02.05.2020, 06:46
85
Сырдарияоблысына қарасты Сардоба су қоймасының бұзылуына байланысты Түркістан облысына қарасты Мақтааралауданының әкімі Бақыт Асанов төтенше жағдай жариялауға тапсырма берді.
Өзбекстан ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, сағат 20:15 шамасында«Сардоба» су қоймасы Қазақстан Республикасы аумағына су ағызудытоқтатқан.
«Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі шұғыл штаб құрды.Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің құрамы мен Мақтааралауданы әкімдігінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», — депхабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс елді мекені, Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс, Нұрлы жол елді мекендерін су басу қаупітуындап, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуциялау үшін аудан орталығыМырзакент кентінде орналасқан «Мырзакент» мектеп гимназиясында 600орын, «С.Рахымов» атындағы жалпы орта мектепте 700 орын, «Пушкин»атындағы жалпы орта мектепте 400 орын, «Абылайхан» атындағы жалпыорта мектепте 500 орын дайындалды.
Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабыныңтөрағасы Бақыт Асановтың төрағалығымен 2 мамыр күні түнгі 00:00-де штабмүшелерімен арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жариялауға тапсырма берілді.
Қазіргі таңда Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс елдімекенінің тұрғындары қауіпсіз жерге жаппай көшіріліп жатыр, деп толықтырдыбаспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрлігініңбаспасөз қызметі ағын су Сардоба ауданындағы Қорғантөбе ауылының біршамабөлігін басып қалғанын хабарлады.
Ресми дерек бойынша 11,5 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жергекөшірілді. Су негізінен егіс алқаптарына зиян келтірген.
Сардоба су қоймасының биіктігі12 – 15 метр. Қойма қыстақар, мұз жинап сақтап, жазда ауыз суға пайдалану үшін және ыстық күндеқұдықтағы судың жылымауы үшін жасалған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР