Өтірік өрге баспайды

27.01.2020, 19:20

17

Бауырыма тартып, жеті жыл қасымда ұстағанда онша байқамаппын: өзіңайтпақшы, шынында да «қырларың» көп екен. Мақалаңды: «Ойбай-ау, тәп-тәуіртарихшы екенсің ғой» деп өзіңді менің аузыммен мақтатудан бастапсың. Бұл да бірқырың шығар. Жеке кітапханасында жүздеген тарихи томдары бар адам шағынмақалаға  осынша тәнті болса,  шынында да дүниеге бір тамаша туынды келгенболды ғой! Мақалаңды оқымақ түгіл, көрген емеспін» десем, «өтірік» дерсің тағы.Жарайды, біреулер сені «тарихшы екен» деп мойындап жатса, қызғанышым жоқ. Аленді «Ұлы дала» бірлестігінің директоры едім дегеніңе онша иланып тұрғам жоқ. Ондай«бірлестік» болғаны рас. Ұйымдастырған айтулы атпал азамат еді.Тағы бір танымалақын бауырымыз  бастық болып жүргеніесімде. Екеуі де марқұм болып кетті, есімдерін айтпай-ақ қояйын. Жандарыжаннатта болғай! Басшылыққа солардан кейін келсең, онда  – таласым жоқ. Әйтеуір, жабылып қалуына сенкінәлі емес шығарсың, солай ма?!

«Қоғамдағы жұмысты ұқсата алмады» деген сөзіме қатты ренжіген түрің бар.Сондағы айтар қарсы уәжіңнің үлкені  –ескі кеңсемізге жөндеу жүргізіпсің. Тіпті демалыс дегенді ұмытып кетіпсің.Екіншісі – өте мол қаржы жұмсап жөндеткеніңмен, ол ғимараттан ештемешықпағасын, қазіргі мекеніміз «Баспалар үйіне» көшіріп қондырыпсың. Рахмет, бұлда үлкен шаруа! Бірақ осы арада қателескен  жерің бар: ескі ғимараттың жылдық арендасы 3,5миллион теңге еді, ал жаңа орнымыз – 2,8 миллионға түсті дейсің. Сенің есепкежоғыңды білем ғой, бірақ соншама қатты «қателесетініңді» білмеппін: 2016 жылғымәлімет бойынша ескі ғимараттың жылдық жалдау құны  — 3 мил.118 000 еді, ал қазіргі төлейтініміз– 7 750 000 шамасында.

Үшінші үлкен жетістігің – сен келгенге дейін Қоғам мүшелерінің саны екімыңдай екен, сен оны 3240-қа жеткізіпсің. Қазір Қоғам мүшелерінің саны 4 мыңға таяды.Оған қуанамыз, бірақ біздің еңбегіміздің жемісі деп күпінбейміз: өнерге,әдебиетке жастар үздіксіз келіп қосылып жатыр. Қоғамның үлкен беделге ие өтеірі ұйымға айналғанының арқасында олар міндетті түрде бізді іздеп табады.Әрине, ондай беделге жетуінде Қоғам қызметкерлері еңбегінің зор үлесі бары анық.

Төртінші жетістігі есебінде – соңғы бес жылда жиналған сыйақы мөлшерінатайды. «2013 жылы сыйақы мөлшері 473,9 миллионға дейін төмендеп кетсе, онысоңғы 2017 жылы 588,6 миллионға дейін көтере алдық» дейді. Дұрыс қой, негекөтерілмеуге тиіс!? Егер авторлар саны 2 есеге жуық артса, олардың сыйақысыныңарта  түсуі заңды емес пе? Бірақ сен осыарада айтпай кетіп отырған басқа жәйт бар: ол – осы жылдар аралығында ҚазАҚайырылып қалған төлемшілер саны. Көптеген кафе, ресторан, сауда тораптарынбылай қойғанда, біздің Қоғам ірі-ірі 28 теле-радио арналарынан айырылып қалғанғой. Олар кетпесе, сен келтірген цифрлар одан әлдеқайда жоғары болатын еді.Демек, қызметкерлердің жалақысын 20%-ға қысқартпайтын едің. Қаржы тапшылығынан5 қызметкерді қысқартуға түсірмес едің. 2017 жылдың қаңтарынан бастапжелтоқсанға дейінгі аралықта  бүкіл қызметкерлердіграфик жасап қойып, бір-бір айдан ақшасыз демалысқа жібермес едің.Швейцарниядан алынған, он жыл бойы пайдаланып келген компьютерлік бағдарлама«КОСИС»-тің ақшасын төлей алмай, айырылып қалмас едің. Осының бәрі сеніңжұмысыңның көрсеткішіне кірмей ме? Қыруар қаржы жинай алған бастық мырза әлгіндейқиындыққа қалай ұшыраған сонда?! Қаржы көп, жалақы жоқ. Сондай  бола ма екен? Кісінің сөзінде логика болукерек емес пе?

«Мені бас директорлыққа тағайындап, жиналысқа мақұлдатып алғанмен, бүкілтізгінді өзіңізде қалдырмап па едіңіз. Өтірік десеңіз Жарғыға қараңыз» дейсіңтағы да. Дұрыс айтасың, Жарғыда солай жазылған: құрметті төрағаның міндеті –Қоғам жұмысының жалпы бағытын, дирекцияның қызметін бақылау. Атқарушы  билік – бас директордың қолында. Бүкілкүнделікті күйбең тірлікті бас директор мен дирекция мүшелері атқаруға тиіс.Бұл мемлекттік органдардан бастап қоғамдық ұйымдарға дейінгі аралықтақалыптасқан жүйелі ұстаным. Ол үшін ренжудің қажеті жоқ, орындау – міндет. «Көкейімдітескен Тойота автокөлігіне» келейік. Қазір кім екені нақты есімде жоқ, Қоғамтізгінін саған тапсырып, құрметті төраға болып кетіп жатқанымда, бір автор:«Осы Қоғамды құрып, 16 жыл орасан еңбек сіңірген адамды әшейін қол шапалақтапшығарып саламыз ба? «Шапан жауып, ат мінгізетін қазақы дәстүріміз болмаушы маеді?» деп сөйлегені бар. Сонда сен: «Өзі мініп жүрген көлігін мінгізіпшығарайық. Менің қол қоятын алғашқы бұйрығым сол болсын» дегенді айтып салдың.Жұрт шынымен қолдады. Мен, әрине, риза болдым, қуандым. Көлік сыйланғаны үшінғана емес, осы саладағы 23 жыл еңбегімді әріптестерім жоғары бағалағаны, елегеніүшін де марқайдым. Алты жылдан бері бүкіл Қоғам қызметкерлері жабыла мініп, шаруатындырып жүрген көлік болатын. Бұны да өзің ұйымдастырғансың деріңді білем. Бәлкім,екеуіміз бірігіп ұйымдастырған болармыз. Өйткені ұсыныс айтқан кісі есімдеқалмапты. Бұрын дүниеде жоқ бұл мекемені өз қаржыммен ұйымдастырып, тіптіөкіметтен офистік орын алу мүмкіндігі туғанша өз ақшама сатып алған жекеше үйдіекі жылға жуық кеңсе есебінде пайдаланғанымды, 90-жылдарғы қиыншылықтаәлеуметтік тұрғыдан қолдау жасай алған жалғыз мекеме  біздің осы қоғам болғанын ұмыта қоймағанағайындар бәрін ескерген шығар. «Азын-аулақ шығын шығарып Қоғамды құрғанмен,оны кейін еселеп қайтарып алдыңыз ғой» дегенің рас сөз. 22 жылдан бері осыҚоғам мені асырады. Зейнетақыма қарап қалмай, ішім-жеміме, дәрі-дәрмегіме еркінжұмсайтын қаражат табуыма мүмкіндік беріп келеді. Ол үшін ең алдыменАлла-Тағалама, сонан соң «еңбегің жансын!» деп баталарын беріп, қолдап  келген барша әріптес ағайындарға (авторларға)мың алғыс. Әсілі, адам баласының моральдық ұстанымы босаң тартса, күнәдан да,қылмыстан да тайынбайтыны белгілі. Жала жабу, ғайбат айту да  содан туындайды. Мені Қоғам тізгініненайырылып қалмас үшін жанталасып жүрген адамсың деп күстәнәлайсың. (Соны алтыжыл бұрын өз қолыңа тапсырып кеткенімді ұмытқан кісіше сөйлейсің-ау).Тіпті солүшін қаржымды шашып, әлдекімдерді сатып алып, сөзімді сөйлетіп  жүрген сияқтымын. Біреуге 400 мың, біреуге600 мың, тіпті кейбіреуіне 800 мың теңге бергенімді «біледі» екенсің.Оны «көргендер» қасыңда жүр екен. Сонда мен ол ақшаны өз қалтамнан төлеппін бе,Қоғам есебінен төлеппін бе? Өтірікке бетің шімірікпейді-ау,ә!  Тіпті наурыз айында жиналысқа қатыстырмау үшінжүздеген авторға 45 мыңнан ақша үлестіріппін. Осыған да жұрт сенді ме екен?

Мені «ақша алған» үш автор ғана емес, үш мың автор қолдап жүр. Оның дәлелі –сендер өткізген үш «кезектен тыс» жиналысқа бармауы. Алғашқы 27 наурызда өткізген жиналыстарыңа мен жібергеноншақты бақылаушыны қосып есептегенде, 60 шақты адам қатысты, оның біразы ҚазАҚмүшелігіндегі авторлар емес. Сонда ол жиналысқа бармаулары үшін мен Алматыдағы жүздегенадамға 45 мың теңгеден үлестірген болып шығам ғой, солай ма? Екіншіжиналыстарыңа қырық шақты ғана адам жиналды. Он кісі ертіп, мен де бардым. Біразотырған соң, айтарымызды айтып, шығып кеткенде, жиналған адамдардың жартысықоса шығып кетті. Оларға да ақша үлестіріп, ертіп  кеттім бе сонда? Соңғы  үшінші жиналысыңда, менімен бірге барған АвторларКеңесі мұшелерін қосып есептегеннің өзінде, танымал адамның саны оншақтыданаспады. Тіпті  залда отырғандардыңкейпінде қалалық зиялы авторлардың кейпі жоқ: кілең ауыл адамдары отырды. Біразыоралман бауырларымыз екен: "Қазақша сөйлеңіз, орысша білмейміз» депайғайлады баяндама жасап тұрған Балнұрға. «Марал Ысқақбай деген кім?» депсұрады тағы біреу баяндамада есімім атала берген соң. Осы екі жәйттің өзі-ақ Қоғамныңбұғаттаулы есеп-шотынан ақша үлестіріп, кездейсоқ әлдекімдерді жинап келгендеріңдікөрсетіп берді. Ол ғана емес, қолымызда залдағы кісілердің фото суреттері де,тіркелген тізімі де бар. Ол тізімде ҚазАҚ мүшесі саналатын 23 қана адам тұр.Қалған жұртты тағы да мен ақша үлестіріп келтірмей қойдым ба?

Онымен де қоймай, «бір емес үш адвокат жалдап отырсыз, ешкім тегіністемейді, сонда бұның бәріне төлеп отырған қаржы қайдан шығып жатыр» дейсің.Жүздеген адамға 45 мыңнан ақша үлестірген кісі 3 адвокатқа төлейтін ақшанытабады да, не таңырқайтыны бар?!

Мақаладағы тағы бір сөзің былай: «Пайдаланушы мекемелер қаптап кеткенқоғамдардың ішінен тиімдісін таңдап, ыңғайлысына кетіп жатты. Шартты бұзғанарналарға не істеуім керек еді? Шаужайына жармасам ба?» дейсің. Бұл сөз сеніңбасшы есебіндегі сиқыңды жақсы танытады. Мен сол кетіп қалған 28 теле-радиоарналарын қалай қайтарғанымды білесің. Қандай әрекет, қандай қарсы әрекетұйымдастыруды бастық адам білуі керек. Әйтпесе, оның несі бастық!

Тіпті мына сөзің кісілікке жатпайтын қылық: «Ағатай-ау, сізге жасағанжақсылықты мен де әкеме жасаған емеспін. Басқаны айтпағанда, қалған ғұмырыжалғыздықтың азабынан жапа шекпесінші деген қамқорлығымды қалай ұмыттыңыз? Олсутенерлік емес, шынайы перзенттік шырылым еді ғой» дейсің.

Сен тура маған қатын алып берген кісідей сөйлейсің. Әлде мені қатындардыңқойнына апарып  салып жүрдің бе?«Сутенерлік емес еді» дейсің. Егер осылай істеген болсаң,  нағыз сутенерліктің өзі осы. Арам сөзіңніңортасына менің қызымды апарып қыстырыпсың. Бұның атын қасиетсіздік деп атайды.Онымен қоймай, тіпті «бар ойың Қоғамды қызыңның қолына тапсыру, бастық етіптағайындау» дегенді айтыпсың. Менің бұл қызым мықты маман. Кезінде бірминистрліктің бас бухгалтері болып отырған жерінен маған көмектес деп зорлапәкелгем. Ақшасы жоқ жас мекемеге ешкім келмейтін кез еді. Егер оны бас директортағайындамақ ойым болса, 22 жылдан бері  әлдеқашан жасар едім, қолымды ешкім қақпаседі.

Тағы бір ескерусіз қалдырмайтын сөзің мынау: «әр кезде әркімді шақырып,жұмысыңызды жолға қойдырып алып, қуып жіберіп отырғансыз» дейсің. Осы 22 жылдыңішінде менің қарамағымда орынбасар болып үш кісі істепті. Оның біріншісіИнтеллектуалдық меншік комитетінің төрағасы болып өсіп кетті. Баулыдым,өсірдім. Екіншісі өз еркімен босанып кетті, жақсы інімнің бірі есебінде хабарласып,қарым-қатынас жасап тұрады. Үшіншісі машина апатынан қайтыс болды. Үшеуі дезаңгер еді. Қазіргі бас директор да заңгер. Қазақстанда авторлық құқық саласындағытіршілікті одан артық білетін басқа заңгер дәл бүгінгі таңда жоқ. Қалай десеңде, біздің қоғам құқықтық мекеме. Сондықтан да Серік орнында отыр деп білем.«Заңгер бастық бола алса, экономист қызы неге бастық бола алмасын» деп кекететінжөнің жоқ. Осы мекемеде  жеті жыл істегенкісінің айтатын сөзі емес.

Байқап отырмын, манадан бергі сөзімнің бәрі – ұсақ-түйек бірдеме болыпшықты. Менің жасымдағы, мендей атақ-дәрежесі бар адамға абырой әперетін сиқыжоқ сөздер. Бірақ амалым қанша, сен қозғаған нақты «міндеріме» нақты «араша» жауапқайтаруға мәжбүр болып отырмын. Жігіт адамның аузынан шығуға тиіс бір-ақ сөзіңбар екен: ол – «сіздің ойыңызша Балнұр қолынан жетелесе еріп кете беретін өзеркі өзінде жоқ адам ба?» дегенің. Олай деп есептемеймін. Бірақ сол Балнұрды ойдажоқ жерде арандатқан сенсің. Қалай арандатқаныңа өзім де қайранмын. Әйтпесе, өрісібөлек, өзінше жүрген Балнұр ұзақ жылдар бойы әке-шешесімен өте жақсы араласқан,ағасындай сыйласып жүрген кісіге соқтығатындай не жыны бар еді?! Сен соны қалайұйымдастыра алдың, апыр-ау?!

Енді сенің осы мақаладағы «ең салмағы ауыр» сөзіңе тоқтала кетейін. Қайтысболған бас бухгалтер Г.Әбішеваның есімін атай отырып, банкіден аударылған 78миллион теңге туралы сөз  қозғап, қылмысдеп атапсың. (Өткенде Балнұр жарты миллион туралы жазып еді, сенікі неге азайыпкеткен?) Сенің бұл «жаптым жала – жақтым күйе» сөзіңе  газет бетінде жауап бермеймін. Оны түсіндіруүшін де, түсіну үшін де белгілі дәрежеде білім, даярлық керек. Тиістіқұжаттарды қолға ұстап отырып сөйлеу керек. «Тексеріп жатқан кім бар, газеткешыққан сөзге жұрт сене береді. Күйе жағып жіберуге жарайтын «мықты факті болыпкөрінсін» деген арам оймен айтқансың да. Бірақ ол арам ойың өзіңе қайырылыптиюі ықтимал екенін де ескер. Құдайға шүкір, бізде банкіден   шыққанқаржының да, келіп түскен қаржының да әр тиынына дейін құжаттаулы. Сондықтан менбұл сөзіңе байланысты ашық әңгімені бухгалтерияның құжаттарын алдыма жайыпқойып отырып, сотта айтатын болам.

«Лас аяқ есіктен төрге дейін былғайды, лас пиғыл көрге дейін былғайды»деген сөз бар. Ертерек ес жиғандарың мақұл.

                                                                                                                                

 

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39