Өзбек президенті мұғалімдерге көше тазалатқан шенеуніктерді қызметтен қуады

17.04.2018, 16:34

154

Өзбекстан Президенті Шавкат МИРЗИЕЕВ мұғалімдерді күштеп көше сыпыртатын шенеуніктерді қызметтен қуатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының пікірінше педагогтарды ауыр жұмысқа жегу дұрыс емес. Бұл туралы zhasalash.kz kaktakto.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент бұл сөзді Самарқанд облысындағы жас мұғалім Диана ЕНИКЕЕВАНЫҢ өліміне орай айтты. Оны жол бойын тазалап жатқан кезінде КамАЗ қағып өлтірген. 13 сәуір күні Сырдария облысы, Сайхунабад ауданы белсенділерімен кездескен өзбек басшысы бұл қазаға өзінде кінәлі сезінетінін айтқан еді. Сондай-ақ президент мемлекеттік мекеме (дәрігерлер, мұғалімдер т.б) қызметкерлерін өзінің жұмысынан тыс шаруаларға шегетін  шенеуніктердің халық ықласына лайық еместігін атап өтті. «Мен қандайда бір өңірге барғанданда бәрінен хабардар боламын. Маған бір күн бұрын барлық ақпаратты береді. Алайда, жағымды әсерде қалдырғылары келіп көзбояшылыққа салынғандарын білдіріп қояды. Шынымды айтсам, бұның бәрі сондай ыңғайсыз. Мені жиіркендіреді. Мұғалімдерге көшелерді тазалату мені алдау ғана емес, саясатымызға жасалған сатқындық», — деді президент Мирзиёев.

Фото:uzlidep.uz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31