Өскеменде тәуелсіздік екі тілде, екі түрлі алфавитпен жазылады

28.09.2018, 19:12

85

Облыс орталығы Өскемен қаласының әкімінің қызметіне тағайындалғанына  айдың жүзі енді ғана болған Жақсылық ОМАР жалпы Шығыс жұрты үшін ескі де жаңа шенеунік. Өйткені, Жақсылық Мұқашұлы бұған дейін атқарған Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне ШҚО әкімінің орынбасары қызметінен ауысқан болатын. Оның алдында облыстық мәдениет басқармасының басшысы болды. Қысқасы, жаңа әкімнің өскемендіктерге бергенінен берері әлі де көп. Облыс әкімі Даниал Ахметов өткен жылдың басында туған жері – Алматы облысына кеткен шенеунікті қайыра шақырып, Өскеменді басқаруға әкелуі де оған деген сенімі зор екендігін аңғартса керек.  «Ескі де жаңа шенеунік» деуіміздің мәні осы.Іске енді кірісті дегенімізбен, Жақсылық Мұқашұлы үшін Өскеменнің қай көшесінің қалай аталып, қай қуысында не жақтанымен танысудың қажеті жоқ. Бірақ та өзі бес саусақтай білетін  өңірдің орталығын аралап жүргенде әлі күнге дейін байқамаған бір «жақсылықтың белгісі» бар.Барша  қазақ үшін киелі де қастерлі саналатын Тәуелсіздікті құрметтеудің сиқын соған берілген даңғыл атауынан көруге болады.  Басқа- басқа Өскеменде көше атауларының екі тілде жазылған ерсілігін жөнге келтірер басшы әлі табылған жоқ. («Туған жоқ» деуге дәтің бармайды). Тіпті, бұл Жақсылық Омар мәдениет бөлімінің басшысы, ономастикалық комиссия жұмысын қадағалау да кіретін облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болып тұрған тұста да түзетілген емес.Сонымен қараңыз: «Тәуелсіздік даңғылы, проспект Независимости, 16». Бұл мекенжайдан өтіп бара жатып, «Әндіжанда бір апам бар менен өткен сорақы» дегеннің тағы бір  «көкесін» көріп, көзіңіз шарасынан шығады: «Тәуелсіздік, Независимости, Nezavisimosti 12». О заманда бұ заман көшенің екі тілде жазылғаны өз алдына орысша атауы латын алфавитімен де көрсетуге болатынын кім көрген?! Шындығында бұл қисынсыз көше атауы ғана емес, Тәуелсіздік ұғымын қор ету. Әрі қарай талдап, жіліктеп түсіндірудің өзі артық. Себебі, бұл  ерсілік жергілікті БАҚ-тардааз жазылған жоқ. Жай уақытта «бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік» дегеннен бастап небір  тәтті сөздерді тере жөнелуге үйір қазақ үшін де, ақын, журналист, жазушылар арасында «ұлтжанды, іскер әкім» ретінде бағаланатын Жақсылық Омарға да бұл үлкен сын.Айтпақшы, бүгін 28 қыркүйек – Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың туған күні. Бұл мақала жеке қуанышына арнаған «құттықтауымыз» емес, бірақ, сол қуанышында халықпен бірге «Тәуелсіздік-Независимости» даңғылына барып жүріп өтсе деген тілегіміз бар. Өйткені, ол Тәуелсіздік толқынымен өсіп келе жатқан әкім. Қаланың басты даңғылындағы осы қателік кеудесін қуаныш кернеген әкім барған кезде ғана түзетілер, бәлкім.Фотолар автордікі.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30