Парламент үш жылға арналған бюджетті қабылдады

Сайт әкімшілігі

23.11.2022, 14:49

505

Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерін келісті, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин:

«Сенат жалпы сомасы 71,8 миллиард теңге болатын 57 түзету енгізді, оның ішінде 2023 жылы — 30 миллиард теңге, 2024 жылы — 29 миллиард теңге, 2025 жылы — 12,8 миллиард теңге. Бұл шығыстар жолдарды дамытуға, халықты ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сенат енгізген түзетулер республикалық бюджет жобасы параметрлерінің теңгерімін бұзбайды және экономиканы одан әрі тұрақты дамытуға және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті „2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы“ Қазақстан Республикасы заңының жобасына ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды келісу туралы ұсыныс жасады», — деп мәлімдеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 16:12
Ертеңнен бастап жазғы доңғалақпен жүргендер жазаланады
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 15:07
Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын жеп отыр
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 10:54
Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43