Отшашу опық жегізбесін

Бифат ЕЛТАЕВА

11.12.2020, 14:04

1532

Жыл сайын отшашудың салдарынан жапа шегіп, ауруханаға түсіп жатқандар көп. Әсіресе, осылардың ішінде көз жарақатын алған, саусағынан айрылған, қолын жарақаттап алған балалар көптеп кездеседі. Отшашу қанша қауіпті болса да, қызық іздеген жұрттың одан әзірге бастартар түрі жоқ.

Отшашу жарылысы дегенде ең бірінші Үндістандағы оқиға еске түседі. Бұл оқиға 2016 жылы болған еді. Дәстүр бойынша Үндістан халқы  жыл сайын индуистік ғибадатханада  өткізген фейерверк фестивалінің соңы қайғылы жағдайға ұласты. Пиротехникаларды ату барысына өрт шығып, шамамен 500 адам зардап шеккен болатын. Пиротехника қоймасындағы жарылыс пен ғибадатхана кешеніндегі өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 116 адамға жеткен. Бұған қоса, 380 қала тұрғыны жарақат алса, оның шамамен 200-і жеңіл жарақаттнған. Қайғылы оқиға ауқымының мұндай көлемде болуы фейерверк атуға тыйым салуды талап етуге түрткі болды.

Бұдан кейінгі оқиға 2016 жылы Мексикадағы Тультепек қаласының отшашулар сататын базарында жарылыс болып, кем дегенде 29 адам қаза болды және 72 адам жарақат алды. Жарылыс кезінде базарда екі мыңға жуық католиктік Рождество мейрамын тойлау үшін пиротехника сатып алуға келген келушілер болатын. Дәл осы жағдай Қытайдың пиротехника зауыттарында жиі болады. 2010 жылғы Төтенше оқиғадан 19 адам опат болса, 153-і түрлі дене жарақатын алған.Сондай-ақ пиротехнканың салдарынан болған ең қайғылы оқиға – Перьмдегі «Хромая лошадь» клубында алапат өрт болып, 156 адам өмірімен қоштасқан болатын.    Тағы бір оқиға 2013 жылы Бразилияның Санта Мария қаласындағы «Кисс» клубында орын алған. Жергілікті рок-тобының концерті кезінде арнайы пиротехникалық шоу ұйымдастырады. Отшашу басталғанда, клуб төбесіндегі дыбыстың таралуын реттейтін құралға ұшқын тиіп, тұтана бастаған. Бұны байқаған адамдар үрейленіп, сыртқа шығуға тырықан. Адамның көптігінен кептеліс пайда болып, көбі клубтан шыға алмай қалды. Салдарынан 16-20 жас аралығындағы 233 жас иістен уланып, қаза болған. Осыған ұқсас оқиғалар әлемнің шет қиыр жерлерінде де толып жатыр. Әлемде осындай дүркін оқиғалар болса да, көбісі осы отшашудан бас тарта алмай келе жатқаны несі дейміз?

Мұндай оқиғалар тек әлемді ғана емес өз елімізді де айналып кетпей қоймады. Мереке қарсаңында ата-аналардың дұрыс қадағалауынсыз балалардың өздігінен отшашуды қолдану салдарынан бірнеше оқиға тіркелетінін, сол үшін әрдайым сақ болу керектігін, тіпті оны қолданудың қажеті жоқ екенін дәрігерлер мен Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері де ескертіп әлек.  Дәрігерлердің мәліметінше, көбіне отшашудың кесірінен көз жарақатын, саусақ, қолын күйдірген, бет күйігімен келетіндер көп екен. Жазым деген аяқасты, бір сәттік шаттықты көремін деп көз жанарынан айырылған жандардың бірі Римма Асқараованы бәріміз білеміз. Алдыңғы жылдары қазақстандықтар қаржылай қолдау көрсетіп, Израильде көзіне ота жасатып келді. Қызылорда облысының тұрғыны Ердәулет Ибрагимов те даладан тауып алған отшашуды қызықтаймын деп бір саусағынан айырылған. 2018 жылы да Алматы облысынан отшашудың кесірінен 10 бала зардап шеккен болатын.

Дәрігер Айшуақ Оспанқызы:

— Отшашудың зиян екенін біле тұра көпшілігі соны тұтынды. Бір реттік қуаныштың артында мәңгілік өкініш бар екенін көбісінің біле тұра сатып алатынына таңым бар. Көз деген ең адамның нәзік жері емес пе, оны орнына қайта келтіру де азап. Қарапайым қауіпіздік шараларын сақтағанның өзін де, артында  қайғылы жағдайдың орын алып жататыны да аз емес. Сол үшін отшашудың қызығын көремін деп көз жанарымыздан айрылып қалмайық, – дейді.

Отшашудың адам денсаулығына зиянын келтіріп қана қоймай, қоршаған ортаға да біршама зиянын тигізетінін экологтар да айтып жүр. Дегенмен де, бұл отшашудың қызығы әлі тыйылмайтын секілБұдан өзге отшашудың жантүршігерлік оқиғаларының бейнежазбасы желіде өріп жүр. Бірі отшашуды атамын деп қолы қоса жарылып, салбырап жатса, бірі туған күн тортын үрлеп өшіремін деп өртеніп кеткен. Бұдан да асқан сұмдықты төмендегі бейне жазбадан көре аласыз. Дереккөзі белгісіз бейнежазбадағы сұмдық жағдайға қарап, өзіңізге және балаларыңызға көпшілік ортада атылатын пиротехникалардан  сақ болуын қамтамасыз етіңіз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08