Павлодар облысында автобус аударылып, екі бала қаза тапты

Сайт әкімшілігі

19.09.2022, 10:58

2082

Павлодар облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, екі бала қаза тапты. 

Облыстық полиц ядепартаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға туралы хабарлама «103» пультіне сағат 00:29-да түскен. Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға құлап кеткен.

«Оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігі мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Бірінші болып  Қалқаман ауылынан жеткен жедел жәрдем науқастарды қарады. Өкінішке қарай, алты және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында көмек көрсетілді», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметінде.

Түрлі жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілді. Екі аурухананың қабылдау бөлімдеріне науқастардың көптігі туралы алдын ала хабарланған.

Оқи отырыңыз: «Жаңа Қазақстан» емес, «Тас дәуірі» тәрізді...

Жол азабы азая ма?

Ауыл клубында оқып жүр, талай қазақ баласы...

Тегтер: жол апаты автобус төтенше жағдай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 30.09.2022, 08:50
Билік халыққа жау ма?!
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.09.2022, 08:48
Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 29.09.2022, 16:05
Бөкейхан ауданында Әлиханды еске алу неге ұмыт қалды?
Сайт әкімшілігі 29.09.2022, 15:15
ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ
Сайт әкімшілігі 29.09.2022, 10:51
БҚО Үйлестру кеңесінде шекарадағы ахуал талқыланды
Сайт әкімшілігі 28.09.2022, 16:20
«ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37