Өз қаржысына алты кітап шығарған батысқазақстандық бапкер биліктен қолдау күтеді

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

08.06.2021, 09:12

2286

Батысқазақстандық тоғызқұмалақ шебері Сайлан Матылов Оралдағы №19 мектепте оқып жүрген кезінде ұлттық ойынмен «ауырған». Сөйтіп, білім ордасының іргесіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде белгілі бапкер Дәулет Әбдікәрімовтен дәріс алған. Біраз жылда талай биікті бағындырған.  Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері».

Осыдан үш жыл бұрын Сайлан бір себептермен жұмыссыз қалады. Сол кезде ол келешегі бар, болашағынан үміт күттіретін жас мамандарды майшаммен іздеп жүретін Бөрлі аудандық спорт бөлімінің басшысы Армат Исановтың қырағы көзіне түскен. «Білімі мен білігі мол, әрі жас жігіт екен, әп дегеннен қызықтырды. Ақсайға спорт мектебіне жаттықтырушылық жұмысқа шақырдым. Аудан әкімінің қолдауымен 120 пәтерлік жаңа үйден спортшыларға бөлінген бес пәтердің біреуін Сайланға бергіздік. Жақында отау құрды. Қазір қырықтан аса шәкірттерін тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырына баулуда. Алғашқы тырнақалды табыстары қуантады. Үлкен жеңістеріміз әлі алда», — дейді Армат.

«Иә, мұндай талантты жігіттер бар ғой, жұмыс, үй бергендері жақсы болған екен» деп оқырманымыз тақырыпты жылы жауып қоя салмауы үшін кейіпкерімнің өзімді таң қалдырған бір әрекетіне тоқталайын. Сайлан шәкірттерін баулып қана қоймай, тоғызқұмалақтың теориясы мен практикасын үйрететін 6 кітапты жазып, өз қаржысына (!!!) басып шығарған екен! Осы мақсатқа отбасынан жырып, жалақысынан жиып 400 мың теңгеге жуық қаржы жұмсапты. Жақын арада тағы бір кітап жазып жатқан көрінеді.

— Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келдім. 1998 жылы Оралға көшіп, мектепті сонда тәмамдадым. 2018 жылы мені Бөрлі ауданына жаттықтырушылық қызметке шақырды. Жан-жақты жағдайымды жасап, пәтер берген, жұмыс берген Бөрлі ауданы әкімдігіндегі азаматтарға дән ризамын. Тоғызқұмалақ бір кездерде Бөрліде мықты дамыған екен. Кейін буын алмасу кезінде аздап тоқыраңқырап қалыпты. Енді, чемпиондар дайындауға бар күш-жігерімді салмақпын.

Кітап шығару идеясы былай келді. Қазақстанда бұл бағытта іргелі еңбек жоқтың қасы, осы олқылықтың орнын толтыру басты мақсатым. Күні бүгін қырық шақты шәкірттерім бар дедім ғой. Соларға жеке-жеке түсіндіре бергеннен гөрі кітап шығарайын, олар өз беттерімен дайындалсын деп шештім. Кейін кітаптарымды облыс, республика көлеміндегі жарыстарға барғанда бапкерлер көріп, өзге өңірлерге де тарала бастады. Бұл жас тоғызқұмалақ шеберлеріне өте керек әдістемелік құралдар,  — дейді бапкер жігіт.

Мұны фанатизм дейсіз бе, патриотизм дейсіз де, ішіңіз білсін. Тек бір білеріміз, ұлттық мүдде, ұлттық құндылықтар үшін өзегі өртеніп, жүрегін жұлып беретін мұндай азаматтар қазаққа ауадай керек! «Рухани жаңғыру», «Ұлттық код» дегеніңіз бойымызға осылайша орнайды емес пе?! Ендеше, Сайлан бауырымыздың ізгі бастамасы билік тарапынан нақты қолдау-көмек күтеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
Билік түзелмей, ел түзелмейді
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:25
«Қара пимадан» «ақ макасиге» дейін
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 26.01.2022, 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48