Осал нысандарға 44,4 млн. теңгеден аса айыппұл салынды

Сайт әкімшілігі

29.01.2021, 15:33

1222

«Жыл сайын көлік полицейлері террористік тұрғыда осал объектілері (ТТО) ретінде республикамыздың теміржол вокзалдары мен әуежайларының терроризмге қарсы қорғаулының жай-күйіне тексеру жүргізеді», — деді ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов.

Оның айтуынша, 2020 жылы полицейлер 56 ТТО объектісіне, оның ішінде 40 темір жол вокзалына, 15 әуежайға және 1 әуе ұйымына тексеру жүргізді.

«Әкімшілік соттардың шешімімен 29 ТТО объектілерінің басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы, яғни, террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау бойынша әкімшілік жапакершілікке тартылды, оның ішінде 17 т/ж вокзалдарының, 11 әуежайдың және 1 авиа ұйымның басшылары бар, олардың әрқайсысына 100-ден 1000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Салынған айыппұлдын жалпы сомасы – 44 436 080 теңгені құрады, оның ішінде темір жол вокзалдарына – 35 249 000 теңге, әуежайларға – 9 187 080 теңге», — деп нақтылады Е.Әлімов. «1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 10-3-тармағына сәйкес ТТО объектілерінің басшылары терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін қаржы қарастырыуы, өз қызметкерлері үшін оқытуды және профилактикалық сабақтар ұйымдастыруы және террористік актіге ден қою мәселесі бойынша мемлекеттік уәкілетті органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысуы тиіс», — деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.

«Мұндай талаптар олардың практикалық қажеттілігімен байланысты, өйткені ТТО объектісінің әр қызметкері басқаларға ықтимал қауіп төндіретін  күдікті заттарды табу дағдыларына ие болуы және осындай қауіп туындаған кезде іс-қимыл тәртібін нақты білуі керек», — деді ол.

Тегтер: айыппұл нысан терроризм экстремизм іс-қимыл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02