Өзбек озып барады...

Қазақстан билігі ақшаны әлі далаға шашуда

Әділ АҚЫЛБАЙ

09.03.2021, 17:38

3832

    Қазақстанмен салыстырғандай болып, Өзбекстанды мақтау – біздің билікті табалау мен қазақ элитасын сынауға ыңғайлы тақырыпқа айналғалы қашан.

     Өйткені Қазақстан 3 миллиард долларға атышулы ЭКСПО өткізіп, 1,5 миллиард долларға түк пайдасы жоқ ЛРТ құрылысына кірісіп, Еуропа мен ТМД-дағы ең үлкен мешіт саламыз дегендей, қаптаған даңғаза жобаларымен шамамен 161 миллиард доллар қарызға батқанда, көрші Өзбекстан бізден оза бастады. Өзбектер іс жүзінде Орталық Азия өңірінің көшбасшысы атануға жақын тұр.

                                  Өзбектер не істеп жатыр?

      Қазақстандық филолог және публицист Дастан Елдесовтің айтуынша, Өзбекстан қазір «Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржол құрылысы жобасына тас-түйін дайын отыр. Бұл теміржол Өзбекстанды Пәкістанмен байланыстырып, Үнді мұхитындағы порттарға тауар жеткізуге жол ашады. Бұл жобаның өте ұтымды екенін байқап, оны қазір Ресей, Қытай мен АҚШ қолдай жөнелді. Төрт елдің өкілдері күні кеше Ташкентте кездесіп, оның қорытындысы бойынша өңір дамуының тың парадигмасы іске қосылды дей беріңіз.

       Орталық Азия мен Оңтүстік Азияның арасын жалғайтын Ауғанстан енді кезекті әскери қақтығыстың емес, өзара тиімді өңіраралық қатынас символына айналып келеді. Ауғанстан арқылы өтетін дәліз Орталық Азия елдері үшін әлеуеті өте зор Оңтүстік Азия нарығына жол ашады. Бұл бұрын-соңды болмаған жаңа әрі қысқа жол. «Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржолы іске қосылғасын Оңтүстік Азия елдері Орталық Азия, ТМД және Еуропаға жүк жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартады. Мәселен, бұл жоба толық жүзеге асырылған соң, Пәкістаннан Өзбекстанға тауар жеткізуге бұрынғыдай 35 күн емес, небәрі 3-5 күн жұмсалатын болады. Жолға кететін бір айлық мерзім енді аптаға жетпес уақытқа дейін қысқарады. Осылай екен!

     Орталық Азия елдері, ТМД мен Ресейдің теміржол арқылы Пәкістан порттарына шығуы халықаралық сауда-саттықты жандандыруға зор мүмкіндік ашады. Бұл ТМД мен Шығыс Еуропа, Иран мен Түркия, Қытайдың теміржолдарын Пәкістан мен Үндістан теміржолымен байланыстыратын Ауғанстандағы алтын көпір болмақ.

     Айтпақшы, жаңа теміржолдың бойымен жоғары вольтты электр қуатын жеткізу желілері – «Сурхан – Пули-Хумри» және CASA-1000 деген жобалар жүзеге асырылады. «Сурхан – Пули-Хумри» электр желісінің құрылысы Өзбекстаннан Ауғанстанға электр қуатын жеткізуді бірден 70 пайызға көтереді – жылына 6 млрд кВт/с-қа дейін. Бұл жобаның құны – 150 миллион доллар, оның 118 миллионын Ауғанстан тарапы Азия даму банкінен алатын несие арқылы салады. Өзбекстан тарапынан салынатын инвестицияның сомасы 32 миллион долларды құрамақ.

      Құдай қаласа, «Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржолының құрылысы алдағы 5-6 жылда аяқталады деп жоспарлануда. Жобаға 5 миллиард доллар жұмсалмақ. Қашықтығы 573 шақырымдық магистраль арқылы жылына 20 миллион тонна жүк тасымалдауға болады.

      Осылайша Өзбекстан айқай-шусыз-ақ бір қолымен өз экономикасының мүддесін күйттей отырып, екінші қолымен бейбіт өмірге бет бұрғызу арқылы Ауғанстан проблемасын шешіп отыр.

Тегтер: саяси элита саясат. пікір. пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 15:09
Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?
Сайт әкімшілігі 13:29
Керделі ауылына көгілдір отын берілді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 09:04
Шонжыны шоңқитқан Тохтасунов Оралды да оңдырмапты
Сайт әкімшілігі 25.10.2021, 11:02
Бала тууға тағайындалатын жәрдемақыны Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн рәсімдеуге болады
Бифат ЕЛТАЕВА 25.10.2021, 09:07
Аралас некенің бәрі бақытты бола бермейді
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 09:06
Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01