Өскемендік кәсіпкерлер: «Нұр Отан» басымызды қатырды!

23.01.2019, 14:09

456

Өскемендік бизнесмендер «Нұр Отан» партиясының бастамасы бастарын қатырғанын айтады. Бақсақ, еліміздің бас партиясы мектеп асханасын жалға беруге байланысты жаңа жоба ұсыныпты. Идея авторларының айтуынша, егер бұл жоба жүзеге асса, мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы серіктестік арқылы, оқушыларға бұрын-соңды болмаған жағдай жасалмақ екен.Хош делік. Шығыстағы шағын және орта бизнес өкілдерін шулатқан жайдың мақсаты айқын болып шықты. Бұрын Өскемендегі 44 мектептің асханасын 28 кәсіпкер бір жылдық келісім-шарт арқылы алып, жұмыс істеп келген-тін. Биылдан бастап бұл қағида өзгереді депті. Тапсырыс берушілер жарияланатын жаңа тендерде 44 мектепті 11 мектептен 4 лотқа бөліп тастаған. Яғни, бұрынғыдай бір мектептің асханасын бір кәсіпкер ала алмайды.Бұған біраз жылдан бері асхана бизнесімен айналысып келе жатқан кәсіпкерлер үзілді-кесілді қарсы болды. Тіпті, аты айтып тұрғандай мемлекет пен жекеменшік серіктестік деген де жай ғана "ҰРАН" екенін айтқан кәсіпкер Яна РОДЯКИНА: — Серіктестік деген біздің түсінігімізше елу пайыз ақшаны үкімет, қалғанын біз шығарып, бірге жұмыс істеген жағдайда ғана болады. Ал мына ұсынып отырған жобада серіктестік арқылы асхананы жеті жыл уақытқа жалға береміз дейді. Бұл жерден ешқандай да серіктестікті көріп тұрған жоқпыз. Сондай-ақ, осы уақытта асхана ішін жаңартып шығуымыз керек. Егер айтылғандай бір адам 11 мектепті алса, оны қалай жөндеп үлгереді? Модернизацияны жазда ғана жүргіземіз. Оның өзінде екі-ақ ай уақыт болады. Бұл уақытта бір асхананы ғана жөндей аламыз. Қалған он асхананы қай уақытта жаңалайсыз? Мен талай жыл жұмыс істеп келе жатқан маман ретінде, мүмкін емес екеніне кепіл бола аламын, — дейді.Бизнес өкілі асхананы жалға беру уақытын жеті жылға дейін ұзартқанымен енгізілген өзгерістен ұтарымыз жоқ деп кесіп айтты. Есептеулері бойынша, ас бағасы қымбаттап, тіпті тамақ сапасына көп мән берілмей қалатынын да ашық айтып отыр. Мәселен, қазіргі ыстық тамақ пен жемістен жасалатын тәтті сусын, нан секілді 309 теңгелік тегін берілуі тиіс астың бағасы солай қалады. Бірақ, ақша төлеп тамақтанатындар дәл осы мәзірге 600-700 теңге төлеуге мәжбүр болмақ.Шағын және орта бизнес өкілдерінің бұл өкпесінімен облыстағы кәсіпкерлер палатасының өкілдері де келісіп отыр. Өтініш те келіп түсіпті. Президенттің өзі қолдау білдіріп, кәсібін дамытсын деген бизнесмендердің аяғына тұсау болатын жобаны қайта қарау мәселесін көтеретіндерін айтты.Бұл кісілер биылғы тендерге қатыспаймыз дейді. Өйткені, бұл жерде бәрі бесенеден белгілі. Мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілген байқауда ірі кәсіпкерлер жеңіп шыға келуі мүмкін. Өйткені олардың мүмкіншілігі мол. Яғни, бұл лоттың аздығынан жаңағы шағын кәсіпкерлердің қатысу мүмкіндігі азаяды. Сондықтан бұл мәселе әлі де зерттеліп, зерделенуі тиіс, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы Данияр ҚҰМАШ.Қазір өз-өздерін жұмыспен қамтыған бұл жандар жұмысымыз тоқтап қала ма деп алаңдаулы. Асханаларда еңбек ететін 400-дей жанның еңбексіз қалу қаупі де жоқ емес. Ал бұған білім басқармасындағы мамандардың айтар уәжі дайын.Біз қазіргі нарықты зерттеп жатырмыз. Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер бар ма? Аталған жоба бойынша қызмет көрсете алатын қанша кәсіпкер бар? Міне бүгінге дейін қаншама ұсыныстарды естідік. Бұл соңғы шешім емес. Нақты қанша лот болатынын алдағы уақытта өтетін жиналыста толық айтамыз, – деді Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әсел ҚАЙЫРБЕКОВА.Осылайша, біраз тартысқа түсіп, бір-бірін дұрыс түсіне қоймаған партия мен бизнес өкілдерінің арасындағы келіспеушілікке соңғы нүкте ақпан айының басында қойылуы мүмкін. Сол үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, кез-келген ұсыныс қабылданатын болып келісілді.Бас фото: azattyq.org
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31