Өскеменде колледж көп, жұмыс жоқ

05.02.2019, 03:30

8

Жастар жылында мәселе шешіле ме?..Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір колледждерден білім алып шыққан жастардың тең жартысынан астамы жұмыссыз жүр. Жас мамандардың үш жыл бойғы уақытын сарп етіп жүріп алған дипломдары, өзге түгілі өздеріне керексіз болып қалған. Ал сол арнайы мамандықты игеріп, бір кәсіптің иесі атанған жастар, мүлдем өздеріне қатысы жоқ жұмысты істеп, күн көруге мәжбүр. Бұл жағдай 2018 жылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жүргізілген тексеруден кейін белгілі болған.Мәселен, жұмыс таба алмай жүрген жастардың бірі – Тілеужан Қадес. Өткен жылдың көктемінде Өскемендегі колледжді бітіріп, қолына «қаржы саласының маманы» деген құжатты алған. Содан бері жұмыс істеп талай мекеменің табалдырығын тоздырса да алған білімінің игілігін көре алмай әлі жүр. — Біздің топта барлығы 24 бала оқып бітірді. Қазір солардың бір-екеуі ғана жұмысқа орналасқанын білемін. Ал қалғандары өзінің мамандығы бойынша емес, басқа жерлерде жұмыс істеп жүр. Көбісі құрылыста қара жұмыста. Мамандығым бойынша еңбек еткім келіп, қаншама жұмыс орындарына бардым. Олардың барлығы жұмыс тәжірибемнің жоқтығын айтып, кері қайтарды. Кейбірі жоғарғы білімің жоқ деді. Бұған жауаптылар мұндай мәселенің туындайтынын білсе, колледждерде неге оқытады? – дейді, жас маман Тілеужан ҚАДЕС.Міне осылай. Тілеужан тектес жандардың жолын кескен негізгі мәселе осы. Оқуын жаңа бітірген жас мамандардан жұмыс тәжірибе сұрап, жұртты таң қалдыратындар көп. Жоғарғы білімі болмаған соң, бос жүргендер де жетерлік. Ресми дерекке сүйенсек, облыста тек екі мыңға жуық жас маман жұмыссыз ретінде тіркелген. Ал есепте жоқтарының саны қанша екені белгісіз. — Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмыспен қамту орталықтарында 4562 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп тұр. Олардың 1872-сі жастар. Яғни, бізге жұмыс іздеп келгендердің 43 пайызы оқуды жаңа бітірген жас мамандар болып отыр. Бұл осы жылдың басындағы мәлімет. Әрине, жастардың арасындағы жұмыссыздықты жылдың аяғына дейін жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз, – дейді, Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асхат САДИРОВ.Ал білім басқармасындағылар өткен жылы мемлекеттік тапсырыспен білім алғандардың 78 пайызы жұмысқа орналасқанын айтады. Айтуларынша, жоғарғы оқу орнына түсіп, білімін тереңдетуге кеткендер, әскери борышын өтеуге кеткендер мен тұрмысқа шығып кеткендер бар. Міне мұндай белгілі себеппен жұмысқа орналаспағандар бес пайызды құрап отыр екен. Тіпті қажетсіз мамандықтарды оқыған жастар да жоқ емес. Сондықтан колледждердегі мұндай мамандықтар жыл сайын біртіндеп жабылып та жатқан көрінеді.Мұның бәрін елеп ескеріп, арнайы үш жылдық бағдарлама жасап жатырмыз деген, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қажымұхан ОСПАНҒАЛИЕВ: — Бұл бағдарлама колледждерді оңтайландыру үшін жасақталуда. Сонымен қатар көбінің материалдық, техникалық базасы жаңартуды талап етеді. Оны да біз білеміз. Осы мәселелердің барлығын да осы құрғалы отырған бағдарламамыздың аясында шешетін боламыз – дейді.Қазір облыста барлығы 86 колледж бар. Олардың 52-сі мемлекеттің меншігінде. Осы колледждерде білім алып жүрген 35 519 студенттің тең жартысы мемлекеттік бағдарламаның аясында оқып жатқандар. Осыған сәйкес, кейбір мамандықтар бойынша студенттерді үш жыл емес, үш ай оқытса жеткілікті деген ұсыныс та айтылуда. Егер қолдау тапса, колледжде үш жылда бір мамандықты оқыту үшін шамамен 1 миллион 650 мың теңге жұмсалатын болса, үш айлық оқытуға жұмсалатын қаржы 165 мың теңге болмақ. Яғни, ел қазынасынан бөлінетін қаражат он есеге дейін азайып, үнемделмек. Бастаманы көтергендер, оқу уақытының қысқаруы – жұмыс беруші үшін тиімді екенін айтады.Фото: bnews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13