Орыстар қазақ тілін үйренуі үшін митингіге шығу керек

12.09.2019, 11:04

61

Президенттік сайлаудансоң көпшіліктің сынына қалып, ел алдына шықпай жүрген саясаттанушы Дос КӨШІМмен Расул ЖҰМАЛЫ Талдықорғанға келіп, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелеріменкездесті.

Дос Көшім жиналғанорыс тілді аудиторияға елдегі ономастика және қалыптасқан тілдік жағдай туралыайта бастаған. Бірақ, қоғамдық бірлестік мүшелері ономастимка емес, қазақ тілін тиімді үйрететін әдіс туралыестігісі келетіндерін жеткізді. Оның себебі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және «ZhetysuMedia» қызметінің ұйымдастыруымен өткен басқосудың баспасөз хабарламасында  «Талдықорған қаласындаүкіметтік емес ұйымдарға арналған іскерлік қазақ тілін үйрету»бойыншасеминар өтеді деп жазылған.

«Бізге сіздердіңайтып отырған мәселе емес, қазақ тілінде іс-қағаздарды қалай жүргізу керек, құжаттардықазақша қалай толтырады, осыны түсіндіретін нақты әрі пайдалы семинар қажет.Біз мұндай бос әңгіме тыңдау үшін келген жоқпыз», -деді «Тамшыбұлақ» қоғамдықбірлестігінің мүшесі Жанат ТӨЛЕМІСОВА

«Ұйымдастырушылар сіздерге дұрыс ақпарат бермеген» деген саясаттанушылар,ақыры ашуға ерік берген қоғамдық бірлестік өкілдерімен ымыраға келгендей болды.Ономастика мәселесін ары қарай жалғаған Дос Көшім Қазақстанда 500-ге жуық Ленин көшесі, Калинин менКировтерге арналған ескерткіштердің әлі күнге менмұндалап тұрғанын айтты. Ал,идеологиялық тұрғыда ескірген «коммунистическая», «октябрьская», «советская», «Сталина»сынды көше атаулары бірте-бірте азайып келе жатыр екен.

«1991 жылы Алматыда 1984 көше болды. Мониторингжасағанымызда олардың 16 пайызы ғана Қазақстанға қатысты атау болған. Ал,қалған 84 пайызының ешқандай қатысы болмады. Мемлекеттік саясат өзгеріп жатыр, бұл табиғи үдеріс. Сондықтан, мұндайатаулар да уақыт өте келе қазақшалануы тиіс», -деді Қазақстан АзаматтықАльянсының вице-президенті Дос КӨШІМ.

Ономастика туралыаз-кем айтылғаннан кейін әңгіме Қазақстандағы тілдік жағдайға ойысты. Қоғамбелсенділерінің сынына іліккен, әдеттегідей, өз тілінде сөйлей алмайтын, тіпті,туған тілін білмейтін депутаттар, министрлер және әкімдер. Жалпы, мұндай ұятжағдай тек Қазақстанда ғана бар деген спикерлер тілдік жағдайдың өзгеріпжатқанын айтып, орыс тілді қоғамды тездетіп қазақ тілін үйренуге шақырды.


– Елбасы 2020 жылы халықтың 90 пайызы, мектептүлектерінің барлығы қазақ тілін білетін болады деді. Соңғы статистикалықмәліметке сәйкес, қазір халықтың 83 пайызы қазақ тілін біледі. Қазақтілділердің бәрі қос тілді болса, орыс тілділер, өкінішке орай, бір тілді ғанабіледі. Уақыт өз талаптарын қояды. Бәрі өзгеріп жатыр. Қалыптасқан тілдікжағдай осылай тұра бермейді. Сондықтан барлық орыс тілді азаматтарға қазақтілін үйрену керек. 2017 жылы қазақ тілді мектепке барған бірінші сыныпоқушылары 89 пайызға жетті.  2018 жылыбұл көрсеткіш 90 пайызды құрады. Сондықтан, 10 жылдан соң, ол 100 пайызғажетеді. Сол уақытта мектеп бітіруші түлектердің 9-ы қазақ мектебінен, 1-і ғанаорыс мектебінен болады,- дегенсаясаткер Дос Көшімнің сөзі залдағыорыс тілділерге қатты тигендей болды.

Сіздің айтқан сөздеріңізден кейін жүгімдіжинап, өзімді елден кету керек болғандай сезіндім. Себебі, мен қазақ тілінбілмеймін. Олай болса, мен не бизнеспен, не жеке шаруаммен айналыса алмаймын.Демек, кетуім керек қой,–  дедіжиналғандардың бірі.

Бұған саясаткер:– Меніңше, мұнай сезімнің болуы заңдылық. Бізқазақ тілінің болашағы туралы айтып отырмыз. Сіз де сіздің балаңыз даҚазақстанда тұрып жатқандықтан мемлекеттік тілді үйренуі керек. Оған өздеріңіздіңниеттеріңіз болуы керек,– деп жауап берді.

Бұл сөзден кейін жиналғанорыс тілді қоғамдық бірлестік өкілдері одан сайын ашуланғандай болды.


Қазақ тілін үйрену керек дейсіз. Бірақ оныоқытатын жақсы мұғалімдер жоқтың қасы. Мәселен, менің немерем қазақ тілінүйренгісі келеді. Бірақ, қанша жыл болды ешкім үйретпейді. Осылай жалғасып кележатқанына 30 жыл толды ғой. Тіл дейсіздер, бірақ ешкім оны үйрете алмайды. Кімкінәлі? Меніңше, бала-бақша, мектеп және оқытушылар кінәлі, – деді тағы бірқоғамдық бірлестік өкілі. 

Дос Көшім мұндайуәжге бүй деп жауап берді: Бұған барлығынкінәлауға болады. Бірақ, бұл сіздің мемлекеттік тіл емес пе! Егер үйретпейжатса алаңға шығыңыз, бізге қазақ тілін үйретіңіз деп талап қойыңыз. Осындайталапты сіздерден бір адам  қойды ма?Меніңше, орыс тілді топтар арасынан ешкім бұлай жасаған жоқ.

Фотолар автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.12.2020, 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11