Орман-тоғайдың өмірі – адамзаттың өмірі

26.09.2019, 12:26

74

Ауа – қадірібілінбейтін, ең құнды күллі тіршіліктің көзі. Ал ауаның таза да саф болуы — табиғаттың өз үйлесімін жоғалтпай, жасыл желекті ормандардың, өсімдіктердіңөміршеңдігіне тікелей байланысты.

Демек күллітіршілік, жануарлар мен адамның да денінің сау, ғұмырының ұзақ болуына алдыментаза ауаның алатын орны ерекше. Ал ауаның ластанбай, таза тұруы табиғаттың,орман-тоғайдың құлпырып жапыраққа бай болғанымен де тығыз байланысты.

Заман өзгеріптехника дамып, ауаны ластайтын факторлар барынша артып келеді. Ауыл шаруашылықминистрлігі, орман шаруашылығы комитеті, осы мәселелерге, келетін қауіптергетосқауыл қоюға, қоршаған ортаны, орман тоғайларды қорғауға қандай шаруаларатқарып жатыр, нендей игіліктерге кенеліп жатырмыз, және қандай қауіптер бар,солар жайлы шолу жасап көрелік.

Орман-тоғайдың,жалпы табиғат үйлесімділігің бір-бірімен тығыз байланыста екенін, бір ғанатүрдің жойылуы бүкіл табиғаттың аса шебер байланысын үзіп, үлкен жүйенің айналуынааса зор зияны тиетінін өткен ғасырдағы Қытай еліндегі шыбындарды жоюкатастрофасынан білеміз. Яғни үкімет зиянды, ешқандай пайдасы жоқ делінгеншыбынды химиялық дәрілер арқылы жойып жібереді. Кері әсері көпке бармай білінебастайды. Дәлірек айтсақ, шыбын-шіркейді қорек ететін құстар азық таба алмайқырғынға ұшырайды. Орман-тоғайдың дәрігері атанған құстар жойылғасын ағаштардыңдіңіне құрттар дендеп, өзегі қиылып ормандар қурайды. Бұл ойдан шығарылғанмәселе емес, тарихи факт. Сондықтан орман шаруашылығындағы, дәрілік өсімдіктер,қыты күні шыршалардың оталуы, аптап ыстық жаза өртке орануы, т.б.орман-тоғайдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

Қытай елі солкемшілігін толтырғысы келсе керек, соңғы жиырма жылдықта, құмды далаға дейінағаш-тал егу науқанын аса бір ыждағаттылықпен, мемлекеттік тапсырыспен жоғарыдеңгейде жолға қойды. Қазіргі таңда сол жиырма жыл бұрын отырғызылған құмдыалқаптағы, су мен күтімді ерекше қажет еткен балапан шыбықтар, бүгінде жасылжелекке айналып,  бұрынғыдай қатты жел, дауылдардыңкөтеруімен маңындағы қала, қыстақтарды әуреге салатын еді. Қазір ол жоқ. Жаңағыорман, бір жағынан аймаққа көрік берсе, бір жағынан қорған болып тұрған жайыбар.

Экс-президенттіңөзі бастап отырғызған, астанамыздың маңындағы тал шыбықтар бүгінде қарқындыдеңгейде өсуде. Әрине Ақмола облысында орманды алқаптардың көбейгені кімгеболсын тигізер пайдасы мол.


Біздің елдің жеркөлемі кең екені күллі әлемге аян. Алайда кең жерімізді халық қаншалықтыигілікті пайдаланып, жемісін көріп жатыр?! Рас, жеріміздің көп бөлігі,егіншілікпен айналысуға немесе мал шаруашылығына жайылым мен шабындық жерретінде пайдалануға да тиімсіз. Сораң не шөлді алқаптарды айтпасақ та, эрозияғаұшырап тозып, су көздерінің жетіспеушілігі мен жаңбырдың аздығынан, күнніңыстығынан қаншама ұлан ғайыр алқаптардың аңқасы кеуіп орман  түгілі пайдалануға бола қоятын жердіңжетпейтіні де шындық. Сондықтан қазіргі кездегі түрлі техниканың дамуынпайдалана отырып, құмды алқаптарға дейін жасыл орман жасауға болады. Әрине олүшін, елі мен жеріне жаны ашитын, жай ғана айғай салатын емес Отанына осылайпайда келтіретін патриот кәсіпкерлер мен шаруалар айналысуы қажет. Ал мемлекетол кәсіпкерлерді техникалармен жабдықтап, салықтың деңгейін төмендетіп,жеңілдетілген несиелер беріп жұмыстары жанданып, істері алға басқанға дейінқолдау білдіргені жөн болар еді.

Әрине жоқтан бардыжасау оңай шаруа емес. Біз әуелі үлкен тәуекелге бармас бұрын, Тәңір сыйлағантабиғи байлықтарымыздың, әсіресе орман-тоғайымыздың амандығын қамтамасыз етубірінші орында болуы керек. Өзге жұрттар осы орман кәсібімен, анығырақ айтсақ,ағаш өңдеу ісімен-ақ өздерін ғана емес өзге мемлекеттерді де ағаш өнімдерінедеген сұранысты толтырып, мемлекет қазынасына да тәп-тәуір қаржы құйып отырғаныбаршаға мәлім. Қазіргі кезде күз болса орман ағаштарын отынға тасуы, қыс болсажаңа жыл мерекесі деп жап-жас шыршаларды отауымыз, жаз болса тілсіз жау өрткеорана кетуі, көктемгі сел тасқындарда тамырымен қоса қопарылып күйреуі шыныменде ормандарды, жасыл алқаптарды қорғауға деген қажеттілікті арттырады. Қазірбұл салада атқарылып жатқан жұмыстар да жоқ емес.

Жақында ғана өрткеоранған Ресейдің орманды алқаптарының зардабы, былтырға АҚШ шттартарындағыорман өрті, мемлекеттің көркі мен қазынасына орасан зор  зиян келтірді. Есі дұрыс адам пайдасы болмасазияны жоқ, алып ағаштарды жайден-жай өртей салады деуге адам сенбес. Алайда,орман аралап қыдырып жүрген, орман арасындағы жолмен өтіп бара жатып тастайсалған сөндірілмеген шылымның өзі алапат өрттің тұтануына сеп болады. Орманөрті, жайқалған ағаштардың ғана емес, қаншама жан-жануарлардың, тіптіадамдардың да ажалына алып келу қаупі зор. Сондықтан өрттен кейінгі ойсырағанорынмен, аса ауыр шығынға ұшырағанша, соның алдын алып, салдарымен ғана емессебептерімен де күресуіміз қажет. Орман шаруашылығы комитеті мен халық,қауіпсіздік ережесін сақтауды орман кіре берісінде, «Өрттен абайлаңыз» дегенжазулы тақтайшамен ғана қорғай алмаймыз. Аумақ тұрғындарына, арнайы орманшыларүнемі бақылауда ұстап отыруы шарт. Орман біздің қорғанымыз болсын десек, бізорманды қорғауымыз қажет.

Осыған орай соңғыкездері ормандарда, тау-далалардағы демалыс орындарында от жағіға қатаң тыйымсалынып жүр. Отты тек арнаулы рұқсат берілген жерлерде ғана жағуға болады. Бұрындарыәркім қалаған жеріне жайғасып алып, от жағып, артынан қоқыстарын тастап жүреберетін. Қазір Орман шаруашылығы мамандары сондай орындарда көптеп жүреді,керек кезінде тоқтау айтады, ескерту жасайды. Әсіресе халық көп шоғырланғанелордамыз бен Алматы, Шымкент сияқты мегаполистердің айналасындағы табиғидемалыс орындарында өрттің болмауын, қоқыс қалдықтарының азаюын ерекшебақылауға алынғаны белгілі. Өйткені, келушілер мен демалушылар көп болған сайынтабиғатқа келер қауіп те арта түседі. Осыған сәйкес, тағы бір айта кетерлігі –орман-тоғайларды қоқыстан тазарту ісі бойынша да көптеген істер қолға алыныпжүр. Бұған мемлекет тарапы материалдық жағынан ғана емес, идеологиялық жағынанда біраз шаруа атқаруда. Өйткені, ел табиғатты аялауды өзінен бастамай,орман-тоғайлардың жайы түзелмек емес. Осыған орай табиғаттың адамдардың қолынанғана жойылатыны бұған дейін бірнеше мәрте дәлелденгенін жұрт та біле бастады.

Орман-тоғайдың тағыбір жауы – ағаштарды отау бойынша. Бұрындары ормандар мен тоғайлар отынға деп,құрылысқа деп еркін оталып келген. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластық та мұндайконтрабандалық жолмен жасалатын қылмыстарға біраз дем бергені анық. Ендісыбайлас жемқорлықпен күрес, ағаштарды рұқсатсыз кескені үшін салынатын айыппұлкөлемін өсіру сияқты бұл тараптарда заңдық тұрғыда қатал талаптар қойылып, әкімшілік,қылмыстық істерге жете мән беріліп келеді. Бұл өз кезегіндеорман-тоғайларымызды сақтап қана қоймай, көлемін өсіру, бұрын оталып, құрыпкеткен орындарын қалпына келтіру жұмыстары да қарқынды жүріп келеді. Бұлтарапта әсіресе жас ағаштарды отырғызу, ағаштарды жұқпалы аурулардан емдеу жәнеалдын алу сияқты іс-шаралар жүргізілуде.

Тағы қоса кетерлігі, соңғы жылдары әдемі табиғатына қызығып, тау бөктеріне үй салу, ағаштарды отап тастап, орнына құрылыс нысандарын тұрғызуға да біршама шектеулер қойылды. Саяжайлық жерлерге мектеп, аурухана сияқты мемлекеттік қызмет көрсететін нысандардың салынбайтыны да осы жерді сақтаудың, табиғатты қорғаудың бір амалы деп түсіндіреді мамандар. Рас, сұлу табиғаты бар жер жалпы жұрттың демалғанына болмаса, табанына тапталып кетпеуге тиіс. 

Қысқасы, жерініңкөлемі бойынша әлем елдерінің арасында 9-орын алатын Қазақстанның көп жеріншөлейтті, далалы аймақтар алып жатыр. Сонымен қатар, орман-тоғайлы, сулы-нулыөңірлерге де кенде емеспіз. Сондықтан, орман-тоғайларды күтіп-баптап, бардыұқсата білу ұрпақ алдындағы да, отан алдындағы да ортақ борышымыз. Қорықтарымызкөбейіп, ерекше қорғалатын табиғи парктердің саны мен көлемі жыл сайын ұлғайыпкеле жатқанына қарап Қазақстанда жалпы қоғам да, мемлекет те бұл міндеттіорындау жолында аянбай еңбек етеді деп ойлаймыз.

Фото: kaznau.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57