Парамен сотталған генералдың інісі Қазақфильмге басшы болды

13.08.2019, 15:09

9

Тамыздың 9-нан бері «Қазақфильм» киностудиясы басшысызеді. Бақыт ҚАЙЫРБЕКОВТІҢ орнына актер, продюсер Арман АСЕНОВ келді. Мәдениетжәне спорт министрінің орынбасары Нұрқиса ДӘУЕШОВ «Қазақфильм» ұжымына президент міндетін атқарушы болып тағайындалған Арман ТҰРСЫНБАЙҰЛЫНтаныстырды.

1972 жылы Германияда дүниеге келген актер Мәскеуде білімін жетілдірген. Республика сарайы мен Жастар сарайын басқарған. Көрерменге РүстемӘБДІРӘШ түсірген «Қазақ елі» сериалындағы Қобыланды батыр рөлі арқылы таныс. Ондағанкиноға түскен актер «Махамбет» кинокартинасында Түрген батырдың рөлін сомдаса, «Әбілқайырхан» да Жанарысты экранға алып шыққан. Сондай-ақ, ол «Десант», «Возвращение в А»киноларында әскерилердің бейнесін сомдайды. «Возвращение в А» кино туындыдаауған соғысының ардагері Борис КЕРІМБАЕВТЫ ойнайды. Айтпақшы, Арман Асеновтыңтуған ағасы әскери болған. Алайда, соттың шешімімен әскери шенінен айрылған.

Актердің ағасы қырықтың ішінде генерал шенін алған еді. Қорғаныс министрлігіндегі басқармалардың бірін басқарды. Генерал-майорАлмас АСЕНОВ 2013 жылы 11 жылға сотталды. Қатаң режимдегі колонияға түскенгенерал бар-жоғы үш жылдан кейін бостандыққа шығып кетті.

Алмас ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ 200 мың АҚШ доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған-ды. Олукраиндық «Укрспецэкспорт»компаниясының басшыларынан «откат» алған. Сонымен қатар, украиналықазаматтар Александр ШКОЛЯРЕНКО мен Александр ХРУЛЕВ та істі болған еді. Алмас АсеновҚорғаныс министрлігінде қару-жарақты сатып алу, жаңарту және есептен шығаруістерімен айналысқан.

Коллаж: zhasalash.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39