Өзін-өзі өртеуге не себеп?

Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ

01.10.2021, 14:35

688

Өзін-өзі өртеу – адамның ерікті түрде өзін өртеуі арқылы жүзеге асырылатын қарсылық немесе суицидтің бір түрі. Көп жағдайда аталмыш әрекет халық көп жиналатын орындарда іске асырылады. Халық алдында өзін өртеу кезінде айналасындағы адамдар өртті өшіруге тырысып бағады, сегіз жағдайдың бірінде ғана жануды тоқтату мүмкін болады. Осыған қарамастан, өзін өртеуге талпыныс жасаған адам тек 30 пайыз жағдайда ғана тірі қалады, бұл өзіне қол салудың мұндай әдісі үшін өте төмен ықтималдық мөлшері болып саналады. Өзін-өзі өртеу – өте азапты және сирек қолданылатын адамның өзіне қол салу әдістерінің бірі.

Заңға сәйкес, прокуратура адамдардың өздерін өртеумен қорқыту әрекеттеріне жауап қатуы тиіс. Қазіргі таңда прокуратура – ашынған адамдар заңның сақталуы мен әділдікті талап етіп шағымданатын жалғыз орган. Алайда прокуратура – бұл мемлекеттік биліктің бір бөлшегі, мұнда да жемқорлық, жауапкершіліксіз қарау, бюрократизм өршіп тұр. Адамдар өзіне қандай да бір назар аударту үшін жұрт алдында тамырын кесіп не үстіне бензин құйып өртеп, немесе жоғары вольтты линия, немесе кранға шығып алу тәрізді әрекеттерге баратын болған.

Жайдан-жай ешкім өмірімен хош айтысқысы келмейді. Адамдарды ерікті азапты өлім жолын таңдауға не итермелейді?

Мәселен, 2009 жылы мамырда Атырау облысы прокуратурасы ғимаратының кіреберісінде Ақжар поселкесінің 52 жастағы тұрғыны Қабидолла Шолақов 18 жастағы ұлына қатысты тергеудің қорытындыларына қарсы наразылық белгісі ретінде өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Қабидолла Шолақов күйіктен ауруханада көз жұмды, ал оның ұлын сот кейін ақтады.

2012 жылы Светлана Тұрғанбаева Алматы шетіндегі жалғыз үйін сот орындаушыларынан қорғаймын деп, өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Әйелінің артынан сот пен прокуратураның табалдырығын тоздырып жүріп,    төрт жылдан соң ауыр науқастан күйеуі Зейіш Қоржымбаев та көз жұмды.

2015 жылы 56 жастағы Түркістан тұрғыны үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген. Өрт салдарынан үшінші деңгейлі күйік шалған. Өзін-өзі өртеуге қаржылық қиындықтар себеп болған. Ол банктен алған несиесін қайтара алмай, тығырыққа тіреліпті.

2020 жылдың маусымында 28 жастағы Орал тұрғыны прокуратура жанында өзін-өзі өртеді. Қайғылы жағдайдың алдын алу қолдан келген. Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода ер адам тәртіп сақшыларының әрекетіне наразы. Ол үнемі полицияға шақырылып, жасамаған қылмыстары үшін айыпталатынын атап өтті.

Жоғарыда келтірілген мысалдарға қарап отырып адамдардың өзін-өзі өртеп жіберуіне сот шешімдерінің әділетсіз болуы, жалғыз баспанасынан күштеп көшіріп жіберу, несиесін өтей алмау сынды жайттар себеп  болатынына көз жетеді.

Шолпан Әкімова,  психолог:

–Өзіне-өзі қол салу немесе денесіне зақым келтірудің барлық түрі – бұл әрқашан да қарсылық белгісі. Өзін өртеуге барған немесе осы әрекетпен қорқытатын жандардың барлығы да шын мәнінде өлгісі келмейді. Олар биліктің өз дауыстарын естігенін қалайды. Олардың әрекеттері – бұл жанайқай.

Осы уақытқа дейін өзіне-өзі қол салуға барғандардың барлығы да ақыл-есі дұрыс адамдар. Олардың ішінде психикалық сырқатқа шалдыққандар болған жоқ. Олай болса не себепті саналы түрде адамдар осындай жантүршігерлік жолмен өзін құрбан етеді? Қандай нәтижеге қол жеткізгісі келеді? Бұл – айтарлықтай күрделі мәселелердің бірі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АРЫҚБАЙ 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31