26.02.2020, 14:27
103
Әуе транстпорты әкімшілігінің мәліметінше, бұл ұшақ «Орлан 2000» әуекомпаниясына тиесілі. Өскеменнен Ақсуатқа қарай ұшып шыққан беті екен.
26 ақпан күні сағат күндізгі бірлер шамасында ұшақэкипажы қозғалтқыштан ақау шығып, қиын жағдай туындағаны туралы хабар жіберген.
Әуе көлігінің командирі ұшақты дереу қондыру туралы шешімқабылдапты. Бұл уақытта АН-2 Өскемен әуежайынан 1,5 шақырымға ғана ұзып ұшқан. Қонукезінде ұшақ жерге қатты соғылған.
Ұшақ бортында бес адам болған – үшеуі экипаж мүшелері де,екеуі қызмет барысындағы жолаушылар екен. Қаза тапқандар жоқ.
Оқиғаның шығу мәнісі тексеріліп жатыр.
ФОТО ашық ақпарат көздерінен
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР