Өскеменде Назарбаевпен жүруге болмайды

12.04.2019, 22:40

97

Өткенайдағы билік ауысымынан соң жаппай қолға алынған облыс орталықтарындағы көшеатаулары жаңартылғанда Өскемендегі Тәуелсіздік көшесіне Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢесімі берілгені белгілі. Арада ай өтпей жатып, бұл жаңа атауға ие болған көшеӨскемендегі қауіпті көшелердің қатарына еніп шыға келді. Бұл туралы «Жас Алаш»тілшісі «Алтай-ньюс» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көшедегі үлкен жолдың бойында аузы үңірейіп кәрізқұдығының ашық жатқаны расында да өтіп жүрген көлік иесінің ғана емес, көргенадамның да үрейін алып, жүйкесіне салмақ түсіреді. Басқа басқа оқу орны,әуежай, ел ордасынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін «рухани жаңғыртып»жатқанда, Шығыс өңірдің орталығындағы оның атындағы көшедегі қорқыныштышұңқырды жұрт бірден байқапты. Әлеуметтік желілерге тарап, «Назарбаев көшесіменжүру қауіпті» болып шыға келген көріністен қазір қала билігі хабардар тәрізді.

— Иә, бәрін біліп,көріп отырмыз, жаңа ғана «Өскемен-Тәртіп» мекемесіне қоңырау шалдық, қазір олжерге жұмысшылар бара жатыр. Жол үстіндегі құдықтың аузы жедел түрде жабылады,- дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Айта кету керек, Назарбаевтың аты берілмей тұрғанға дейінқаланың орталық көшесі «Тәуелсіздік даңғылы — проспект Независимости» болып екітілде жазылып тқрған. Бұл жағдайдың ономастикалық заңдылықты бұзып тұрғанын«Жас Алаш» тілшісі бұған дейін де хабарлаған.

Фото: Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44