Павлодар облысы әкімінің портреті 31 миллионға сатылды

26.12.2019, 18:04

8

Павлодар облысыәкімінің портреті 31 миллионға сатылды. Бұл жөнінде Tengrinews.kzбасылымы хабарлады.

Әлеуметтікжелілерде Болат БАҚАУОВТЫҢ портреті аукциянда сатылып жатқандығы бейнеленгенвидеоролик тарады. Бейнероликте КВН жұлдыздары Тұрсымбек ҚАБАТОВ пен ЯрославМЕЛЕХИН әкім суретін аукцион арқылы саудалайды. Онда портретке беріліп жатқан сомма28 миллион теңгеге жеткен сәтте видео аяқталады.

Кешті жүргізгенЯрослав Мелехиннің сөзінше, олар шын мәнінде осындай кешті жүргізген және әкімпортреті ақыр соңында 31 миллион теңгеге сатылған.

«Ол жерде әкімнің ғана портреті болған жоқ. Кітаптар,жергілікті суретшілердің кртиналары, бокс перчаткалары болды. Бұның барлығықайырымдылық аукционы аясында өтті. Түскен қаржының барлығы Павлодароблысындағы зағип жандарға көмек ретінде берілді. Ол жерде әртүрлі баға болды.Нақты айтқанда бұл портрет 31 миллион теңгеге сатылды», — деді кеш жүргізушісі.

Аймақ басшысыныңбаспасөз хатшысы Ерлан Сейітахметтің айтуынша, аукцион 25-ші желтоқсан күніөткен қайырымдылық баллы аясында болған.

«Лоттарды суретшілер ұсынды. Олардың ішінде 20-ға жуықкартина, «Ертіс» командасының қолы қойылған футбол добы және ағаш шоқпар бар.Біз аукционнан 52,2 миллион теңге алдық. Оның ішінде 30 миллион картиналарданкелді», — деді Сейітахмет.

Бұдан бөлек, олаукционда облыс әкімінің портреті сатылғандығын растады. Оның айтуынша, бұлпортретті Болат Бақауовқа Ауған соғысының ардагерлері сыйлаған. Бірақ баспасөзхатшысы суреттің 31 миллионға сатылғандығын растамады.

Әкімдікмәліметінше, аукционнан түскен қаржының барлығы Қазақстан зағип жандарқауымдастығының оқу-өндірістік кәсіпорнына аударылады.

Фото: Tengrinews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39