Өртенген қойдың құнын кім өтейді?

Миуа БАЙНАЗАРОВА

27.10.2020, 05:21

2272

Қызылорда облысында 700 бас асылтұқымды қой далада тірідей жанып кетті. Тағы бірнеше қозы күйіп қалды.

Жаңақорған ауданындағы жағдайды жіті тексеруге арнайы комиссия құрылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, шаруа қожалығы күзгі жиын-терімнен кейін күріш алқабын тазаламақ болып өрт қойған. Шаш етектен шығынға батқан серіктестіктің шығынын кім өтейді? «Түгіскен» шаруа қожалығы күріштік алқабын өртеген. Жалын сол жерде жайылып жүрген «Ынтымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің малдарына ұшқан. Шопан оттың лезде жайылғанынан қорқып, өзі бас сауғалап қашқан. Серіктестік асылтұқымды мал басын көбейтумен айналысады. «25 жыл бойы жиғаным күлге айналды» деген құрылтайшы шығынға шаш етектен батқанын жеткізді.  

Мейіржан Құтыбаев, «Ынтымақ» ЖШС құрылтайшысы: Аналық бас, кем дегенде, алпыс мың теңге тұрады, асылтұқымды қой ғой. Міне, осы мал, оның ішінде, 500 бас тоқты өртке оранып, тірідей жанып кетті. Бәрі семіз күйікке түсуге дайын тұрған. 90 мыңнан қошқар әкеліп, қосқанбыз, олар да оттың құрбанына айналды. Күріш алқабының қожайындары, жиын-теріннен кейін жерді тазалау мақсатында от қойыпты. Олар отар қойдың жайылып жүргенін де көрген. Бірақ мұның соңы бұлай болады деп ойламадық, – дейді.

Ғабит Исаев, «Түгіскен» шаруа қожалығының төрағасы: Осы айдың 22-23 теріне жауын жауады деген болжам айтылған-ды. Сондықтан біз қураған шөпті тез өртеп, зәкке дайындауымыз керек болған. Мысалы, анау алтыншы картада от қойған. Бірақ ол жақта мал жоқ шығар деген едік. Сол екі арада жел күшейіп, от күш алып кетті. Әйтпесе, дәл мал жатқан атызға ешкім әдейіліп от қойған жоқ. Қазіргі таңда шығын көлемін арнайы құрылған комисссия есептеп жатыр. Күйік шалған төлдердің есебінен қырылған мал саны артуы да мүмкін. Ал оны кім өтейтіні әзір белгісіз.

Қайратбек Сәрсенбаев, облыстық мал шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: Егер сот келтіріліген залал өтелуге тиіс деген шешім қабылдайтын болса, онда шығын бюджет есебінен өтелетін болады. Бұл жайында алдын ала хабарланған. Сол жерде мал жаюға болмайды, от қойылады деген ескерту жасалынған. Егер екінші жақ ешкімді ескертпей, малды алып кетуге мүмкіндік бермей, өртеп жіберген болса, бұның бәрін аудандық ішкі істер бөлімі шешеді. Қазіргі таңда егіс алқабын мал өлекселерінен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Иә, жергілікті атқамінердің айтқан уәжі қисынды шығар, бірақ өлекселердің арнайы орынға емес, сол маңға көмілуі көпшіліктің көңілін күпті етіп отыр.  

Тегтер: мал басы шығын бюджет өтемақы жиын-терін мал шаруашылығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 08.12.2021, 17:50
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы облысында үшем тапқан ана балаларына пана таппай жүр...
Сайт әкімшілігі 08.12.2021, 11:20
Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері баяндалды
Сайт әкімшілігі 08.12.2021, 10:24
КВИ: Науқастар саны қайта өсіп келеді
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 18:40
Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 09:43
Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 14:40
Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма, БҒМ пікір білдірді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    08.12.2021, 12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00