"Oyan,Qazaqstan": Елдегі саяси жүйені өзгерткіміз келеді

05.06.2019, 19:11

80

Бүгін Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында «Oyan,Qazaqstan» азаматтық қозғалысының құрылуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Қозғалыстың белсенді мүшесі Әсем ЖАПІШЕВА алдағы болатын сайлауды заңды деп қабылдамайтынын жеткізіп, қозғалысты құрудағы ең басты  мақсат елдегі саяси жүйені өзгерту деп түсіндірді.


«Неліктен біз өзімізді сайлауға 4 күн қалғанда таныстырып отырмыз? Себебі, жастар мен қазіргі билік басындағылардың арасында үлкен түсініспеушілік бар екенін көрсеткіміз келеді. Президенттікке үміткерлердің орташа жасы-60. Ал, Қазақстан азаматтарының орташа жасы — 30.Олар билікке ешкімді жолатқысы келмейді. Oyan,Qazaqstan азаматтық қозғалысы Қазақстанда саяси реформалардың қажеттілігі негізінде құрылған. Біздің ешқандай саяси партиялармен байланысымыз жоқ. Және өзге де саяси күштердің көмегін қажет етпейміз. Бізге кез келген ерікті азамат қосыла алады», — деді Әсем Жапішева.

Айта кету керек, азаматтық қозғалыс әлі ресми тіркелмеген. Және басқа ұйымдар сияқты көшбасшы жоқ. «Барлығымыз тең құқылы боламыз» деп атап өтті саясаттанушы Димаш АЛЬЖАНОВ.


«Біз ресми тіркелген жоқпыз. Оның қажеті бар деп те ойламаймын.Ең бастысы, біздің ҚР азаматы ретінде өз ойымызды білдіруге құқылы екенімізді ұмытпауымыз керек. Мемлекет  азаматын өз ойы болғаны үшін, митингке шыққаны үшін қамауға алмауы керек. Біздің мақсат сондай қоғам қалыптастыру», — деп түсіндірді Димаш Альжанов.
«Oyan,Qazaqstan» азаматтық қозғалысы келесі сайлауда үміткер ұсынуы мүмкін. Алайда, елдегі сайлау жүйесі өзгермей, осы қалыпта қала беретін болса ол мақсатымызға жету мүмкін емес дейді белсенді Әсем Жапішева.
Сондай-ақ, Әсем Жапішева азаматтық қозғалысқа тіркелем деушілердің қатары күннен-күнге артып отырғанын атап өтті. "Қазіргі азаматтық қозғалыстың мүшелерінің жас ерекшелігі 17-ден 60-қа дейін. Әсіресе әлеуметтік желі арқылы бізге хаттар толассыз келіп жатыр", — деді.

Айта кетейік, осы азаматтық қозғалыстың белсенді мүшелерінің бастауымен әлеуметтік желіге «Мен, ояндым!» деген ұранмен видео тараған болатын. Онда актриса мен журналисттерден бастап түрлі  жастар  бой көрсеткен. Өз ойын ашық білдіргендердің бірі Әнуар НҰРПЕИСОВ бүгінгі жиыннан да шет қалмады. 


«30 жыл ішінде біз авторитарлық жүйеде өмір сүрдік. Сондықтан, бұл елге даму үшін демократиялық өзгерістер керек екені анық. Бұндай шаралар жасыратыны жоқ үлкен қиындықтармен келеді. Менің өзіме де»тыныш жүр" деп ескерту жасайтындар табылып жатыр. Мен үшін бұл тек азаматтық борышым ғана. Ал, билікке ұмтылу әзірге ойымда жоқ. Ол уақыттың еншісінде",- деп жауап берді Әнуар Нұрпеисов.
Жиынға қатысқандар арасында «Шындықтан қаша алмайсың!» деген жазумен Алматыдағы марафон кезінде плакат ұстап шыққаны үшін 15 күнге қамауда отырып шыққан азаматтық қозғалыстың мүшелері  Әсия ТӨЛЕСОВА мен Бейбарыс ТОЛЫМБЕКОВ те болды.
Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51