Отандық кино өндірісінің күнгейі мен көлеңкесі

05.12.2019, 11:50

44


«Nur Otan»-ның Орталық аппаратындаеліміздегі жетекші партияның жанынан құрылған «Мирас» республикалыққоғамдықкеңесінің отандық кинематографияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған басқосуыөтті.

Парламент депутаттары, отандықтелеарналардың жетекшілері, кино саласының мамандары, танымал блогерлер мензиялы қауым қатысқанҚоғамдық кеңес мәжілісіндекино саласындағыелді толғандырыпжүргенкелеңсіздіктер айтылып, оны шешудің жолдары ұсынылды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Астана қаласындағыТүрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев республикамыздағы кинотеатрлардаұлттық фильмдердің прокатталуы кезінде орын алатын кемшіліктерге тоқталды. Атапайтқанда, прокатқа шығарылған киноларды тамашалайтын көрермендер саны жасырылып,одан түсетін пайданыашық көрсетпеу деректері ұшырасады.Осы салада ашықтықтыңжоқтығы жемқорлықтың белең алуынаәкелуі ықтимал. Бұл өз кезегінде фильмөндірушілердің еңбегіне сай табыс табуына, отандық кино өндірісінеинвесторларды тартуға кедергі келтіріп, бюджетке түсетін салықты азайтуы мүмкін.Келеңсіздіктің алдын алу мақсатында «Кинематография туралы» Заңда көрсетілгеннормаға сәйкес ақпараттық жүйені тездетіп енгізу ұсынылды.

Кеңес жұмысына қатысқан Мәдениет жәнеспорт министрі Ақтоты Райымқұлова өз баяндамасында отандық кино өндірісіндамыту саласындағы атқарылып жатқан істердің мән-жайымен таныстырып, айтылғансындардан тиісті қорытынды шығаратындарын жеткізді. Биыл қабылданған «Кинематографиятуралы» заңдағы өзгерістерге тоқталғанминистрзаңның кейбір маңызды нормаларынорындауда кемшіліктердің бар екенін де жасырмады.

«Кинематография туралы» заңды әзірлеубарысында депутаттар Қазақстан Республикасына мемлекеттік тілде прокаттау үшінәкелінген балалар анимациялық фильмдеріне дубляж жасауды мемлекеттік қаржылайқолдау көрсету шеңберінде қарастыруды ұсынып, оны Үкіметке жіберген болатын. Осығанорай бүгінгі таңда республикалық бюджет есебінен ұлттық анимациялық фильмдердімемлекеттік тілде дайындау жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық тәжрибеге жүгінсек,фильмдерді аудитория тіліне аудару -авторлық құқық иеленушілерінің міндеті. Шетелденәкелінген анимациялық фильмдердің аудиторияның мемлекеттік тіліне дубляждалуы көрерменніңкөбеюіне ықпал етіп, прокаттан түсетін табысты ұлғайтады. Алайда, сала министріаталған нормадағы бірқатар ережелердіңөкілетті органдар тарапынан қолдаутаппағанын жеткізді.

— Қазақстан Республикасының кейбірзаңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша кейбір өзгерістер ментолықтырулар енгізу қарастырылғаны мәлім. Онда  фильмдердің құқық иеленушілерін және прокаттаукомпанияларын, яғни ұлттық фильмдерді прокаттау кезіндегі кинотеатрларды 20%корпоративтік табыс салығынан босату көзделген болатын. Бұл норма шетелдіккартиналардың алдында ұлттық фильмдердің кепілді артықшылықтарын қамтамасыз етумақсатында ойластырылған болатын. Бұл норма жұмыс істеуі үшін Заңда көзделгенҚР аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттықжүйесін ендіруді қолға алған абзал.Біз осы бірыңғай автоматтандырылғанақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді АқтотыРайымқұлова.

Сондай-ақ ол басқосуға қатысушылардыңқойған сауалдарына жауап беріп, отандық кино саласын дамыту бағыттары жайлытаратып айтты.

Отырыста сөз сөйлеген «Болашақ»корпоративтік қорының қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова заңныңжаңа жобасында ескерусіз қалған бірқатар өзекті мәселелердің бар екенін атапкөрсетті.

— «Қазақ тіліне дубляждалған фильмдеркинотеатрларда көрермендерге ыңғайсыз уақытқа қойылған. Осыған байланысты бізгежұртшылықтан көп арыз-шағым түсуде. Заңда кәсіпқой дубляж жасалмаған фильмдердіпрокаттауға рұқсат беруден бас тарту көзделсе де, бұл шара қазіргі кездеорындалмайды. Соның салдарынан қазақ тілді көрермендердің құқықтары бұзылуда. КезіндеЕлбасының қолдауына ие болған, болашақтықтар қолға алған «Өзіңнен баста»жобасын іске асыру барысында демеушілік қаражат есебінен 33 голливудтық киноқазақ тілінде дубляждалды. Өзім негізінен басқа елде өмір сүрдім. Менің балакезімде ана тілімізде кино көру мүмкіндігі болмады. Бүгінде біздің «Болашақ»қоры бюджжеттен тыс қаражат есебінен миллиондаған қазақстандық балаға осымүмкіндікті туғызып отыр. Еліміздің балалары тым болмағанда жылына 10мультфильмді қазақ тілінде өздеріне ыңғайлы уақытта көруге құқығы бар ғой» — деді Динара Шайжүнісова.

Сонымен қатар ол осы жобаның арқасында100 отандық актердің «Walt Disney Pictures»-тің дыбыс базасына енгенін,  ал қазақ тілі «Walt Disney» компаниясыныңтарихында дубляждау саласында түрік тілінен кейінгі екінші түркі тілі болыпотырғанын жеткізді.

Оның сөзін Мәжіліс депутаттары ҚуанышСұлтанов, Бақытгүл Хаменова, сенатор Нұртөре Жүсіп, жазушы Алдан Смайыл жәнетағы да басқа зиялы қауым өкілдері қуаттап, заң жобасы қайта қаралған кездеайтылған ұсыныстардың назардан тыс қалмауына күш салатындарын айтты.

Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы, белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлыұлттық фильмдерді дамытуда кино саласы бойынша қазақ тілінде кадр даярлаумәселесін қозғап, кейбір отандық фильмдердегі ұлтымыздың мақтанышына айналғанбіртуар тұлғалар туралы деректердің бұрмалануына жол берілетінін сынға алды. Алтанымал блогер ӨркенКенжебек кино өндірісі саласындағы шетелдік тәжірибені мысалға келтіріп, біздеде оның тиімді тұстарын қолдануға болатынын жеткізді.

Сонымен бірге жиын барысында айтылған телеарналарда ұлттық фильмдердіңкөрерменге ыңғайсыз уақытқа қойылатыны, оларды праймтайм уақытына қоюды заңнамаарқылы міндеттеу, голливудтық фильмдерді квоталау, балаларға арналған голливудтықтанымал мультфильмдерді қазақ тіліне дубляждауға мемлекеттік қолдау жасау секілдіұсыныстар көпшіліктің қолдауына ие болды.

Отырыс соңында «Мирас» республикалыққоғамдық кеңесінің мүшелері келешекте түсірілетін ұлттық фильмдерге қатысты әлемніңбірқатар мемлекеттерінің осы саланы реттеу тәжірибесіне сай Президент жанындақоғамдық кеңес деңгейінде шешім қабылдау қажетдеген тұжырымға келді.

Басқосуда ортаға салынған барлықұсыныс-пікірлерді Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға жолдау туралышешім қабылданды.  


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52