"Орыс сыныбы ашылмаса ауылдан көшіп кетеміз"

Мариям МАҚСАТ

10.09.2020, 09:15

1597

Павлодарлық бір топ ата-ана президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады. Оған себеп – Баянауыл ауданының орталығындағы мектепте орыс сыныбының болмауы.

Ата-аналардың бейнеүндеуі әлеуметтік желілерде желдей есті. Олардың айтуынша, биыл Баянауыл ауданының орталығындағы жалғыз аралас мектеп басшылығы бүлдіршіндерді бірінші орыс сыныбына қабылдаудан бас тартқан. Бұған әкімдік те, прокуратура да назар аударар емес. «Егер мәселе жуық арада шешімін таппаса, ата-бабаларымыз дүниеге келген, өзіміздің кіндік қанымыз тамған туған жерден кетуімізге тура келеді», – деп отыр наразы ата-ана.

«Біз балаларымыздың қазақ тілін үйреніп, білуіне қарсы емеспіз. Бірақ олар балабақшада мемлекеттік тілде сабақ оқу түгіл, ауызекі сөйлесу деңгейін де меңгерген жоқ. Балаларымыз қазақ сыныбына барса, үй тапсырмаларын орындауға біз де көмектесе алмаймыз. Сондықтан онсыз да аралас мектепте бір орыс сыныбы ашылғанын қалаймыз. Әйтпесе бір емес, бірнеше баланың отбасы олардың ресми тілде білім алуы үшін аудан орталығындағы үйін, жұмысын тастап, қоныс аударуға мәжбүр болады», – дейді ата-аналар.

Белгілі болғандай, мектеп басшылығы орыс тілінде сабақ беретін маман жоқтығынан бірінші сыныпты ашпаған. Сондықтан ата-аналар үш баланы қазақтілді сыныпқа беріпті. Тағы үш ата-ана балалардың орыс тілінде оқығанын қалайды. «Былтыр орыс тілінде даярлық сыныбы болмайды дегендіктен, бес жасар қызымды бірден бірінші сыныпқа беруіме тура келді. Ал биыл үш баланы мектепке тіркеу туралы өтінішті қабылдамай қойды. Келесі жылы ұлым бірінші сыныпқа барады. Сондықтан бұл мәселе мені қатты алаңдатып отыр», – дейді  Кристина Бабакова.

Ата-аналар мемлекет басшысының атына бейнеүндеу жазып, оны жариялаған соң ғана шенеуніктер бұл жайтты шешудің амалдарын қарастыра бастады. Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімовтің сөзіне қарағанда, осы аптадан бастап балалар орыс сыныбында оқи алады. Оларға сынып жетекшісі ретінде басқа мектепте жұмыс істейтін жас маман шақырылып отыр. Ал негізгі сабақтарды беру үшін қазір декреттік демалыста отырған бастауыш сынып мұғалімін жұмысқа қайта шығармақ. Сөйтіп, орысша оқығысы келген үш бала да, орыс сыныбы болмағандықтан, қазақ сыныбына барған үш оқушы да ресми тілде білім алатын болыпты. Баянауыл ауылындағы №2 орта мектепте 2-10 сынып аралығында – барлығы 147 бала орысша оқиды.

Айта кетейік, Павлодар облысында балалардың мектепте қай тілде білім алатынына қатысты тартыс жиі туындайды. Бұған дейін «Солқылдақтық салдары: қазақ баласын мектепсіз қалдырды» деген мақала жариялаған болатынбыз. Онда Павлодар қаласындағы жаңа мектептің әу бастағыдай қазақтілді емес, аралас мектеп ретінде ашылатынын жазған едік. Енді тағы оқыту тіліне қатысты түйткіл туындап отыр. Атқамінерлер бұл жайтқа қатысты біржақты шешім қабылдамай, осы іспетті күрмеулі мәселелер кесе-көлденең шыға беретін секілді.

Тегтер: мәселе мектеп орыс сыныбы ата-ана түйіткіл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін
Сайт әкімшілігі 11:16
Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
Сайт әкімшілігі 09:34
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43