Орсариев орнында қанша отырады?

22.12.2019, 09:28

179

Білім жәнеғылым министрілігі «Ғылым қоры» басқармасының бұрынғы төрағасы Әнуарбек СҰЛТАНҒАЗИНГЕқатысты сот үкімі шықты.

2019 жылдыңшілде айында Әнуарбек Сұлтанғазин ЖОО-ның ректорынан 5 мың АҚШ доллар пара алдыдеп күдікке ілінген еді. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсыагенттік қызметкерлері таратқан мәліметтерге қарағанда Сұлтанғазин Қарағандымемлекеттік университетінің ректоры Азамат ЕДРІСОВТЕН «білім және ғылымминистрінің жеке қабылдауын ұйымдастырып беремін» деп 5 мың АҚШ долларын алған.Ол кезде министр қызметін КүләшШӘМШІДИНОВА атқарып жүрген болатын. Елордадағы №2 Алматы аудандық соты Сұлтанғазинге57 миллион теңге айыппұл салып, өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынанайырды.

Жақында сенатор Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ білім және ғылымминистрлігіне қарасты «Ғылым қорының» қаржысын 200 млрд теңгеге дейін көтерутуралы ұсыныс жасаған еді. Осыдан-ақ, бұл мекемеге басшылық жасау кез-келгенніңуысына түсе бермейтін бақыт екенін байқайсың. Ал, бұған дейін білім және ғылымминистрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған Арын ОРСАРИЕВ қазан айында осы«Ғылым қоры» басқармасының басшысы болып тағайындалғаны белгілі. Осыдан кейін«Көмекшісі миллиондармен істі болып жатқанда оның басшысын миллиардтарғажетекшілік жасауға қойғаны несі?» деген әңгімелер айтылмай қалған жоқ. Жалпыалғанда 2019 жылы Арын Орсариевтің басынан дау кетпейқойғаны жасырын емес. Соның бірі ретінде осы жылдың басында Орсариевтің көмекшісі тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалып, басы дауға қалғанынайтуға болады. Яғни, министрлік қызметкері студенттерге арналған жазғы білімберу стартап мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 миллион теңгеден астамқаражатты жымқырған көрінеді. Аса ірікөлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінген ол бюджет қаржысын ұрлауфактісі бойынша істі болып, дәл қазір сот отырыстары өтіп жатыр. Әрине, күдікке ілінген көмекшінің қаржы жымқырғаны туралы фактініңрас-өтірігін сот анықтайтын болады. Бұл іске жауапты хатшының тікелей қатысыбар деп кесіп айту да қиын. Дегенменде, білдей бір министрліктің қарапайымқызметкері бірнеше миллиондаған қаржыны жалғыз-жарым жымқырды дегенге ешкім десенбейтіні анық.

Осы жерде президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ мемлекеттікқызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңғаөзгерістер мен толықтырулар енгізіп, егер қол астындағы қызметкер параменұсталса, мемлекеттік орган басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс дегеншешімі еске түседі. Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының бұрынғыкөмекшісінің қылмыстық ісі дәлелденіп жатса, президент шешімінің Арын Орсариевтіңқызметіне әсер ете ме, жоқ па, ол жағын енді уақыт көрсетеді.

Фото: informburo.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08