселе жөнінде қатаң жаза қолданудытапсырған. Өз кезегінде журналистер Асхат Қанатұлына «3000 киікті біркүнде қырмағаны анық, инспекторлар қайда қараған?» деп сауал тастаған еді.Ал төраға елімізде соңғы 10 жылда киік саны 330 мыңнан асқанын айтып, жоғарыдааталған қырғыннан аса экологиялық зардап жоқ екеніне сендірді. "Әрине 3000киік аз емес, инспекторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеужүргізіп, құрықтау амалдарын жасағанға дейін қырып үлгерген",  деді спикер.

Бұқаралық ақпаратқұралдарын тағы бір толғантқан нәрсе — инспекторлардың жалақысы мәселесі менбраконьерлердің кей жағдайда құқық қорғау органдарындағы лауазымды адамдарменкелісіп, жымысқы әрекеттерін іске асыратыны. Бұл сауалға төраға жуырда БатысҚазақстан облысыны (БҚО) жасаған сапары кезінде инспекторлар 15 күнге 80 мыңтеңге алатынын айтып, «бұл қаражат аз емес» деп тоқталды.

— Лауазымды адамдарбраконьерлерге көмек көрсететін жағдайлар кездессе — бәрі де заң алдында жауапбереді. Аталған қылмыс түрі өршіп тұрған БҚО, Атырау, Ақтөбе, Алматыоблыстарына тексеріс күшейтіледі. Жаңа заң бойынша егер браконьер алғаш болыпоқ атса, инспекторға қару қолдануға рұқсат береміз, — деп сөзін аяқтады.

Жыл басынан беріеліміз бойынша 5921 браконьер әкімшілік жауапкершілікке, 48 адам қылмыстық жауапкершіліккетартылып, 69,1 миллион теңге өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен(7330 адамнан 72,1 миллион теңге өндірілген) салыстырғанда жақсы нәтиже дейдіАсхат Қайнарбеков.

Фото: kznews.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!
Сайт әкімшілігі 23.02.2021, 17:12
Nur Otan елорда, Алматы және Шымкент тұрғындары үшін не істемек?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51